А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


Краниальды шажырқай лимфа орталығы



Pdf көрінісі
бет141/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Краниальды шажырқай лимфа орталығы — lс. mesentericum cranialis— 
ащы және жуан ішектердің шажырқайларында орналасқан лимфа түйіндерін бір 
топқа біріктіреді. 
Краниальды шажырқай лимфа түйіндері(lnn. mesenterici craniales) — құрсақ 
қолқасынан краниальды шажырқай артериясының ажырайтын тұсында 
орналасады. Бұлар лимфаны бел цистернасына өткізеді. 
Аш ішек лимфа түйіндері(lnn. jejunales) аш ішек шажырқайында орналасады. 
Бүйен лимфа түйіндері(lnn. caecales) ірі жануарларда жақсы жетілген.Жылқыда 
латеральды, медиальды және дорсальды болып топтасып жатады. Латеральды 
және медиальды түйіндердің саны 1000-нан 1400-ге дейін жетеді. Олар бүйен 
таспасын бойлай орналасады. Дорсальды түйіндердің саны — 4-18. Күйіс 
қайтаратын жануарлардабұл түйіндер бүйен мен мықын ішек аралығында
шошқадааш ішек шажырқайында жатады. Иттеболмайды. 


212 
Тоқ ішек лимфа түйіндері(lnn. colici) тоқ ішек шажырқайында орналасады. 
Каудальды шажырқай лимфа орталығы— lс. mesentericumcaudaleтоқ 
ішектің соңғы бөлігі мен тік ішек лимфа түйіндерін, жылқыда бұларға қоса кіші 
тоқ ішек пен қуықтың лимфа түйіндерін біріктіреді.Каудальды шажырқай 
лимфа түйіндері(lnn. mesenterici caudales) аттас артерияны бойлай, шажырқайда 
орналасады.Тікішек лимфа түйіндері(lnn. rectales) тік ішектің жоғарғыбетінде 
жатады. Артқы тесік – анустың лимфа түйіндері (lnn. anales) тері астында, 
анустан жоғары орналасқан. Ерекшеліктері: Жылқыда лимфа түйіндерінң 
мөлшері 3,0-12,0 мм, саны – 3-16; сиырда бұлардың мөлшері 0,3-0,5 см-ге дейін 
жетеді. Ұсқа малдарда мен шошқада бұл түйіндер майда болып келеді, олар 
анустың екі қапталында жатады.
Бақылау сұрақтары: 
1 Құрсаққуысының лимфа түйіндерін атап беріңіз 
2 Жамбас қуысының лимфа түйіндерін атап беріңіз 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет