Хатты дайындау
Кәдімгі почта тәрізді электрондық почта да бір абонент пен екінші абонент арасында хабар алмасу үшін қолданылады. Жіберілген хабарда («конвертте») екі адрес көрсетілуі тиіс: хатты жіберуші мен оны алушының мекен-жайы кәдімгі хаттағы сияқты жазылады. Әрбір адресте хатты алушының аты-жөні мен оның компьютерінің желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің (жіберушінің) адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады. Бұған қоса электрондық почта адрестерінде мынадай информацияларды жазуға болады:
хабар тақырыбының қысқаша сипаттамасы (алушы бірден хаттың не туралы екенін біледі);
хаттың көшірмесі тағы қандай адрестерге жіберілуі тиіс.
Электрондық почта жұмысы барысында хаттың тақырыбына қоса оның жіберілген мерзімі ,уақыты т.с.с. керекті мәліметтер тіркеліп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |