А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет134/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Жамбас қуысының вена тамырлары мен оның топографиясын атаңыз 
2 Артқы аяқ вена тамырлары мен оның топографиясын атаңыз 
3 Құрсақ қуысының вена тамырлары мен оның топографиясын атаңыз 
19 Лимфа айналым жүйесі 
19.1 Бастың, мойынның, алдыңғы және артқы аяқтың лимфа түйіндері 
Сабақтың мақсаты: Бастың, мойынның, алдыңғы және артқы аяқтың лимфа 
түйіндерін игеру 
Лимфа айналым жүйесі қызметі мен құрылысы жағынан қан айналым 
жүйесі мүшелерімен тығыз морфологиялық байланыста болады. Себебі, бұл 
жүйе ұлпалар мен мүшелерде, олардағы зат алмасу процесі кезінде қаннан, оны 
қоршаған ұлпаға сүзіліп шыққан ұлпа сұйығынан басталып, соңында 
организмнен лимфаны жинайтын ірі лимфа өзектерінің (оң лимфа бағаны, 
көкірек өзегі) алдыңғы қуыс венаға құйылуымен аяқталады(cурет 57). 
Лимфа түйіндері жануарлар организмдеріндегі дене аймақтарындағы 
орналасу 
орындарына 
байланысты 
топтасып, 
лимфа 
орталықтарын(lymphocentr) құрайды. Организмдегі олардың жалпы саны — 
19. 
Баста шықшыт, төменгі жақ және екі жұтқыншақ арты лимфа түйіндері 
орналасқан. 
Шықшыт лимфа орталығы (околоушной лимфоцентр) — lymphonodus 
(ln., lnn.) parotideus— самай-төменгі жақ буынынан төмен, шықшыт сілекей 
безінің астыңғы жағында орналасады. Бұл орталық беткей және терең лимфа 
түйіндерінен тұрады. Шықшыт лимфа орталығы лимфаны бас аумағынан 
жинап, жұтқыншақарты латеральды лимфа түйініне қарай өткізеді. 


205 
Төменгі жақ лимфа орталығы (нижнечелюстной лимфо- центр) — ln. 
mandibularis— төменгі жақаралық кеңістікте, төменгі жақ сүйектің тамырлы 
ойығының артқы жағында, төменгі жақ сілекей безінің алдында орналасады. 
Лимфаны бас аумағының терісінен, бұлшық еттерінен және басқа мүшелерден 
жинап, жұтқыншақарты лимфа түйініне немесе мойын лимфа түйіндеріне 
өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет