Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет70/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Арпалыс 1,2


 
- Станцияны беріп кет! - деп қайталадым мен. 
Жан күйзелісі де, қобалжу да мен аттап ӛткен шектен тысқары 
аласталып тасталды. "Мұның бұйрыққа қайшы келеді, бұлай етуге жоқ», - 
деген ішкі наразылық жанышталып, жым болды. Командир мұндай шешім 
қабылдағанға дейін салмағынан бес килограмм жоғалтып, бес жас ерте 


453 
қартаюы керек деген қағиданы әскери адамдарға, кәсібі бір әріптестеріме 
түсіндіріп жатудың қажеті бола қоймас. 
Телефон трубкасынан: 
- Қалай? Қалай? Түсінбей тұрмын, - деген сӛздер естілді. 
- Жаңсақ естідім деп тұрмысың? Олай емес! Беріп кет! Кӛпірге қарай 
қаш! Сонда жиналыңдар! 
- Жолдас комбат, не айтып тұрсыз ӛзіңіз? Біз тойтарып келеміз, біз әлі 
де шыдап бағамыз, ал сіз беріп кетпекішісіз. Мен… Мен… Бұл 
Филимоновтың қарсылық білдіруі еді. Ӛзі байырғы командир, коммунист, 
шекарашы болғандықтан, бұған жаны тӛзбеді, буырқанып қарсы шықты. 
Ӛйткені генерал-лейтенант Звягин дәл осыған және Толстуновқа қорғаныс 
шебін қолдан беру қылмыс болады деп ескерткен еді ғой. 
Тұтығып қалған Филимоновқа мен тізгін бере қоймадым: 
- Менің бұйрығымды естідіңіз ғой? Қайталаңыз. 
Үн жоқ. Филимонов бұйрықты қайталар емес. 
- Қайталаңыз. 
Филимонов кӛңілсіз үн қатты: 
- Станцияны беріп кет дедіңіз… 
- Иә. Кӛпірге қарай тырағайлап қашу керек. 
- Құп. 
Иә, құптағаның жақсы. Мен трубканы тастадым. Құлақшыны мен 
шинелін киіп, сақадай сайланып отырған Толстунов дәл осы минутта үнсіз 
түрегеліп, есікке қарай жӛнелді. Мен онымен де, ӛзгелермен де пікір 
алыспай, дара бастық-командир ретінде бұйрық бердім. 
- Қайда барасың? - деп сұрадым мен. 
- Матрениноға, 
Бұдан әрі бір ауыз сӛз айтқан жоқ. Мен оның ту сыртынан бір 
мезгеуліктей қарап тұрдым. Тақырлап қырған мойны тіп-тік, кекшиген 
басынан қайсарлықтың белгісі білінеді. Қадамы да салмақты, әрі батыл. 
«Комиссар кетіп барады» дерлік. Оның соңынан есік те тарс етіп жабылды. 
Мен тағы бір минуттай үнсіз тұрдым. Бұл күн немен тынар екен? 
Заевтың ротасы не күйге ұшырады екен? Матренинодағы ұрыстың нәтижесі 
қандай болмақ! Сәл ғана тұтына бастаған кӛмескі үмітім, опасыз болып 
шықпағайсың! Бүгінгі кешті қалай, қайда ӛткізер екенмін? Қамауда ма? Әлде 
сотты болған күйде ме? Не болса да, нар тәуекел. Ар-намысым алдыңда 
тазамын.Ӛз борышыма, ар-ұжданыма адалмын. Намыс пен қорқыныш. Иә, 
екінің бірі біле бермейтін, басқарудан, жауапкершіліктен туатын айрықша 
қорқыныш, ал уставтың Панфилов қарындашпен белгі соққан бетінде 
осындай жауапкершілік туралы айтылған. Намыс пен қорқыныш. Осы 
екеуінің ӛліспей бітіспейтін арпалысы қандай десеңізші! 
Рахимовқа қарадым. 
- Ал, Рахымжан, станцияны береміз… Бәлкім, батальонды менің 
орныма сен басқаратын боларсың… 


454 
Ізетшіл Рахимов менің кӛңілімді аулап, бірдеңе айтқысы келіп еді, 
бірақ оны ишаратпен тоқтаттым. 
- Етер менің орныма басқаруың тура келсе, қарамағында 
жауынгерлерің болады. Олар тірі тұрғанда соғысуға әзірсін. 

Дивизия штабымен арадағы байланыс кӛпке дейін қалпына 
келтірілмесе екен деп тіледім мен. Әуелі менің ойым іске ассын, ал болған 
оқиғаны кейін мәлімдеймін. Солай бола тұрса да телефоншыны жазғыра 
сӛйледім: 
- Неге мүлгіп отырсың? Шақырсаңшы Заевты! Дивизия штабын да. 
- Олардың ӛздері-ақ әлдеқашан сыңғырлатқан болар еді, жолдас 
комбат. 
- Тіл мен жағыңа сүйенбе! Шақыр дедім ғой. 
Бӛлме ішінде шақырылатындардың лақап аттары сан рет, тынымсыз 
аталумен болды. Заев дерексіз, одан хабар-ошар жоқ. Дивизия штабымен 
жалғастыратын сым-темір желісі де әлі үзілген қалпында. 
Мен Рахимовқа былай дедім: 
- Матрениноға бар да, кӛпірдің маңындағы бір жерден бақылау 
жүргізетін орын тап. Телефон аппаратын ал да, кӛрген-білгеніңнің бәрін 
маған хабарлап тұр. Рота тырым-тырағай қаша жӛнеліп, кӛпірдің қасына 
жиналуға тиіс. Ұқтың ба? 
- Иә. Құп, жолдас комбат. 
Рахимов басы артық далалық телефон қорабын қолтығына қысып, 
шығып кетті. Мен оның мәлімдемелеріне, ӛз кӛзіммен кӛргенімдей нанамын, 
ӛйткені оның айтқаны әрқашан дәлме-дәл болады. Бір минуттан кейін оның 
атқа қона салып, шаба жӛнелгенін терезеден кӛріп тұрдым. 
Міне енді қасымда Рахимов та жоқ. Ӛзімнің бармаған себебім не? 
Біріншіден, мен үш тораптың бәріне, баталыонның бүкіл қорғанысына 
жауаптымын. Оның үстіне, мен ұзамай тағы бір сайысқа түскелі тұрмын - 
генералмен сӛйлесуім керек. Қалай мәлімдемекпін, шынымды қалай 
айтпақпын? Оның ақ батасын алар ма екенмін, әлде… Беті аулақ, бұл 
"әлемнің"!
Рахимов, ақырында, шауып жетіпті. Телефон байланыс желісіне 
жалғастырылыпты. 
- Нені кӛріп тұрсын? 
- Дұшпан қорғаныс шебіне миналарын жаудыруда. 
- Атысы күшті ме? 
- Иә. Миналары үздіксіз жарылып жатыр. 
Мен Филимоновты шақырып, оны проводтағы Рахимовпен 
тілдестірдім. 
- Рахимов, бізді тыңдап тұрмысың? 
Иә. 


455 
- Филимонов! Жауынгерлерге менің бұйрығымды жарияладың ба? 
- Әлі жариялаған жоқпын. Үлгермедім, жолдас комбат. 
- Ах, сенің… - Мен осы ұрыс күндерінің ішінде оның шешесі мен 
әжесін, бәлкім, бірінші рет ауызға алдым ғой деймін. – Егер осылай істеуге 
батылың барған болса, Рахимовты жіберіп, жауынгерлік бұйрықты 
орындамағаның үшін табанда жайратып салғызам. Рахимов, тыңдап 
тұрмысың? Сӛзсіз сазайын тартқыз мұның! Филимонов, тыңдап тұрмысың? 
Жігері жасыған Филимоновтың даусы ӛлімсіреп шықты: 
- Иә. 
Кенет мембранадан тағы бір дауыс естілді:
- Жолдас комбат? 
Ә, әңгімеге Толстунов араласыпты. Әлде бір себептен мені ресми 
түрде «жолдас комбат» деп атады. Жаңылмасам, бұдан бұрын мені ешқашан 
да бұлай атап кӛрген емес. 
- Жолдас комбат, мен осында, лейтенант Филимоновтың қасында 
тұрмын. Сіздің бұйрығыңыз орындалады. 
Бұл сӛздерді Толстунов айқын, батыл айтты. 
- Бозжанов қайда? - деп сұрадым мен. 
- Ол да осында. Қорғаныс шебінде. 
- Қолыңа ал, Федор Дмитриевич, осы… - Мен қолайлы сӛз іздеп, 
мүдіріп қалдым. Маневрді деймін бе? Жоқ, кӛмескі үміт нышанын маневр 
деуім әзірше жӛн бола қоймас. - Осы орғуды, Тізгінді мықтап ұста. 
Бозжановпен бірге жүзеге асыр. 
- Қажеті не? Мұны рота командирінің ӛзі істейді. Оны билеп-тӛстер 
жайым жоқ. 
Менің жаңсақтығымды Толстунов осылайша елеусіз, жайбарақат 
түзетті. Мен оның пікірін үнсіз қостадым. 
Рахимовтың хабарын тықыршып күтудемін… Немісі құрғырлар 
тезірек шықса екен. Етер жүрек жарылар болса, табанда тарс кеткені жақсы. 
Панфилов телефон соқпай тұрып, станцияны тезірек берсек екен. Алоған не 
айтармын? Қалай айтармын? 

Менің тілегенім болмады. Телефоншы қуанышты түрмен: 
- Жолдас комбат, дивизия штабы бар! - деп дауыстады. 
Йә, енді сырымды ашып, істің мән-жайын Панфиловқа түгел 
баяндауым керек. Бірақ ойластырған ісім әлі жүзеге асырылған жоқ станция 
әлі қолдан берілген жоқ. 
- Генералды жалғастыр. 
- Кӛзді ашып-жұмғанша, жолдас комбат… Генерал телефонда, жолдас 
комбат. 
Мен трубканы алдым. Бейне шойыннан құйылғандай, трубка бірден 
ауырлап кетті. Күтпеген жерден мембранадан Звягиннің даусын есіттім: 


456 
- Сӛйлеп тұрған кім? 
Мен қатты састым. Тіпті, үрейім ұшқандай. Бәрін де айтып берем 
деген талабым су сепкендей басылды. Неміске станцияны беруден, ар-
намысты аттап ӛтуден, тіпті ӛлім жазасынан қорықпаған басым, Звягиннің 
алдында абыржып қалдым. Шындықты айтуға енді батылым бармады. 
- Мәлімдеп тұрған аға лейтенант Момышұлы. 
- Ә, қылыш иесі… Ал, сізде жағдай қалай? 
- Дұшпан Матренино станциясын басып алды. 
- Не дейді? - деп шаңқ етті ол трубкадан. 
- Ротаның әлі жетпеді. Сұрапыл от-жалында кӛп шығынға ұшырады 
ол. Сондықтан… 
- Кім рұқсат етті сізге?! 
Шаңқылдаған дауыс құлақты жарғандай. Соның арасынша Звягин 
зілді сарынға кӛшті: 
- Басқару тізгінін штаб бастығына ӛткізіп, дивизия штабына келіңіз. 
- Ӛткізе алмаймын. Ӛйткені мұнда жалғызбын. 
- Штаб бастығы келісімен, оған ӛзіңіздің енді батальон командирі 
емес екеніңізді хабарлаңыз. Содан соң дереу дивизия штабына жӛнеліңіз. 
Келгесін сізбен ӛзім сӛйлесем. 
- Жарық барда жете алар ма екенмін. 
- Онда қараңғы түскесің келіңіз. 
Сӛйтіп, трубка тасталды. Құдайға шүкір, әйтеуір үш-тӛрт сағат мәулет 
алдым. Ӛз халімді тағы да ой таразысына салдым. Сұрақтың қатал 
болатынын білем, бірақ оған әзірмін. Әлгі мезгеулік абыржуым су сепкендей 
басылды. Иә, бір мезгеуліктей ғана соның шырмауыңда болдым. Ал одан 
кейін ше? Мұны ойлап жататын уақыт жоқ.
Мен енді тек қана ӛз ойымды іске асыруды діттедім, жан-тәніммен 
осыған беріліп, жалындап жанғандаймын. 

Тағы да Рахимов телефон соқты. 
- Жолдас комбат… 
- Иә? 
- Немістер шабуылға шықты. 
- Біздің адамдар ше? Қашып барады. Алды-артына қарайтын емес. 
Рахимов мұны салмақпен, салғырт мәлімдеді. Ал егер сіз оның 
кӛргенін суреттемек болсаңыз, жұрттың жан ұшыра қашқанын, тоқтаусыз, 
тәртіпсіз «зытқанын» кӛрсетуге тиіссіз. Солдат қалай қашпасын: күні бойы 
сұрапыл оқ астында әрі суық, әрі тайыз окопта жатады, осы шұңқырдың 
іргесіне жанаса, ызғарлы түбіне бауырын тӛсеген күйде минаның жан 
түршіктіре ұлығаның, жер тітірете жарылғанын, темір жаңқаларының жан-
жаққа ызыңдай ұшқанын құлағымен есітеді, еріксіз айналасына қарап, 
поселке жаққа жер бауырлап жылжыған жаралыларды, бинтке жұққан 


457 
қанның дақтарын кӛзімен кӛреді, әлденендей бір жарықшақтың ӛз тәніне де 
қадала түсетін кезін тітіркене күтеді. Оның жүйке тамырының жұқаратыны 
соншалық, «артқа!» деген бір ғана ӛктем дауыс, бӛлімше немесе взвод 
командирінің окоптан шыға, кейін шегінуі оны лезде еліктіріп әкетеді де, 
тәртіп пен борыш дегенді ұмыттырады, адамның бұған дейін тізгіндеулі 
жатқан табиғи сезімін осынау дозақтан қашып құтылу талабы ӛршітіп 
жібереді. 
Шабытыңызды шалқыма, қаламыңызды тебіренте, сынып келістіре 
суреттегейсіз. Жұрттың топалаң тигендей үрке қашуын, топырлаған аяқ 
дүбірін, аузымен ауа қармап, жан ұшыру жүгірген топтың бет-әлпетін 
оқушының кӛз алдына келтіргейсіз. 
Рахимовтың 
мәлімдеуі 
бойынша 
қашқандарды 
мен 
де 
қадағалаудамын. 
Жауынгерлер 
кӛпірге 
жақындады. 
Тығыршықтай 
Толстунов, атақ-дәрежесін былай қойып, талай жұрттан басып озды да, 
суырылып алға шықты. Менің жауынгерлерім кӛпірдің қасында тоқтаса игі 
еді. Кӛздері мұнартып, аласұрған күйінде бет-бетімен ыдырап, орманды 
паналап кетпесе игі еді.
- Тоқтады! 
Ӛз взводтарынан, бӛлімшелерінен кӛз жазып қалғанымен, бәрі 
жарлыққа бағынып, кілт тоқтады. Қалжырағандардың біреулері отыра қалып, 
екінші біреулері бүк түсті. Осы кӛпір түбіне, темір жол тепсеңіне таяудағы 
шыршалы ӛңірге ұшып келіп жатқан бірде-бір мина, бірде-бір оқ жоқ. 
Рахимовтың хабарын әрі қарай тыңдаудамын. Немістің алдыңғы тобы 
станцияны 
алған. 
Қалғандары 
рота-ортасымен 
поселкеге 
кірген. 
Пулеметтермен қаруланған бірнеше мотоцикл де жұқа қарды таптап, 
егістікпен сонда барыпты. 
Телефон тағы сыңғырлады. Бұл жолы телефон соққан Панфилов екен. 
- Жолдас Момышұлы, сізде нендей оқиға болған? 
- Станцияны беріп кеттім. 
- Бұл қалай? Here? 
Бұл жолы сымтемір ӛзегімен келіп жеткен Панфиловтың қырылдаған 
үні әдеттегіден айқындау естілді. Күйініп, налып тұрғанын оп-оңай аңғаруға 
болатын еді. 
- Жұрт бейберекет қаша жӛнелді. Мен солай бұйрық бергенмін. 
- Сіз бұйрық бердіңіз бе? 
- Иә. Әйтпесе ротадан айырылған болар едім. 
- Ымм… Ымм… Одан әрі ше? Ойыңыз не? Одан әрі ше? 
- Қарсы шабуыл жасамақпын. Станцияны осылай қайтарып алуыма 
рұқсат етіңіз, жолдас генерал. 
- Ымм… Ӛзіңіз әбден сауаттысыз ғой, жолдас Момышұлы, әлгінде 
ғана ұрыс майданынан қашқан адамдардың енді қарсы шабуыл жасауға 
қабілетсіз екенін білуге тиіссіз. 
- Дегенмен менің үмітім бар, жолдас генерал. 


458 
Панфиловтың маған айтқан нақыл сӛзі есіме түсе кетті. Мен соны 
қайталап айттым: 
- "Үміт бойға қуат бітіреді". Сынап кӛруіме рұқсат етіңіз. 
- Сынап кӛріңіз… - Әйткенмен үнінен күдік байқалады. – Ал жолды 
сақтап қала аласыз ба? 
- Иә. 
Генерал бір минуттай үнсіз тұрды. 
- Белгіден не хабар бар? 
- Байланыс жоқ. Хабаршылар жіберілді. 
Панфилов Звягиннің бұйрығы туралы бірдеңе айтар деп күткен едім. 
Шынында да, ол былай деді: 
- Кешкісін кӛремін ғой сізді. Қош болыңыз. 
Бәрі де түсінікті. Армия қолбасшысы орынбасарының бұйрығын 
орындау керек. Саудаң бітті, Бауыржан, Орныңнан түс. Қайтерсің, «Басқа 
түскен баспақшыл» дейді ғой. 

Рахимов кӛрген-білгенін: дұшпан туралы да, кӛпір түбіндегі біздің 
жасақ жайында да маған хабарлаумен болды. 
Поселкені алған немістер үйді-үйге тарап орналасыпты. Басқыншылар 
дереу ойран салуға кіріскен. Гитлер армиясының қағидасын, біздің талай рет 
естіп те, оқып та жүргеніміздей: елді мекенді алады екенсің таңдаулы зат та, 
жас әйел де сенікі! деген қағидасын Рахимов қазір ӛз кӛзімен кӛрді. Сӛйтіп, 
деревняны басып алған неміс солдатының бейбіт халықты қарақшылықпен 
тонауына ерік берілген. 
Тұрғындардың бір бӛлегі, дүние-мүлкі сақталған қораларын, жертӛле 
қоймаларын, әйнектелген дәліздері, ою-ӛрнекті жақтау ағашпен кӛмкерілген 
терезелері бар әсем үйлерін тастап кете алмай, поселкеде қалып қойған-ды. 
Матренино тұрғындары бұл кезде ӛздерінің ас үйлерінде, еден астындағы 
ұраларында, пештерінің тасасыңда жасырынып отырған еді. Жасыл түсті 
неміс шинельдерін киген қарулы адамдар қораларда тауық, қаз, торай аулай 
бастады. 
- Рахимов, Филимоновқа айт: адамдарын жинап, тәртіпке келтірсін. 
- Жұрт жиналған, жолдас комбат. 
- Немістер не істеп жатыр? 
- Қыздарды қуалап, асыранды құс пен торай атаулыны атуда. 
- Жақсы. Ӛте дұрыс, Тамаша. 
- Жолдас комбат, не дейсіз? 
Рахимов: есі дұрыс па осы комбаттың? - деп те ойлаған болар. Менің 
шаттығымның мәнісін кейін ғана түсінді ол. Келе салысымен, бет-бетімен 
кетіп, талан-таражбен айналысқаны біз үшін теріс емес қой?! 
Рахимов мәлімдеген сайын менің кеудемді куаныш керней берді. 
Қуаныш та, ӛшпенділік те. Менің бірден-бір үмітім ақтала бастады. 


459 
Мен мынадай бұйрық бердім: 
- Жауынгерлер темір жолтасасына жатып, бақылайтын болсын. 
Біраздан кейін Рахимов қысқаша мәлімдеді: 
- Рота тәртіп сақтауда, жолдас комбат. 
- Қанша жауынгер бар? 
- Шамамен жүз жиырма. 
- Немістер қандай? 
- Тауықтар мен шошқалардың ішек-қарнын ақтарып жатқан болуы 
керек. Қазір табаға салып қуыра бастайды. 
- Күте тұрайық… Тұмсығы қызарғанша күтейік. 
- Ә-ә… Түсіндім, жолдас комбат. 
Менің кӛңілге түйгенімді енді ғана аңдады ол. 
Жыртқыш құсты торға қалай түсіретінін білесіз бе сіз? Орта Азияда 
туып-ӛскен, оның заңғар таулары мен құла түздерін талай кезген Рахимов 
мұны жақсы білетін. Аңдыған аңын іліп түскен жыртқыш оның етін 
боршалап, обырлана шоқи бастайды. Ыстық қан жыртқышты онан сайын 
есіртіп жібереді. Оның қомағайлығы сондай, жас етке барған сайын 
тереңдете түскен тұмсығы қып-қызыл қан болады. Мұндайда қауырсынды 
қарақшы ештеңе сезбейді, оңына да, солына да қарамайды. Тұмсығы жас етке 
түгелдей кӛмілген кезде шапшаң қимылдап, жыртқышты торға түсіру оп-
оңай. Тек тұмсығының ұшынан түбіне дейін қып-қызыл қанға боялуы шарт. 
Матрениноны басып алған жаудың тұмсығы да осылай кӛміле 
бастаған-да. Бұл ретте дұшпан: орыс шыдай алмай, қаша жӛнелді, ал қашқан 
екен, қайтып оралмайды деген қарапайым логикаға сүйенді. Қарсы шабуыл 
жасау жӛнінде бұйрық бергім-ақ келіп тұр. Бірақ аңысын аңдап, күте тұру 
керек. 
- Рахимов, не жаңалық бар? Толстунов қайда? 
- Осында, Ротада, жолдас комбат. 
- Бозжанов ше? 
- Ол да жауынгерлермен бірге. 
- Ал, Рахымжан, менің бұйрығымды тыңда. Қырық адамнан үш топқа 
бӛлініңдер! Бірін - Толстунов, екіншісін Бозжанов, үшіншісін - Филимонов 
бастасын. Орман шетін паналап барып, станцияны орап алсын да, үш жақтан 
бірдей лап қойсын! Жауынгерлерге айтыңдар: "Винтовканды кезей ұстап, 
алға ұмтыл, гранатаң қолыңда болсын, жүгірген бетте оқ атып, «уралап» 
айқайла», - дендер. 
- Жолдас комбат, трубканы лейтенант Филимоновқа беруге рұқсат 
етіңіз. 
Енді Рахимов та менің жаңсақтығымды сыпайылап түзетті. Бұл әбден 
орынды, ӛйткені, ӛзіңіз білесіз, менің айтпай кеткенімді штаб бастығының 
еске салуы бізде дәстүрге айналған. Әрине, рота командирі үшін бірнеше 
жылы сӛз тауып айтуым керек еді. 
- Ефим Ефимыч, сенбісің? Рахимов саған бұйрықты айтты ма? 
- Бірақ қалай болады, жолдас комбат? Онда батальон ғой. 


460 
- Иә. Сонда да талқандаймыз оларды. 
Осыған орай: оған ӛз маневрімізді күнілгері түсіндіргенім жӛн емес пе 
деген ой сап ете қалды. Бірақ бұрын бұл маневр менің ӛзіме де онша айқын 
емес-ті, тек бұлдыр қиял сияқты қылаң берген болатын. Мен енді: 
- Талқандаймыз. Естерін жиғызбаймыз, - деп қайталадым. 
- Сәті түсер деп ойлайсыз ба, жолдас комбат? 
Филимонов осылайша сұрай берді, бірақ үнінен қуаныш лебі еседі. 
- Ұрыстың аты - ұрыс қой. Сәті түсетін ету керек. Сазайын 
тартқызамыз олардың, Ефимушка! Үш топ құр. Негізгі басқару тізгіні сенде 
болады. Бозжанов пен Толстунов - сенің кӛмекшілерің. Ал, тәңірің жар 
болсын, Ефимыч! 

Қарауытқан қалың тал, аяқ астындағы жас ӛркен шырша қылқаны, әлі 
салаланбаған емен, сидам кӛк терек, ақ қайың сәл иілген темір жол табаны 
кесіп ӛтетін, бетін қар басқан жазық алаңға тұс-тұстан тӛнген. Станция 
жайларына жанастыра салған поселкенің кӛрікті, тіпті әсем үйлері кӛздің 
жауын алғандай. Орман шеті кей жерде алыс, басқа бір жерлерінде ӛте 
жақын тұр - не бәрі екі жүз - екі жүз елу метрдей. 
Әрқайсысы қырық адамнан құралған үш отряд "ұрланған" айқаймен 
деревняға лап қойды. Зымырай жүгіргендерге қар бӛгет болған жоқ
Қабыршақтанып қатқан қар беті опырылмай, басқан аяқты ілгері серпіп 
тастап отырды. Немістер есін жиып үлгергенше біздің адамдар жүгіріп жетіп, 
басып кірді. 
Рахимов осының бәрін егжей-тегжейлі мәлімдеп отырды. Енді сӛзге 
сараңдығын былай қойып, лепіре сӛйледі. 
- Кенеттен тап болғаны сондай, немістердің естері шығып кетті, 
жолдас комбат. 
Мұның ӛзі, тӛбеден жай түскендей, сұрапыл соққы болды. Тұтқиыл 
қимыл жауды ақыл-естен айырды. Жаппай үрей тіке тӛсекте жатқанда 
басталса керек: кейбіреулері кительдерін қолына ұстаған күйі, кӛйлекшең, 
дамбалшаң жүгіре шыққан. 
Мұндай мәлімдемені есіткенде рақаттанып, тұла бойың шымырлайды. 
Езуің екі құлағыңа жете, еріксіз күлімдейсің. Мұны тыярлық дәрмен жоқ. 
Панфилов телефон соқпады. Мені мазалағысы, мезгілі жеткенше 
аландатқысы келмеген ғой. Бірақ капитан Дорфман телефон соқты. 
Оның даусы қатқылдау: 
- Жағдайды мәлімдеңіз 
- Ештеңе айта алмаймын. Байланыс үзіліп қалды. Ештеңе білмеймін. 
- Дереу қалпына келтіріңіз. - Панфиловтан күн сайын тәлім алып 
жүрген жігіт қой, «дереу» деген сӛзін артынша түзете қойды: 


461 
- Ширек сағаттан кейін жағдайды анықтаңыз. - Бұдан кейін 
сыпайылап сӛйледі: - Байланысты қалпына келтіру үшін барлық шараны 
қолданыңыз. 
- Құп болады. 
Рахимовпен тағы да сӛйлестім. 
- Ал, Рахымжан, мәлімде. 
- Жауды кескілеп, бауыздап жатыр, жолдас комбат. Аман қалғандары 
станциядан аулақ қашып барады. Топалаң тигендей, бет-бетімен ыдырап 
кетті. Е-е, ӛздері әлі кӛп-ақ, жолдас комбат. Темір жолдың әр жағындағы 
орманға қарай зытуда. 
- Ал, біздің адамдар ше? 
- Ізіне түсіп, ӛкшелей қууда. 

Кейін кӛрген-білгендердің айтуы бойынша, бұл ұрыстың әр түрлі 
жайттері, егжей-тегжейі әбден мәлім болды. Жауды тарпа бас салып, қаһарлы 
ашу-ызамен оның сазайын тартқызып, ӛш алушы қызыл әскерлер 
ажарлықтың желігіне беріліп, қызығына түскен де, қашқандарды ешбір 
жарлықсыз, ӛздігінен қуалай берген. Жүгірген бетте - біреулері дәл кӛздеп, 
екінші біреулері беталды - оқ атумен, жеткен жерінде жауды жайратып 
салумен болған. 
Енді поселкеге кӛшкен Рахимовпен бұрынғыша байланыс 
жасаудамын. 
- Рахимов, станцияға ең болмағанда ротаның жартысын қайтар! 
Әбден бекініңдер! Әлденендей бір тосын оқиға бәрін астан-кестең етуі 
мүмкін. 
- Істер амалым жоқ, жолдас комбат. Бәрі немістерді қуып кетті. Тіпті 
Филимонов та. 
- Хабаршы жібер! Тоқтат! Қайтар! 
Рахимовтың хабарлауынан білгенім, қашқындардың жолындағы 
жазық егістік алқабында ӛлік деген бықпырт болып жатқан, жан 
тапсырғандардың кӛпшілігі шинельсіз, немістің сұрғылт кителін немесе 
жалаң іш киім кигендер екен. 
Қайталап айтайын, бұдан екі сағат бұрын біз де «тырағайлап» 
зытқанбыз. Әйткенмен біздің қашуымыз алдын ала ойластырылған, бұйрық 
бойынша жасалған әрекет еді, ал қазір дұшпанымыз естен айырылып, 
үрейлене қашуда. Мұны ажырата білу керек. Қашқан жауға бала да батыр 
дегендей, үрейі ұшқан дұшпанды, тіпті, ең жасқаншақ немесе тәжірибесіз 
солдаттар баудай түсіре алады. 
Неміс батальоны тобырға айналады да, басқару тізгінін жоғалтқан 
батальон командирі, еңгезердей капитан да осы тобырмен бірге қашып бара 


462 
жатады. Ол "Халит!" деп айқайлап, пистолетін кезеп, ӛз адамдарын 
тоқтатуға, бетін бері қаратып, бізге қарсы жұмсауға әрекеттенеді. Ӛйткені 
олар әлі де аз емес-ті. Бірақ командирдің «Тоқта!» деген ӛктем әмірі де, атып 
тастамақшы болып қорқытуы да, тіпті кейбіреулеріне желкеден оқ атуы да 
енді әсер ете қоймайды. 
Бізден кешегі москвалық оқушы, жаңа келген жауынгер Строжкин 
алға озып шығады. Есіңізде болар, біздің әңгімемізде бірде жол-жӛнекей 
оның да аты аталған-ды… Кешкі мезгіл. Қатып қалған соң жерді ойып 
жатқан қызыл әскерлер. «Мұндай окоп аман сақтап қалар деймісің?» - деген 
дүдамал дауыс. 
Міне сол бала жігіт Строжкин темір жол тепсеңінде неміс капитанын 
қуып жетеді. Аңшылар жақсы біледі, қашып бара жатқан кӛкжал бӛріні 
күшік иттің де құлақтан, желкеден алатыны бар. Строжкин де арлан 
қасқырды осылай қармайды, қолында найзалы винтовкасы, солай бола тұрса 
да, жеңіс пен ожарлықтың, есерліктің желігі ғой, - дұшпанды етегінен ұстап, 
ӛзіне қарай тартып қалады. Күш-қайраты мол, шын мәнісінде кӛкжал капитан 
жалт қарап, ӛңі жұқа талдырмаш бала жігітті кӛре салысымен қолындағы 
керексіз пистолетін лақтырып тастап, Строжкинге ӛршелене тұра ұмтылады 
да, оны жығып салып, тұншықтыра бастайды. Бұлқына қарсылық кӛрсеткен 
Строжкин сол сәтте: «Ӛзін неге атып тастамадым?» - деп ойлап үлгерген 
шығар деймін. Бірақ құр ӛкініштен не пайда?! Енді ӛлмеу қамын ойлауы 
керек қой! Бар күшін қарыштап, ышқынып барып, тізесімен бүйірден бір 
соғады. Неміс есеңгіреп қалады да, қия беткейден екеуі де тӛмен домалайды. 
Сырғанап, аунап түскен бетінде москвалық жас жігіт амалын тауып, немісті 
кӛзден бір сүзеді. Ӛкіріп жіберген капитан бетін ұстай алған кезде Строжкин 
ұшып тұрады да, винтовкасына ұмтылады. Сол арада біздің адамдар кӛмекке 
келіп үлгеріпті. Енді қайратына қайта мініп, нағыз қаһарман, хас батыр 
қалпына түскен Строжкин: 
- Тимеңдер бұған! Мұны ұстаған менмін! - деп дауыстайды. 
Ол тұтқынның қалтасын тінтеді, далалық сумкасын сыпырып алады, 
пистолет-парабеллумын тауып, ӛзінің беліне қыстырады. Сӛйтіп, бет-аузы 
қанталап, ыңырсыған капитанды Матрениноға айдап әкетеді. 
Басқа жауынгерлер де қайтып орала бастайды. Строжкин тұтқынын 
тоқтатып, келе жатқандарды күтіп тұрады. Мұрты жаңадан тебіндеген 
талдырмаш бала жігіт батырсына айбат шегіп, шаңқ етеді: 
- Неге кейін қайттыңдар? Тек қана алға! 
Анадайдан Филимонов дауыстап; 
- Строжкин, билік айтпа сен! – депті. 
Осынау қысқа мерзімді ұрыс кезінде болған тағы бір кішігірім 
оқиғаны атап ӛтейін. Неміс мотоцикашілері моторларын оталдырып, 
бұрынғы келген жолымен деревнядан зыта жӛнеледі. Осылай боларын білген 
бӛлімше командирі, бейбіт күндері мотоциклет иеленген Курбатов поселке 
шетінде аңдып жатып, қолайлы сәтті пайдаланған. Ол машиналарына мініп, 
қашып бара жатқан тӛрт немісті дәл кӛздеп, атып түсіреді. 


463 
Трубканы құлағыма тосып, Рахимовтың мәліметтерін байыптап 
тыңдадым. 
- Ӛлік ӛте кӛп, жолдас комбат. Есебі алынып жатыр. Тәрізі, біз 
батальонның жартысынан кӛбін қырып тастасақ керек. Азырағы қашып 
құтылды, Қолға түсірген олжамыз: документтер, жарамды пулеметтер, 
патрондар, кӛптетен жекелеген қару-жарақ, мотоциклеттер, минометтер, 
кӛптеген мина. 
Маған ӛте-мӛте ұнайтыны: минометтер! Бізді қорғаныс шебімізден 
дүрліктірген де осы минометтер гой. Енді бұлар біздің әжетімізге жарайды. 
Иә, енді генералға хабарлауыма болады. Тек кеудені кернеген 
қуанышты тежей біліп, масайрамастан, салмақпен, іскерлікпен мәлімдеуім 
шарт. 
10 
Бұдан әрі Панфилов шыдай алмаса керек, ӛзі телефон соқты. 
- Ал, сізде жағдай қалай, жолдас Момышұлы? 
Мен ешбір лепірместен, болған оқиғаны қысқаша баяндадым: 
Филимоновтың ротасы Матрениноға үш жақтан бірдей басып кіргенін, неміс 
батальонының едәуір бӛлігі жойылғанын, басқаларының қашып құтылғанын, 
батальон командирінің тұтқынға алынғанын айтып бердім. 
Панфилов жалма-жан: 
- Қалай? Қалай? Батальон командирі? - деп сұрады. 
- Дәл солай. Оның үстіне, қолға түсірген олжамыз: пулеметтер, 
минометтер, мотоциклеттер. Қазір рота станцияға қайтадан бекінуде. 
- Не деп тұрсыз ӛзіңіз! Сіз мұны тексердіңіз бе? 
- Штаб бастығы, лейтенант Рахимов станцияда жүр, жолдас генерал. 
Маған сол жерден мәлімдеді. Қазір ӛлтірілген немістер мен қолға түскен 
олжаның есебі алынып жатыр. 
- О, жолдас Момышұлы, мұның аты… Мұның аты… Панфилов кідіріп 
қалды. Оның да әлденендей бір асқақ сӛздер қолданудан тартынғаны аян еді. 
Оллаһи, бүгінгі күн бізге жаңаша тәлім үйреткендей. Барлық жауынгерлер 
мен командирлерге асқар таудай алғысымды жеткізіңіз! 
- Құп! 
- Екінші рота не болды? 
- Білмеймін, жолдас генерал. Әлі байланыс жоқ. 
- Ымм… Бәлкім, орманда ыдырап жүрген болар. Ол жаққа 
адамдарыңызды жіберіңіз. Қалайда бір-екі политрук болсын. Ыдырап 
жүргендерді жинау керек. Осыны ойластырыңыз, жолдас Момышұлы. Әрбір 
он солдат қымбат бізге. Ұйымшыл болса, сол онның ӛзі - мықты тірегіміз. 
- Құп болады. Жіберемін. 
Біраз үндемей тұрған Панфилов: 
- Кӛріскенше қош болыңыз, - деді. 


464 
Әрина, мұны да түсіндім мен. Шынымды айтсам, енді басқару тізгінін 
ӛткізуімнің және дивизия штабына баруымның қажеті болмас деп үміттенген 
едім. Бірақ Панфилов мұны әңгіме еткен жоқ. Мұның да жӛні бар, ӛйткені 
жарлық берген үлкен бастық қой. Демек, қараңғы түсісімен-ақ батальоннан 
жүріп кетіп, Звягиннің қатал тӛрелігіне жүгінуге міндеттімін. 
Матренинодан Филимонов телефон соқты. Болжау ӛліктерінің есебі 
алынғанын, олардың саны екі жүзден асатынын мәлімдеді. Бұл шабуылдағы 
біздің шығынымыз - он сегіз адам жараланған. Минут сайын олжаға олжа 
қосыла берді: ат-арба, азық-түлік, офицерлік шамадан, солдат қапшығы, 
парабеллум, дүрбі, шоколад тақтасы, француз шарабы дегенің кӛп-ақ. 
- Француз шарабы ма? – деп қайыра сұрадым мен. 
- Дәл солай… Бұл жолы да Строжкин айрықша кӛзге түсті, жолдас 
комбат. Бӛтелкені аузына тӛңкеріп, бірдеңе ішіп тұрғанын кӛрдім оның. 
«Строжкин, не істеп тұрсың?» «Әншейін, квас қой!» деді де, бӛтелкесін 
мылтығының дүмбісіне соғып, сындырып тастады. Мен бӛтелкенің 
сыртынан: "Бургунд шарабы, 1912 жыл» деген жарнамасын оқыдым. 
Трубкадан Филимоновтың ӛзгеше қарқылдап күлгені естілді. 
Байырғы қатал командирдің күлкісінен балаға біткен шолжаңдықтың 
естілуі маған бір түрлі ерсі кӛрінді. 
- Ефим Ефимыч, қылғытып алғаннан саумысың ӛзің? 
- Бұйырмасын. Оған уақытым да болған жоқ. Кешкісін дәмін татамын 
ғой. 
- Абайла, адамдарың шектен шығып жүрмесін. 
- Абай болам ғой. Қазір, жолдас комбат, ат-арбаға жүк тиеп сізге 
жӛнелткелі жатырмыз. Жолдас комбат, жаттығу жұмысын ұйымдастыруыма 
рұқсат етіңіз. 
- Неғылған жаттығу? 
- Неміс қаруын, пулеметтері мен минометтерін зерттемекпіз. 
- Табылған ақыл! Рахимовқа айт, бірінші сабақты сол ӛткізсің. 
Содан соң штабқа келсін. Адамдарына жарияла: генерал барлық 
жауынгерлер мен командирлерге асқар таудай алғыс айт деп бұйырды. 
- Құп! Совет Одағына қызмет етемін! - деп шырқады Филимонов. 
Онша орынды болмаса да, ол тағы да балаша сақ-сақ күлді. Тәрізі, 
ӛзінің бастан кешірген қияпатын, іштегі шерін осы күлкі арқылы тарқатпақ 
болуы керек. 
- Заевтың тарапынан сақтанғайсың. Одан хабар-ошар жоқ. Сол жақтан 
қапелімде немістер шыға келуі мүмкін. Жауынгерлерге ескерт! Ұқтың ба? 
- Ұқтым, жолдас комбат. 
- Толстуновты шақыр. 
Нақ сол мезетте трубкадан оның жуан даусын есіттім: 
- Комбат па? 
- Федя, генерал бәріңе алғыс айт деп бұйырды. Оның үстіне сен менің 
арнаулы жолдастық алғысымды қоса қабылда. 
- Мұның не, Бауыржан? Қажеті не? 


465 
- Жарайды, бұл осымен бітсін. Ендігі әңгіме мынау. Заевпен 
байланысымыз жоқ. Ең соңғы ақпарында: «Орағытып ӛте бастады», - деген. 
Содан бері екі сағаттан астам уақыт ӛтті. Орманда ыдырап жүргендері болса, 
барып соларды жинау керек, деді генерал. Бозжановты және бірнеше 
жауынгерді қасыңа ертіп, сол белгі жаққа бет түзе. Сені күтемін. Сенсіз 
батальоннан кетпеймін. 
- Қалайша? Қайда кетпексің? 
- Қайтып келгеніңде айтып беремін… Жауға тосын тап болып 
жүрмендер. Сонымен, сені күтемін. 
- Түсінікті… Ендеше, мен кеттім, комбат. 
11 
Далаға шыққым келді, бір-екі минут жүріп қайтсам деймін. Бұлт 
арасынан ақтандақтанып кӛрінген күннің табағы орман тӛбесіне жақындап, 
сарғыш тартқанымен, айнала-тӛңірек әлі жап-жарық еді. 
Ұрыстың аласапыран тарсылы әлі саябырлаған жоқты. Алысқа ататын 
орудиелердің күшті сарыны, кӛмескі дүңкілі, қатты шаңқылы, танкке қарсы 
ататын зеңбіректердің балтаның тоқылдауына ұқсас дүрсілі, пулеметтердің 
тырылдағаны, әлсіреп шыққан мылтық даусы міне, жамырасқан осы бір 
бағытта баяуласа, екінші бағытта дауылға ұласып кетеді. Горуна маңындағы 
алқапқа оқта-текте бірен-саран, бәлкім, кездейсоқ снарядтар түсіп жарылады. 
Оң жақтан жарылыс сарыны жиі болмағанымен, біркелкі үздігіп естілді. 
Панфиловтың штабы орналасқан Шишкино деревнясын дұшпанның 
тынымсыз атқылап жатқаны байқалады. 
Біраз бой жазғаннан кейін мен қайтадан баспалдаққа шығын, сенектен 
ӛттім де, штаб бӛлмесінің есігін аштым. Сонда маған бұрыла қараған 
телефоншы бірден кӛзіме түсті. Ол жаңа ғана жуынып шыққандай, мұнтаздай 
таза кӛрінді. Жалма-жан ұшып тұрып, маған трубканы ұсынды.
- Жолдас комбат, проводта лейтенант Заев. 
- Заев? 
Телефоншы күлімдеп, басын изеді. Ол бәрін де білетін, бәрін де бізбен 
бірге бастан кешірген. Мен трубканы жұлып алдым. 
- Семен? 
Сол заматта Заевтың аптыға сӛйлегені естілді. 
- Жолдас комбат, бір автомашинамыз, үш танкіміз, тягачымыз бар. 
- Сабыр ет! Ӛзің қайдан сӛйлеп тұрсың? 
- Кәдімгі белгіден. Ӛзімнің блиндажымнан… Зеңбіректеріміз де бар. 
Баққа кез болдық, жолдас комбат… Менің арыстандарым Совет Одағының 
сайып қырандары! 
Осындай оқыс нәрселерді, кейде біраз жаттанды, бірақ шын жүректен 
шыққан сӛздерді қолдана сӛйлеуге Заевтың жаны құмар екенін ӛзіңіз білесіз. 
Сӛзін тыңдасам да, байыбына бара қоймадым. Бірақ сӛзін бӛлгім келмеді. 
Ойындағысын айтып бітірсін. Жағдайға да сӛз кезегі келер. 


466 
- Шынымды айтсам, жолдас комбат, аман қаламыз ғой деп ойлаған 
жоқ едім. Бәрі таң-ғажайып болып шықты! 
Қаңғырған жарықшақ тиген болуы керек, байланыс сымы тағы да 
шорт кесілді. 
Енді қайтем, Заевқа кімді жіберем? Айтпақшы, Тимошин бар ғой, бұл 
жолы да әжетке жарайтын сол. Ол нәубетші байланысшылар- мен бірге 
іргелес бӛлмеде отыр екен. Мен кіріп барғанда, бәрі лезде орындарынан 
тұрды. Менің бір еріксіз байқағаным, Тимошиннің жаудыраған кӛздері маған 
ӛзгеше қадала қалған: бейне мені жаңадан ғана танып білгендей. Дәл сол 
минутта мен бұл кӛзқарастың мәнісін түсіне қойған жоқпын. 
- Тимошин, атқа мін де, Заевқа шап! Онда не болып жатқанын анықта 
да, дереу кейін қайт! 
- Құп! 
Бӛлмеге келіп, Панфиловка телефон соқтым. 
- Жолдас генерал, әзірше анық-қанығын білмеймін, әйтеуір, белгі 
маңында да біздің ісіміз сәтті болып шыққан сияқты. 
- Заевтың ротасында ғой? Солай ма? Одан не хабарыңыз бар? 
- Дұшпан ротаны қоршай алмапты. Одан әрі не болғанын түсіне 
алмадым, байланыс үзіліп қалды. Әйтеуір, олжалары бар. Анықтап алғаннан 
кейін дереу мәлімдеймін. 
- Тәңірім жар болсын! Тәңірім жар болсын сізге, жолдас Момышұлы. 
Ұзамай бәрі анықталды. Тимошин шауып келді, одан кейін іле-шала 
Толстунов пен Бозжанов та жаяу келіп жетті - қуанышты хабар әкеле 
жатқанында аяғыңның жерге тимей кететіні бар ғой, оның үстіне Заевпен 
арадағы байланыс та қайта орнатылды. 
Сонымен, Заявқа: не бақ, не сор деп бұйрық берілген-ді. Әрине, 
бұйрық деуге келмес мұны. Екінші рота, яғни Заевтың қобалжыған кезі 
болды, бірақ мен мұны тыйып тастадым. «Дыбыстарыңды шығарма!» 
дегенім тағы бар. Шындығында, менің бар бітіргенім осы. 
Заевтың жауынгерлері ашық дӛңесте қазылған окоптарында дыбысын 
білдірмей, қыбырламай жатқан кезде немістер осы жотадан айналып ӛтіп, 
жолға шығады. Кӛпірдің қасына сегіз танк ӛрмелеп келеді. Кӛпірдің 
миналанған-миналанбағанын тексеріп шығу үшін олар осы арада тоқтайды. 
Алғашқы үш машинадан шыққан танкистер айналасын зерттей бастапты. Ал 
осы сауытты колоннаға ерген жаяу әскерлер суы қатқан бұлақтан аттап ӛтеді 
де, автоматтарын кезеніп, жотаға кӛтеріле бастайды. Әрбір бұтаны атқылап, 
асқан сақтықпен ілгерілей береді. Қатты тоңған жауынгерлер немістердің 
әне-міне дегенше жетіп келіп, бұларды жойып жіберуге әзір екенін кӛріп 
жатады. 
Бас сауғалау сезімі күшейе түскен. Тағы бір минут ӛтіп, жау он -
жиырма қадам аттаса-ақ, ажал тӛнеді! Сол мезетте Заевтың: «Алға!» деп 
айқай салуы мұң екен, жауынгерлер бірден лап кӛтеріліп, қарсы шабуылға 
ұмтылады. Тек осындай қиын-қыстау кезенде ғана әрбір жүйке тамырың: 
сенің тағдырың, не ӛліп, не тірі қалатының дәл осы сәтте шешіледі деп жар 


467 
салып тұратын кезеңде ғана нақ қазіргідей айбарлы, тұтқиыл қимыл жасалуы 
мүмкін. 
Заевтың айқайы, оның жарлығы шірене тартқан садақ жебесінің 
атылуындай, барынша жиырылған серіппенің кенет жазылғандағы екпінді 
күшіндей әсер еткен. Осы оқиғаны жазғанда жауынгерлерді садақтың 
жебесіндей, яғни серіппедей атылдыратын бұйрықтың жігерлендіргіш әрі 
жойқын күшін түрлендіре, келістіре суреттегейсіз. 
«Ӛлі жандар» бірден кӛтеріліп, тӛмен қарай құлдилап, лап қояды. 
Тегінде бұл жарылыстың дүмпуімен, бетті шарпыған жалынмен бірдей. 
Қаншама сақтансаң да, мұндайда аяқ астындағыны кӛруден қаласың, естен 
танасың. Немістер жалт береді. Кӛпірге қарай ұмтылған, «қайта тірілген» 
рота аласұра қашқан жауды жайрата береді. Кӛпірдің үстіндегі тоғыз танкист 
те біздің оғымыздан жан тапсырады. Басқа танктер біздің адамдарға оқ ата 
бастаған. Бірақ біздің жауынгерлер бұлаққа жетіп үлгереді де, жарқабақты 
паналап барып, әлгі танктерге гранаталары мен бӛтелкелерін лақтыра 
бастайды. Кӛмектесетін жаяу әскерінен айрылған бұл танктер оқ атқан бойы 
кейін шегінеді. 
Заевтың ротасы жаудың жүзге жуық адамын қырған, иесіз қалған үш 
танкті қолға түсірген. Жауынгерлер бұл машиналардың ішінен қуырылған 
тауық етін, әйелдің киім-кешегін, аяқкиімін, түрлі мата, басқа да кӛп-жер 
тауыпты. Сонымен қатар жетпіс бес миллиметрлік зеңбірек, бір тягач және 
кӛптеген снаряд қолға түсіпті. Кӛшпелі радио аппараты қондырылған бір 
жеңіл машина да шұңқырға тығылған күйінде қалып кетіпті. Немістер 
кетерінде оның моторын қиратып үлгерген. 
Қар бетін қанға бояп, жауды қуып тастаған, жеңіске жетіп масайраған 
Заевтың ротасы қайтадан бұрынғы позициясына бекінген. 
12 
Менің штабым түгел бас қосқанда кеш бата бастаған-ды. 
Үйдің іші у-шу. Дауыстар әдеттегіден тым кӛтеріңкі естіледі, кеудені 
кернеген шаттық күлкісі тыйылар емес. Жеңіс қуанышы бӛлмені жайлап, 
түрлендіріп жібергендей. Бұрын кӛңілді жабырқататын сүреңсіз тұсқағаздар 
енді, ымырт қараңғысына қарамастан, бейне күмістей жылтырайды. 
Матренинодан олжа заттар - пистолеттер, дүрбілер, шамадандар, 
бума-бума документтер, сигареттер, тәтті заттар, шарап әкелінген. Олжа 
заттар стол мен кереует үстінде де, терезе текшелері мен бӛлменің 
мүйістерінде де үюлі жатыp. Есік бір ашылып, бір жабылады, Хабаршылар, 
телефоншылар, күзетке тұратындар, шаруашылық взводының жауынгерлері, 
ат айдаушылар рұқсатсыз кіріп шығады. 
Қызара бӛрткен Рахимов жарлық беруде. Мен еш нәрсеге араласпай, 
шетте тұрмын. Кеудемді шаттық кернеген. Сын сағатта, қиын-қыстау кезеңде 
менімен туыс болып кеткен, менің кӛңіл күйімді жақсы түсінетін қаһарман 
серіктерім де осы шаттыққа ортақ. Толстунов маған жылы шыраймен, 


468 
мейірлене қарайды. Бозжанов мені балаға біткен мүләйімдікпен құрметтейді. 
Тимошиннің маған байыптап, ұзақ қарауының сырын да енді түсінгендеймін. 
Жастың жанары: «Сен ерен ерлік кӛрсеттің!" - деп тұрғандай. 
Мен ешқашан да қол басқару қорқынышын да, командирдің 
қуанышын да қазіргідей терең сезініп, танып білген емеспін. Шаттық 
кеудемді кернейді, қуанышым қойныма сыймайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет