Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет1/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру




 
 
АБДУЛЛИНА Г.К. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТІЛДІК КЕМІСТІКТЕР: СЕБЕПТЕРІ МЕН ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей 
2022 



 
ҒТАМР: 376.2 
 
Пікір жазғандар: 
Кунслямова Т.К. – «Семей мемлекеттік университетінің медициналық білім 
беру кафедрасының» оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты.
Ақманова Г.Р. - Alikhan Bokeihan University педагогика және психология 
кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты.
Абдуллина Гүлнар Кабдышеитқызы. Тілдік кемістіктер: себептері мен 
қалыпқа келтіру: оқу құралы – Семей, 2022. – 148 бет.



АЛҒЫ СӨЗ 
«Тілдік кемістіктер: себептері мен қалыпқа келтіру» атты оқу құралы 
«Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен 
әдістемесі» 
және 
«Мектепке 
дейінгі 
оқыту 
және 
тәрбиелеу» 
мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.
«Игі істің басы – тіл, Тәрбие басы – тіл», - деп Махмуд Қашқари 
айтпақшы, тіл ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең 
көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Тілдік қарым-қатынас негізінде 
баланың қоршаған әлем туралы түсінігі айқындалып, толықтырыла түседі, 
сонымен қатар тілдік және оның мағыналық бөлігі – сөздің танымдық 
үрдістері де дамиды. Сөз араласпаса бала өмірді түсінбейді. Қоршаған орта 
туралы білім адамның санасына ауызша түрде сөзбен жетеді. Алғашқы даму 
сатысында кенже қалған тілдің орнын кейін толтыру мүмкін емес. Сөйлеу 
тілінің дыбыстық бұзылыстары өз кезегінде баланың барлық психикасының 
қалыптасуына әсер етеді. 
Мектепке дейінгі балалардың тілдік кемістіктерін қалыпқа келтіру, 
түзету жалпы білім беру жүйесінің бастамасы ретінде бүгінгі күндегі өзекті 
мәселелердің бірі. Тәрбиенің негізі мектепке дейін қаланса, тілдік дамыту 
сол тәрбиенің ең негізгісі.
Оқу құралы төрт тараудан және он бір тақырыптан тұрады. Тілдің 
анатомиялық – физиологиялық механизмдері тарауында логопедия тіл 
кемістіктері және сөйлеу тілінің бұзылуы туралы логопедия ғылымының 
мақсаты, міндеттері мен маңыздылығы; мектепке дейінгі балалардың 
сөйлеуінің қалыптасып дамуы мен тілдік дамудың психофизиологиялық 
механизмдері қарастырылған.
Тілдік кемістіктер және шығу себептері тарауында күрделі тілдік 
кемістіктердің этимиологиясы мен патогенезі, орталық жүйке жүйесінің 
органикалық зақымдануымен байланысты афазия, алалия, дизартрия сияқты
күрделі тілдік кемістіктер жан-жақты талданған. Орталық жүйке жүйесінің 
функционалдық өзгерістерімен байланысты тілдік кемістіктердің (тұтықпа – 
логоневроз, мутизм) невротикалық түрлері; артикуляцияның органикалық-
құрылымдық кемістіктерімен байланысты тілдік бұзылулары сипатталған. 
Тілдік сезім мен дағдыларды көркемдік сөз арқылы, сұлулықты түсіне - 
сезіне білуге тәрбиелеудің жолдары келтірілген.
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту ең жауапты әрі күрделі 
мәселе. Тілдік белгілерді дұрыс меңгерген бала дұрыс сөйлей алады: өз 
ойын емін-еркін жеткізіп қарым қатынасқа түседі. Баланың сөйлеу тіліндегі 
кемістіктерді дер кезінде диагностикалау және коррекциялау, мектептегі 
оқуға тілдік даярлығын анықтау, балалардың тілін дамыту мен көркем 
әдебиетпен танысуға арналған диагностикалық материалдар ұсынылған. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет