Excel программасын іске қосу.
Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан пиктограмманы тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек. Ол Excel программасының іске қосқаннан кейін компьютер экранында терезе шығады.
Экрандағы Excel терезесінің мынадай обектілер орналасқан:
Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.
Екінші жол – Excel менюі.
Үшінші және төртінші жолдар – Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы.
Бесінші жол – енгізу мен түзету жолы немесе формула жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасында электрондық кестенің жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы – қалып – күй жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді кутетін сәтте, ол Дайын режимде болып, режим индикаторы – Дайын (Готов) деген жазуды көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |