Ағылшын тілінде жазуға үйрету үшін қойылатын талаптар


Оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады?



бет5/14
Дата03.12.2022
өлшемі5.64 Mb.
#466359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
stud.kz-96640

Оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады? Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат — естігенін жаза білуге, түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады.
3
-Кесте. Сурет арқылы өзінің сүйікті үй жануарын сипаттау

Сабақ барысында көрілген фильм бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:

  1. Жазбаша жоспар құру, мəтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.

  2. Ауызша мəтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.

  3. Бір кейіпкерді таңдап, диалог құру.

Есте сақтау дағдысын жазумен тексеру
Мысалы, бір сөйлем жазамыз. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз тақтаға/дәптеріне жазса, онда ойлану уақыты азаяды. Егер дұрыс жауап бермесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырма оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. [6, 14]
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің талабы.

    1. Жазуға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар

Ағылшын тілінде, а, о, е, м, д, х, т әріптерін жазу мемлекеттік тілді оқытылатын балаларға қиын емес, себебі бұл әріптер мемлекеттік тілде кездеседі. Ал, s, r, l, g, f, q сияқты әріптер таныс емес болып көрінеді. Сондықтан, сабақ үстінде бұл әріптерді дұрыс жазғызу үшін көп жаттығулар жасау керек.
Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбыстық құрамының айырмашылығында кездеседі. Ағылшын тілінің дыбыстарын өз тілінің дыбыстарына ұқсатып айтады.
Мына сөздерді қиындықпен айтады:
Worked-walked, first-fast-forced, lion-line, tired-tide, bought-boat-board.
Лексикалық қиындықтар – ағылшын тілінің аналитикалық құрылысымен және инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты. Әртүрлі сөздердегі әртүрлі әріптердің немесе әріптер қосындыларының оқылуы кейде бірдей болады:
Мысалы:
Eye – I Road – rode
Write – right Tale – tail
The horse is slipping. The horse is sleeping.
They worked till night. They walked till night.
Өте жиі кездесетін қиындықтардың тізімін 4 топқа бөлуге болады:

  • 6% - және жұрнақтарын жазған кезде кездесетін қиындықтар: beautiful орнына beautifull, successfully орнына succesfuly;

  • 20% - әріптерді қалдырып кету: restaurant орнына restarant, government орнына government;

  • 28% - дыбысталуы бірдей, жазылуы әр түрлі сөздерді жазғанда: know орнына no, two орнына to;

  • 42% - әріптердің орнын ауыстыру және дауысты әріптерді жазуды ұмытып кету: believe орнына believe, correct орнына corect; [8, 27]

Ағылшын тіліндегі әріптердің айтылуы мен орфографиясының сәйкес келмеуінің себебі ағылшын тілінде әріптерден көрі дыбыстар көп. Сондықтан busy, daughter, language, beautiful, foreign деген қиын сөздерге назар аудару керек. Ағылшын орфографиясын білу үшін, оның заңдылықтарын жақсы білу қажет. Оқушылар мыналарды білуі тиіс:

  1. У әрпіне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдарын:

Day – days carry-carries
Дауыстыларға -ing жалғау:
Write – writing Dig – digging
Play – playing Stand – standing
Сын есімнің шырайларының жалғаулары: -er, -est:
Clean – cleaner – the cleanest
Large – larger – the largest

  1. Дауыссыздың қосарлану жолдары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет