Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет79/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Сөздік кинестезия - орталық жүйке жүйесінен келген сөздің қозғалыс 
импульстары. 
Сенсорлық жүйе дегеніміз – сырттан келетін әсерлерді сезім мүшелеріне 
жеткізетін; анализдеу, конфронтациялау (қарсы келу немесе төтеп беру) 
және тану қызыметін атқаратын ми бөлігі.
Ситуациялық сөз - өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана 
түсіңікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. 
Сурдопсихология саңырау немесе есту анализаторларында кемістігі бар 
балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейді. 
Тифлопсихология соқыр немесе көру анализаторларында кемістігі бар 
балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейді. 
Олигофренопсихология – ақыл-ойында кемістігі бар балалардың 
психикалық ерекшеліктерін зерттейді. 
Тіл – сананың барлық қасиеттерінің қалыптасуы мен болуының міндетті 
шарты. 
Тіл – тарихи – қоғамдық тәжірибені немесе қоғамдық сананы білдіретін 
ерекше объективтік жүйе. 
Тілдік праксис – қалыптасқан тілдік қозғалыстардың автоматты 
орындалуы. 
Үйрету – жаңа тәжірибенің арқасында қалыптасатын бейімделуші 
өзгерістер. 
Үшінші реттегі интегратор - сөздердің мән-мағынасын және 
қолданылуын, жеке сөздердің қызметін түсіну функциясын атқарады. 
Фонетикалық бұзылулар – бір дыбысты немесе бір топқа жататын 
дыбыстарды айта алмау. 
Экстрорецепторлар - дистанттық (түстер, дыбыстар, иіс сезу 
рецепторлары кіреді) рецепторлар кіреді. 
Энергетикалық жүйе - дыбыстардың пайда болуына маңызды әсер етуші 
тыныс алу жолдары. 
Энцефалит - бас ми ұлпаларының қабынуы,оның салдары психиканың 
тежелуіне, баланың мінез құлқының, көңіл күйінің өзгеруіне себеп болады. 
Эхолалия - бұрын немесе осы сәтте естіген сөздерді қайталау. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет