А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет133/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Құрсақ қуысының веналары қанды екі веналы магистральдарға – 
каудальды қуыс және қақпалық веналарына бөлінеді.
Азық қорыту мүшелерінен және көкбауырдан вена қаны қақпалық венаға 
(v.portae hepatis) жиналады. Қақпалық вена бауырдың қақпасы арқылы бауырға 
еніп, бөлікаралық веналарға(vv.interlobularis), олар өз кезегінде бауыр 
бөлікшелерінің қан капиллярларына айналады. Бауыр бөлікшелерінің 
орталығында қан капиллярлары бір-бірімен қосылып, бауыр бөлікшесінің 
орталық венасын(v.centralis) құрайды. Орталық веналардан вена қаны 
бөлікшеасты веналарға(vv. sublobularis) өтеді. Бөлікшеасты веналар бауырдан 
вена қанын алып шығатын бауыр веналарын(vv.hepaticae) түзеді. Бауыр 
веналары вена қанын каудальды қуыс венаға құяды. 
Каудальды қуыс венасы – дененың артқы бөлігінен қанды жинайды. 
Қақпалық венасы —v. Porta — сиырлардың он екі елі ішек венасында 
түзіледі, ол өз кезегінде краниальды асқазан асты- он екі елі ішек венасы мен 
жалпы бағанды оң асқазан мен оң асқазан-майлы венасынан түзіледі. Содан 
кейін, қақпақша венасына сол асқазан-көкбауыр венасы мен жалпы қатпаршақ 
венеасы құйылады. Жалпы қатпаршақ венасы келесі веналардың қосылуынан 
пайда болады:


204 
1) асқазан асты үлкен венасынан; 2) каудальды асқазан асты – он екі елі ішек 
венасынан; 3) сол жақты доға венасында басталатын орташа доға венасынан; 4) 
мықын-соқыр ішекті доғалы баған мен 5) ішек бағанынан. 
Ерекшеліктері: шошқалардың қақпақша венасына, сиырдың вена 
тармақтарына ұқсас тармақтар кіреді. Тек қосымша түрде: краниальды асқазан 
венасы құйылады. Жылқыларда қақпақша венасына келесі веналары арқылы 
қан құйылады:
1) көкбауыр, 2) краниальды қатпаршақ және 3) каудальды қатпаршақ. 
Сонымен қатар, қақпақша венасына асқазан-он екі елі ішек венасы мен 
краниальды асқазан венасы құйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет