А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


СӨЖ мазмұны 30: Бастауыш кластың оқытушысының құзіреттілік моделін құру



бет9/16
Дата23.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#8363
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

СӨЖ мазмұны 30: Бастауыш кластың оқытушысының құзіреттілік моделін құру

Әдебиет:


  1. Республиканские научно-аналитические журналы (12-летнее образование, Поиск, Ұлт тағылымы, В мире образования, Вестник, Образование РК и др.)

  2. Сборники научно-практических конференций, посвященных педагогическим проблемам.

  3. Краевский В.В., Хуторской А.В. Основы обучения. – М., 2007

  4. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы // Народное образование. - 2003. - № 2. - С.58-64

  5. Бордовская Н.В. Реан А.А. Педагогика: учеб.- Спб: Питер, 2003

  6. Педагогика: учебное пособие для студентов пед. вузов и колледжей / Под.ред. П.И. Пидкасистого. М., 2001,1998

  7. Сластенин В.А. и др. Педагогика: учебное пособие для студентов пед.уч.заведений и др – М.. 1998, 2002, 2003.

  8. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед. Вузов: в 2 кн. – М., 1999,2000,2001,2003 г.

3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.




п/п

Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Ұғымдар сөздігі

Мақсаты: студенттердің ұғымдық аппаратын қалыптастыру, 12-жылдық мектеп мазмұны мен құрылымы Тұжырымдамасында қолданылатын ұғымдардан сөздік құру.

ОӘП бойынша дәріс, практикалық, өзіндік жұмыстар барысында ұсынылған әдебиеттер

2,5,6,8,8,10,11,13,14,14 оқу аптасы

1,3 б. *10

Ұғымдар жазылған сөздік

2

Картотека

Мақсаты: студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.

Білім беру мазмұнын жаңарту және қайта қарау мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен басылымдардан картотека құру.



БҚМУ оқу залдары, қалалық кітапханалар, электронды сайттар

1,7 оқу аптасы

1,3 б. *2

Картотека 1.

3

Интеграциялық сабақтың жоспарын құру (1 сабақ)





Мақсаты: студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру. Қоршаған орта бойыншабастауыш кластарда иентеграциялық сабақтың сценарийін құру

«Окружающий мир» учебно-методичский комплекс Муханбетжанова А.М., Хайруллина А.Б., Жумагалиева Д.Ш.: 1.Методическое пособие – РИО, Уральск, 2009

2. «Окружающий мир» Оқу программа для уровня начального образования - Алматы: НАО им.Ы.Алтынсарина, 2009.

3.Окружающий мир: Учебник для 1 класса общеобразовательной школы–Алматы: Атамұра, 2009.

4. Окружающий мир: рабочая тетрадь к учебнику для 1 класса начальной школы – Алматы: Атамұра, 2009.

5. Уроки по окружающему миру. 1 класс: Методическое пособие – Алматы: Атамұра, 2009.


4 оқу аптасы

1,3

Интеграциялық сабақтың жоспарын құру

4

Тұлғалық бағдарланған сабақтың жоспарын құру (1сабақ)

Мақсаты: студенттерде проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Қоршаған орта пәні бойынша бастауыш кластарда тұлғалық бағдарланған сабақтың сценарийін құру.



«Окружающий мир» учебно-методичский комплекс Муханбетжанова А.М., Хайруллина А.Б., Жумагалиева Д.Ш.: (см п.3)


6 оқу аптасы

1,3

Тұлғалық бағдарланған сабақтың жоспарын құру

5

Құзіреттілікті бағдарланған тапсырмалар жасау - 1.

Мақсаты: студенттерде проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзіреттіліктерін қалыптастыруға байланысты құзіреттілікті бағдарланған тапсырмалар жасау. (2 тапсырма)



«Окружающий мир» учебно-методичский комплекс Муханбетжанова А.М., Хайруллина А.Б., Жумагалиева Д.Ш.: (см п.3)


10 оқу аптасы

1,3

Құзіреттілікті бағдарланған тапсырмалар

6

Құзіреттілікті бағдарланған тапсырмалар жасау - 2.

Мақсаты: студенттерде проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзіреттіліктерін қалыптастыруға байланысты құзіреттілікті бағдарланған тапсырмалар жасау. (2 тапсырма)



«Окружающий мир» учебно-методичский комплекс Муханбетжанова А.М., Хайруллина А.Б., Жумагалиева Д.Ш.: (см п.3)


11 оқу аптасы

1,3

Құзіреттілікті бағдарланған тапсырмалар

7

Құзіреттілікті бағдарланған тапсырмалар жасау - 3.

Мақсаты: студенттерде проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзіреттіліктерін қалыптастыруға байланысты құзіреттілікті бағдарланған тапсырмалар жасау. (2 тапсырма)



«Окружающий мир» учебно-методичский комплекс Муханбетжанова А.М., Хайруллина А.Б., Жумагалиева Д.Ш.: (см п.3)


12 оқу аптасы

1,3

Құзіреттілікті бағдарланған тапсырмалар

8

Қоршаған орта бойынша құзіреттілікті сабақтың жоспарын құру


Мақсаты: студенттердің білімдерін практикада қолдана білуі. Қоршаған орта бойынша құзіреттілікті сабақтың жоспарын құру

«Окружающий мир» учебно-методичский комплекс Муханбетжанова А.М., Хайруллина А.Б., Жумагалиева Д.Ш.: (см п.3)


13 оқу аптасы

1,3

Қоршаған орта бойынша құзіреттілікті сабақтың жоспарын құру


9

Өзіндік менеджмент

Мақсаты: өтілген курс бойынша өз басатамаларымен студенттердің мүмкіндігінше өзіндік педагогикалық идеясын ұсынуы. Жобаның үлгі тақырыптары:

«Равен Дж. Қазіргі қоғамдағы құзіреттілік»;

«12-жылдық мектептегі білім беру мазмұны»;

«Жалпы білім беру құрылымы мен мазмұнын жетілдіру бойынша эксперимент»;

«Білім берудегі құзіреттілік тұрғы»;

«Білім беру мазмұнын жаңарту».



1.Равен Дж. Компетентность в современном обществе / пер. с англ. М., 2002 2.Содержание образования в двенадцатилетней школе / под ред. Киселева А.Ф. М., 2000

3.Эксперимент по совершенствованию структуры и содержания общего образования / под ред БаранниковаА.В.

М., 2002

4.Краевский В.В., Хуторской А.В. Основы обучения. – М., 2007




6 немесе 15 оқу аптасы

2,8

Жобалық жұмыс



4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


Кітапханада


Кафедрада

Студенттердің

қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


Кітапханада

1

2

3

4

1

2

3

1

Реформы образования в современном мире / Воскресенская Н.М. и др. М., 1995

-

-

-

+

221 ауд.

7 корп


2

Гусинский Э.Н., Турчанинов Ю.И. Современные образовательные теории. М., 2003


-

-

-

+

221 ауд.

7 корп


3

Равен Дж. Компетентность в современном обществе / пер. с англ. М., 2002

-

-

-

+

221 ауд.

7 корп


4

Содержание образования в двенадцатилетней школе / под ред. Киселева А.Ф. М., 2000

-

-

-

+

221 ауд.

7 корп


5

Эксперимент по совершенствованию структуры и содержания общего образования / под ред Баранникова А.В. М., 2002

-

-

-

+

221 ауд.

7 корп


6

Краевский В.В., Хуторской А.В. Основы обучения. – М., 2007


+

-

2

-

-

7

Кукушин В.С. Дидактика: учеб. пособ. М: Высшая школа, 2003

+

-

2

-

-

8

Мухина В. С. Шестилетний ребенок в школе: Кн. для учителя.- 2-е изд., испр. и доп.- М.: Просвещение, 1990


+

-

-

-

-

9

Котова И.Б., Шиянов Е.Н. Философские основания современной педагогики. – Ростов-на-Д., 1994

-

-

-

-

-

10

Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. –М., 1998

-

-

-

-

-

11

Методологические проблемы развития педагогической науки. / Под ред. Атутова П.Р., Скаткина М.Н., Турбовского Я.С. – М., 1985

-

-

-

-

-

12

Педагогика: учебное пособие для студентов пед. Вузов и колледжей / Под.ред. П.И. Пидкасистого. М., 2001,1998

+

-

90

-

-

13

Сластенин В.А. и др. Педагогика: учебное пособие для студентов пед.уч.заведений и др – М.. 1998, 2002, 2003.

+

-

100

-

-

14

Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед. Вузов: в 2 кн. – М., 1999,2000,2001,2003 г.

+

-

100

-

-

15

Подласый И.П. Педагогика начальной школы. Уч. пособие. – М., 2000

+

-

50

-

-

16

Харламов И.Ф. Педагогика: учебное пособие. – 4-е изд., перераб. и дополн.- М., 2002; 1990

+

-

100

-

-

17

Харламов И.Ф. Педагогика:курс лекций - Минск: Высшая школа,2003

+

-

90

-

-

18

Шварцман К.А. Философия образования и воспитания. – М.. 1989



-

-

-

-

19

Белкин А.С. Основы возрастной педагогики. В 2 частях – Екатеринбург, 2000

+

-

80

-

-

20

Гессен С.И. Основы педагогики:учеб.- М: Школа-Пресс,1995

+

-

80

-

-

21

Бордовская Н.В. Реан А.А. Педагогика: учеб.- Спб: Питер, 2003

+

-

100

-

-

22

Ньюкомб Н. Развитие личности ребенка: учеб.-8-е изд.- СПб: Питер,2003

+

-

30

-

-

23

Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания: учеб.- М: Академ., 2000

+

-

5

-

-



5. Дәрістік кешен

Дәріс 1
Тақырып: Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі сұраныстарына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту

1. Дүние жүзінде және Қазақстанда білім берудің даму тенденциялары

2. Тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің өзекті және перспективті қажеттіліктеріне сәйкес білім берудің қазіргі сапасын қамтамасыз ету.

Өткізілу формасы: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегиялары
Қазақстанның жаңа білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытуға, оның қабілетін басқаруға және үнемі жаңарып отыратын ақпаратты өзбетімен меңгеруге деген қажеттілік оқытудың дәстүрлі тұрғысын қайта қарастыруды талап етуде. Қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті – ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында, 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу» деп көрсетілген.

Тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылдық даралығын дамыту, баланың бар мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру білім беру жүйесінің басты бағыттары. Оны біз Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасынан көре аламыз: «Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған білікті көзқарас жоқ. Мектепте оқу оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен перспективаларын таңдауына нақты дәлелдемелер бермейді .... Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12-жылдық жалпы білім беретін мектеп жағдайында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды, тұлғаны әлеуметтендіруді, бейіндік оқытуды, көп тілділікті, қамтамасыз ету арқылы мүмкін болады.

Демек, жаңа мазмұндағы білім әлемдік білім кеңістігіне еніп, отандық сапалы білімді әлемдік кеңістіктегі біліммен бәсекелестік деңгейіне жеткізуді көздейді. Осыған орай, қазіргі отандық педагогикалық қоғам білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттерін жүзеге асыруда.

Жүргізіліп отырған зерттеулер нәтижесі бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың (тек олар ғана емес) жеке бiлiмдерiн практикада қолдана алмайтындығын, дүние туралы ұғымдарды, олардың жүйесiн талдай, қорытынды жасай бiлмейтiндiгiн, бiлiмдi жаңа жағдайға көшiре алмайтындығын байқатады. Бұл бастауыш сынып оқушыларында өзiндiк және жүйелiк ойлаудың қалыптаспағандығының дәлелi. Сонымен, құзыреттілікке бағытталған жалпы орта білім берудің негізгі міндеті – әлеуметтендіру құндылықтарын басшылыққа ала отырып, оқушыға өзін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзіреттіліктерді қалыптастыруға және қолдануға жағдай жасайды.

Ал, қазіргі көзқарастарға сәйкес оқыту үрдісінің мазмұны тұлғаны жеке өмірінің, өзіндік білім мен тәрбиесінің субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталып, дамытушылық, іс-әрекеттік, тұлғалық бағдарлы тұрғыдан қарастырылуы өзекті мәселе болып танылады. Аталған идеяларды жүзеге асыру білім берудің жаңа моделін оқыту үрдісіне енгізу арқылы мүмкін болатындығын дәлелдеп отыр.

Бастауыш деңгейде білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін терең зерделеуді қажет етеді. Ғылыми-педагогикалық еңбектерде бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру (Ю.К.Бабанский, И.П.Подласый, т.б.), бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері (Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин, т.б.), бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау (А.Калашникова, т.б.), оқыту технологияларын қолдану (В.П.Беспалько, М.В.Кларин, С.Н.Лысенкова, В.М.Монахов, В.Ф.Шаталов, т.б), тұлғалық-бағдарлы оқыту және оның негізінде оқушылардың негізгі құзіреттілігін дамыту (В.В.Сериков, А.В.Хуторской, Д.А.Иванов, Е.Я.Коган, т.б.) мәселелері зерттелген.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін жасауда қазақстандық ғалымдар Қ.К.Жампеисова, А.А.Бейсенбаева, Ә.М.Мұханбетжанова, М.Ж.Жадрина, Ү.Б.Жексенбаева т.б. зерттеулері 12-жылдық мектептің жаңа жүйесін жасауда ерекше маңызды орын алады.
Дәріс 2

Тақырып: Жалпы білім беру мазмұнын дамыту тенденциялары

1. 12-жылдық жалпы білім беруге көшу детерминанттары

2. 12-жылдық жалпы білім беру мектебінің құрылымы


  1. 12-жылдық жалпы білім беруге көшу детерминанттары

Еуропа кеңесі декларациясына сәйкес (1992) әлемдік практикада 12 жылдық жалпы орта білім беру басымдыққа ие, оны әлемнің 216 елінде таниды, мойындайды. Бұрынғы кеңес елінің ішінде 12 жылдық оқытуға Балтық жағалауы мемлекеттері, Малдова, Беларусь, Украина мен Өзбекстан, ал 2000/2001 оқу жылынан бастап Ресей Федерациясы көшті. 1784 жалпы білім беретін мектепте 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу бойынша кең көлемдегі эксперименттік жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Лиссабон конвенциясына қол қойып кейін Еуропалық білім кеңістігіне ықпалдасудың құқықтық негізін қалады. Бұл жалпы орта білім беру деңгейінде мектептерде 12 жылдық оқытуға көшуді көздейді.

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделі дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуде және әлемдік білім беру кеңістігіне тезірек кіруді қамтамасыз етуде жатыр. Орта білім беруді ұйымдастыру мен құрудың әлемдік тәжірибесін талдай келіп, көптеген елдерде, ең алдымен жастарды әлеуметтік қорғау мақсатында 12 жылдық және 13 жылдық білім берудің жүзеге асырылып жатқанын айтуға болады. Мысалы, Францияда, Испанияда, Польшада, Жапонияда, Литвада, Латвияда, Эстонияда, Молдовада оқушылар – 12 жыл, Италияда, Швецияда, Германияда 13 жыл оқиды. Тұтастай алғанда әлем елдерінің жиырма пайызына жуығы толық орта білім берудің 10-11жылдық мерзімін сақтап қалып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім берудің бағдарламасын біздің оқушыларымыз 11 жыл ішінде меңгереді.

12 жылдық білім беру жағдайында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі мақсаты болып саналатын құзіретті, интеллектуалды және рухани дамыған тұлғаның қалыптасуына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға дайын тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады.

12 жылдық жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері әрбір білім алушыға төмендегі мүмкіндіктерді беру:



  • Қазақстан Республикасының азаматының құқықтары мен міндеттерін білуі, сақтауы;

  • өзінің одан әрі кәсіби білімі мен қызметіне негіз болатын, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті саналы білім алуы;

  • қоршаған әлемде – табиғат құбылыстары, адам мен қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінде бағдар табуға мүмкіндік беретін қазіргі дүниенің ғылыми бейнесінің негіздерін меңгеруі;

  • өзінің білімдік әрекетін тиімді жоспарлауды ұйымдастыра алуды, білімді меңгеру бойынша өз әрекетін талдауды және рефлексияны жүзеге асыра алуы.

  • әртүрлі өмірлік ситуацияларда өз бетінше шешім қабылдайтын және әрекет етуі, әлеуметтік жағдайларға баға бере алуы, айналасындағылармен өзара әрекетте өз көзқарасын қалыптастырып және қорғай алуы;

  • өзінің мәдени көзқарасын қазақ және әлемдік мұралар негізінде дамытатын, тұлғаны қалыптастырудағы мәдениеттің ең маңызды қырларын бағалай және түсіне алатын;

  • ұлтына, дініне, мәртебесіне қарамастан басқа мәдениет және көзқарас өкілмерімен құндылық-мағыналық ынтымақтастыққа даяр болуы;

  • қоршаған шындыққа көзқарастар мен сенімдер жүйесі ретінде біртұтас дүниетанымды қалыптастыру, сонымен қатар өзіне, табиғатқа, қоғамға жағымды қарым-қатынасы және соған сәйкес әрекет ету икемділігі;

  • қоршаған ортаны қорғау бойынша әрекеттерге жүйелі қатысу, өзі үшін және қоғамға қажетті салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастыру.

Жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесіне кіреді. Тұлғаның дамуын кезеңдерге бөлу, әртүрлі жас кезеңдеріне сәйкес (кіші мектеп жасы, орта мектеп жасы, жоғары мектеп жасы) іс-әрекет түрлерінің жетекші типологиясы бойынша 12 жылдық білім беру үшін жалпы орта білім берудің үш деңгейі белгіленіп отыр:

  • бастауыш білім беру (1-4 сыныптар 6 жастан бастап);

  • негізгі орта білім беру;

Өскелең ұрпақтың сапалы білімі еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады және оны әлемдегі бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етеді.

Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие болып отыр. Адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі елдің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алатындығы белгілі.

Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі - өзгеріп тұратын әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай өзгертуге игі ықпал ететін тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Баланың дамуына мектеп маңызды роль атқарады. Ол өзіндік таңдау жасауы және дербес әрекеті үшін жауапкершіліктің артқан шағында экономикалық, саяси, дүниетанымдық еркіндік жағдайында баланы өмірге дайындауы тиіс. Оның жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне ықпал ететін балаға қажетті психолого-педагогикалық институттың мектептен басталғаны маңызды.

Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты білім беруде біршама өзгерістер болуда, оның кейбір тұстары ғана емес, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу жүйесі түбірімен өзгеруде. Жоғарыда аталған мәселені шешу мен қайшылықтарды жоюдың тиімді жолдарының бірі – оқушының өмірінде маңызды роль атқаратын тұлға ретіндегі өсуі мен кәсіби дамуына мүмкіндік беретін білім берудегі тұлғалық әрекет тәсілін енгізу болып табылады. Сондықтан мектеп түлектері өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға дайын болуы, саналы таңдау жасауға, сондай-ақ барлық өмір бойына өмірдегі өзгермелі жағдайларға икемді болуға үйренуі тиіс. Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғышарт болып табылады.

Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешіу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес әзірленген.

Осы стандарт 12 жылдық оқыту мерзімімен Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының нысанына, типіне, түріне қарамастан, оқушылардың міндетті дайындығының минимумын белгілейді.




  1. Жалпы орта білім берудің құрылымы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында 12 жылдық білімнің құрылымы анықталды.

Ол:


  • бастауыш білім – 4 жыл, 1-4 сыныптар аралығы;

  • негізгі орта білім – 6 жыл, 5-10 сыныптар аралығы;

  • жалпы орта білім – 2 жыл, 10-12 сыныптар аралығы.

Мұнда бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланың тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін дамытуға, оқуға деген жағымды уәжі мен икемін қалыптастыруға бағытталған. Мәселен, оқуға, жазуға, санауға, тілдік қарым-қатынасына, өзін шығармашылық тұрғыдан танытуға, өзін ұстау мәдениетін дағдыға айналдыруға арналған.

Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, олардың жеке адамдар арасындағы және этнос аралық қарым-қатынастарда жоғары мәдениеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның өзін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады.

Жалпы орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары бейіналды дайындық пен бейіндік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруға көзделген. Бұл бағдарламалар білім алушыларға оқудың жеке траекториясын таңдауға және алдағы уақытта әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша оқуына педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім беру деңгейлерінің бірі болып табылады және 6 жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдасқан жүйесін көрсетеді.

Жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделінің негізінде кіші мектеп жасы, орта мектеп жасы, жоғары мектеп жасы сияқты жас кезеңдеріне тән жетекші іс-әрекеттер түрлерінің типологиясы болып табылатын негізгі мазмұн және жеке тұлға дамуын кезеңге бөлу жатыр.

Жалпы орта білім берудің жалпы оқу ұзақтығымен үш деңгейі белгіленеді: 12 жыл: 5+5+2





I - деңгей – бастауыш білім беру. (1 - 5- сыныптар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет