1-тапсырма. Диаграмма тұрғызуды үйрену.
Диаграммалар – мәліметтерді графиктік түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Диаграмма тұрғызу үшін Диаграмма шеңбері деп аталатын функция қолданылады. Ол 4 қадамнан тұрады, жұмыс барысында сұқбат терезелері бірінен кейін бірі пайда болады.
төмендегідей кестені толтыру.
В3 ұяшығынан Е3 ұяшығына дейінгі аралықты ерекшелеу.
Формат – Ұяшық – Туралау әмірін орындау.
Ұяшықтардың бірігуі өрісіне белгі қою, ОК батырмасын шерту.
1-курс студенттері үлгерімі мәтінін енгізіп, ортаға орналастыру.
С4:Е7 ұяшықтар блогына топтарды енгізу.
D4: D7 ұяшықтар блогына пайыз түрінде үлгерімді енгізу.
D4: D7 ұяшықтар блогын ерекшелеу.
Диаграмма шеберін Кірістіру – Диаграмма ... әмірімен шақыру.
1-қадам терезесінен диаграмма типін (дөңгелек) және түрін таңдап, Ары қарай батырмасын шерту.
2-қадам терезесінен диаграмма тұрғызуға қажет мәндер жиынын енгізіп, Ары қарай батырмасын шерту.
3-қадам терезесінде диаграмма параметрлерін (тақырыбын, легенданын орнын т.с.с.) енгізіп, Ары қарай батырмасын шерту.
4-қадам терезесінде диаграмма орналасатын парақты көрсетіп, Дайын батырмасын шерту.
Достарыңызбен бөлісу: |