Сандар туралы
Ұяшықтағы сандарды әртүрлі форматтарда бейнелеген болады. Мысалы, 100 санын былай жазуға болады: 1000,00 тенге –ақша түріндегі форматта: 10000% - проценттік түрде: 1,00Е+02-ғылыми түрде.
Сандарды (басқа мәліметтерді де) безендіріп жазуды орындау үшін Форматтау тақтасының батырмаларын немесе Формат, Ұяшық командасын пайдалануға болады.
Бұл команданы орындау үшін:
қалыптастырылатын zisns yt блокты ерекшелеп алыңыз:
Формсат, Ұяшық (Ячейка),Сан (Число) командасын таңдап алыңыз:
Экранға шыққан сұқбат терезесінен керекті сандық форматты таңдап алыңыз.
Ұяшықтағы сан форматын өзгерту кезінде ұяшықтағы мәліметтерді бейнелеу тәсілі өзгереді, ал санның мәніөзгермейді.
Егер ұяшықтар # # # # символдары түрінде бейнеленсе, онда санның ені ұяшық енінен артық екенін көрсетеді. Иұндайда ұяның енін кеңеиту керек.
Енді мына әрекеттерді орындайқ:
1. Масштабты 75% етіп тағайындаймыз.
2. У мәндерін Ғ бағанасынан К,L, M, N бағаналарына көшіреміз. Ол үшін тышқанның оң батырмасын басқанда, экранға контектік тәуелді меню шығады, оның ішінен Мәндер көшіру (Копировать звачения) пунктін таңдап алу керек.
3. К бағанасынан сандардың үтірден соң, екі таңбасы көрінетін форматын (0,00) енгіземіз.
4. L бағанасы үшін Ғылыми сандар (экспоненциалдық) форматын береміз.
5. М бағанасынан Проценттік форматын береміз.
6. N бағанасы үшін өзіміздің жеке форматымызды (Пайдаланушы үшін – Пользовательский) тағайындаймыз, оны үтірден кейін төрт таңба бейне-лейтін етіп былайша енгіземіз:
Формат, Ұяшық, Сан, Код:0,0000,ОК
7. К2:N24 блогын негізгі және қосалқы кестелер түрінде дайындаймыз (тақырып, жақтау, толтыру, қаріп). Осының нәтижесінде 23,5-суреттегі кестені экраннан көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |