Тақырыбы: «Арайлы, алтын күз» күзгі бал кешінің сценарийі (8 10 сыныптар аралығы) Мақсаты



Дата24.04.2024
өлшемі20.4 Kb.
#499737
түріСценарий
алтын күз сценарий


Тақырыбы: «Арайлы, алтын күз» күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)

Мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу.
Көрнекілігі: Билбордтар, шарлар, плакаттар.

(Фанфар) Жүргізуші шығады.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.

Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі балдың» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, бүгінгі алтын күзге қатысушы сыныптарымызды ортаға шақырайық.
8 сынып....................................................
9 сынып....................................................
10 сынып..................................................

Жүргізуші:
Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасымен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа.
Бүгінгі сайысымыздың сарапшылары:

.........................................................................
..........................................................................
..........................................................................

Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың ережелерімен таныстырып өтейік:
1. Таныстырсақ өзімізді (таныстыру)
2. Өнеріміз өрге жүзер (өнер сайысы )
3. Күзгі композиция (күзгі дақылдардан қолөнер, экибана жасау)
4. Пародия немесе дыбыстау
5. Күзгі киім сән үлгісі

Ендеше, дайын болсақ бірінші сайысымыз таныстыруды бастаймыз.
(әр топ өздерін музыка ырғағымен таныстырады)
(Әр сайыс сайын әділқазылар баға беріп отырады)

Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.
(Сахнада өз өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші:
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік күзгі сыйды жасапты,
Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп.

«Күзгі композиция» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырады. Олай болса, топтарымызды өздері дайындаған жұмыстарымен ортаға шақырамыз.




Жүргізуші:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Пародия немесе дыбыстау». Әншіге, жарнамаға, киноға пародия жасауға да кезек келді. Сайыскерлеріміз ортаға өнерлерін көрсетсін.
(Сахнада әр топтан пародия қойылады)

Жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған күзгі киім үлгілерін көрсету үшін «Сән шеру» бөлімін бастауға ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей келе бүгінгі сайсымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазыларға біршама уақыт беріледі!

(Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды)

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіміз осымен тәмамдалды.
Жеңісті күндерде кездескенше, сау - саламатта болыңыздар!


«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Тақырыбы:
«Арайлы, алтын күз»
/8 – 10 сыныптар арасында күзгі балл /

Ұйымдастырушы: Тұрсынбаева Қ.М

2023 – 2024 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет