А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН



бет5/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Жұмыстың мақсаты: Түрлі ұнтақ тәрізді құрылыс материалдарының гидрофобтығын және оларға гидрофобты қоспалардың әсерін анықтау.
Қондырғылар мен материалдар: стакан, құрғақ шыны немесе металл платсинка, бір бет қағаз және техникалық таразы;
Зерттелетін материалдар: цемент, әк, ұнтақталған құм, ұнтақталған шлак, саз, күкірт;
Гидрофобтаушы қоспалар: мылонафт, олейн қышқылы, синтетикалық май қышқылдары.
Жұмыстың барысы:
Ұнтақтардың гидрофобтығын анықтаудың 1 әдісі.
Өлшегіш стаканға су құйып дайындалған үлгілерден (2-3г) ыдыстың қабырғасына тимейтіндей етіп саламыз. Егер материал гидрофобты болса, ол судың бетінде жұқа қабықша түзеді, гидрофильді болса сумен араласып, ериді немесе тұнбаға түседі.
Ұнтақтардың гидрофобтығын анықтаудың 2 әдісі.
Зертханада бар шикізаттық материалдар мен құрылыс материалдарынан 5-10г салмақта өлшеп алып, арнайы металл ступкада ұнтақтаймыз. Алынған ұнтақты №0,008 електен өткізеді. Електен өткен материал нұсқаларын алдын ала тазаланып, кептірілген шынының бетіне біртегіс етіп жайып, пипетканың көмегімен бір тамшы су тамызамыз. Гидрофобты материалдың бетінде су тамшысы өзінің пішінін өзгертпей тұрып қалады. Материал гидрофильді болса су тамшысы материалдың бетінде жайылып кетеді.
Ұнтақтардың гидрофобтығын анықтаудың 3 әдісі.
Құрғақ стаканға жартысына дейін ұнтақты салып, оның үстіне ақырындап стакан қабырғасымен біртіндеп су құяды. Гидрофобты ұнтақтармен су араласпайды, 1-2 сағат өткен соң суды құйып алып, ұнтақты қағаздың бетіне төгуге болады, бұл жағдайда ұнтақ құрғақ күйінде қалады. Ал гидрофильді ұнтақтар бұндай жағдайда суды сіңіріп алып, суспензияға айналады.


Қоспалардың материалдың гидрофобтығына әсері
Сыналатын материалдарды гидрофобты қоспалармен (мылонафт, олейн қышқылы, синтетикалық май қышқылдары) бірге ұнтақтау қажет (материал массасының 0,1; 0,3 үлесі мөлшерінде).
Алынған материалдардың гидрофобтығын жоғарыда көрсетілген әдіспен анықтау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет