А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет137/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Шаптың беткей лимфа орталығы (поверхностный паховой лим- 
фоцентр) — lnn. inguinales superficiales — жануарлардың жынысына 
байланысты түрліше орналасады. Еркек жануарларда құрсақ қабырғасының 
вентральды бетінде, жыныстық мүшенің бүйірінде, ал ұрғашы жануарларда 
желіннің жоғарғы жағында, тері астында орналасады. Бұл орталық лимфаны 
сыртқы жыныс мүшелерінен, желіннен жинап, сыртқы мықын түйініне 
өткізеді.Ерекшеліктері. Айғырда лимфа түйіндері енбаудың маңайында 
шоғырланып, екі лимфа түйіндерінің тізбегін түзеді.
57 - сурет. Жылқының лима айналым жүйесі 
 
Шаптың терең лимфа түйіндері (глубокие паховые лимфатические 
узлы) — ln. inguinalisprofundus— құрсақ қабырғасының медиальды бетінде
сыртқы мықын артериясынан терең сан артериясы ажырайтын тұста 
орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны құрсақ бұлшық еттерінен, артқы аяқтан 
және несеп-жыныс мүшелерінен жинап, мықынның медиальды лимфа түйіндері 
мен бел цистернасына өткізеді.Ерекшеліктері.Жылқыда16-25 түйіннен 
құралған, ұзындығы 8 - 12 см лимфа түйіндерінің тізбегі сан және терең сан 
артерияларының аралығында, сан өзегінің бастапқы бөлігінде орналасады. 
Қалған жануарларда бұл түйіндер тұрақты кездеспейді. 
 


208 
Бақылау сұрақтары: 
1 Бастың лимфа түйіндері мен оның топографиясын атаңыз
2 Мойынның лимфа түйіндері мен оның топографиясын атаңыз 
3 Алдыңғы және артқы аяқ лимфа түйіндері мен оның топографиясын атаңыз 
 
19.2 Көкірек қабырғасы мен қуысы мүшелерінің және құрсақ пен жамбас 
қабырғаларының лимфа түйіндері 
Сабақтың мақсаты: Көкірек қабырғасы мен қуысы мүшелерінің және құрсақ 
пен жамбас қабырғаларының лимфа түйіндерін игеру 
 
Дорсальды көкірек лимфа орталығы - lc. Thoracicum dorsale 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет