Ауқымды желілер
Егер басқа мекемеден мәліметтер алу (беру) жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем сатып алып, компьютерлердің ауқымды желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн.
Модемдер ішкі және сыртқы түрлерге бөлінеді.Ішкі модем кәдімгі адаптер тәрізді компьютер қорабы (корпусы ) ішінде орналасады.Көптеген алып жүруге арналған блакнот- компьютерлерде де ішкі модем болады, олар қосымша қосымша қызмет ретінде факстер қабылдап, оларды жібере де алады.Қазіргі сыртқы модемдер де факстермен жұмыс істей береді. Сыртқы модемдер қоректену блогы бар шағын корпусқа орналасып, асинхронды тізбекті адаптер портына кабіл арқылы қосылады.Сонымен, компьютерді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны кез келген бір телефонға жалғау жеткілікті, бірақ оны қалай пайдаланамыз?
Дүние жүзінде көптеген ауқымды компьютерлік желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгілері болып Internet, Sprint, Relkom, Fidonet есептеледі.Бұлардың кейбірі тек өз елдері маңында жұмыс істесе, кейбіреулері бүкіл дүние жүзін қамтиды.Бірақ барлық желілер бір- бірімен байланысқан, сол себепті, мысалы, Glanet желісіндегі біреудің адресін білсеңіз, оған басқа желіден де хабар бере аласыз.
Ауқымды желі топологиясын қарайтын болсақ, ол күрделі граф тәрізді деуге болады, ал оның түйіндерінде компьютерлер орналасқан.Жалпы желі құрамында почта сервері ретінде арнайы пайдаланылатын компьютерлер болуы тиіс.Мұндай компьютерлер бірден бірнеше телефон каналдарымен қосылған, сондықтан олардың құрамында да бірнеше модем болады. Әрбір адамда да өз компьютерін жалпы желіге модем арқылы жалғайтынын айтқан болатынбыз.
17 сабақ
Электрондық пошта
Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі почтаның екінші балама түрі болып есептеледі.Информацияны өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) қазіргі почта қызметінің ертеңі электрондық почта болады деп күтілуде. Копьютерлер көмегімен кез келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әртүрлі құжаттармен, жаңа жобалармен таныстырып,олардың да осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады.
Электрондық почта кез келген құжатты-ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәліметтер бола ма(адресі,ата-жөні,тақырыбы) немесе жай хабар түріндегі мәтін (хаттың өзі) бола ма - бәрібір олардың информациялық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.
Электрондық почтаны пайдалану кезінде компьютерде әртүрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынадай жұмыстарды атқарады:
аланған хабарларды талдау және жаңа хабарлар дайындау;
байланыс торабы мен жылдам хабар алмасу.
Бірінші программаның жұмысы байланыс желісіндегі компьютердегі мәтіндік информациямен жұмыс істеген сияқты болады.
Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық программа көмегімен мәтінді дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келеді. Мәтінді оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі почтамен жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашан да жинақталған мәліметтер архиві болуға тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларын тағы қайталап оқып шығып, керек еместерін «қоржынға» тастап, керектеріне жауап жазып, кей бірін қайта архивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында Дайындалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты «почта жәшігіне» салып, керекті адреске жөнелтеміз.
Сонымен, электрондық почтаның кәдімгі почтадан айырмасы «байланыс бөлімі» өз компьютерімізде орналасады және тек өзімізге ғана қызмет етеді.
Дайындалған корреспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол программа хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез келеген сәтте байланыс сеансін жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде программа дайын хаттарды жөнелтіп, келген хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Компьютеріміздің ішіндегі өз «почта жәшәгіңіздегі» бұрынғы салынған хаттар түгел тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен хат-хабарлар ғана «жәшікте» жатады.
Дербес компьютерде жеке өз адрестері бар бірнеше адам жұмыс істейтін болса, тораптық комьютермен байланысқан кезде келіп түскен барлық хат-хабарлар бір жәшікке түспей, адеске сәйкес олар осы комьютердегі өз иелерінің почта «жәшіктеріне» сұрыпталып салынады, олардың да жіберілуге тиіс хат-хабарлары керекті адестеріне жөнелтіледі.
Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам почта админнистраторы болып тағайындалады. Адрестері не аттары дұрыс көрсетілмеген, бірақ сол компьютерге бағытталған хаттар осы администраторға табыс етіледі. Сонымен программаның басқаруымен компьютерге келіп түскен хаттар «талап етілгенше»келіп түскен почта жәшігінде жата береді. Мұның қолайлы жағы-компьютер өшіп тұрғанда келіп түскен хаттар бірден «жәшікте» сақталып тұрып қалады. Егер бұлай болмаса, тораптық компьютердің жады алынбаған хаттарға толып кетер еді. Соның өзінде де көптеген иелері алмаған немесе қате кетіп адрестерді дұрыс жазылмаған хаттар торапта біраз сақталған соң, оларға арнайы белгі қойылып келген жеріне қайтарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |