Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет12/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   200
Asyl-analar

 
 
барымталап, қыздарын тартып алып кететін. Ал тұтқынға түскен 
қыздардың тайпалас-туғандары үшін бұл жұрт бетіне қарай 
алмайтын масқара қорлық саналатын. Міне, осындай қорлыққа 
ұшырамаудың ең тиімді тәсілі қыз бала туғанда, оларды тірідей 
жерге көму еді. Біз сөз еткелі отырған Умму Кәжжә жайлы әңгіме 
надандық дәуірдегі әйел ахуалы мен Ислам келгеннен кейінгі 
әйел жағдайын таразылайды. Умму Кәжжә кім еді? 
Ол белгілі сахаба Әус ибн Сәбитпен (Аллаһ оған разы болсын) 
тұрмыс құрған, ансарлардың беделді ханымдарының бірі 
болатын. Әус Ухуд шайқасында қаза тапқанда, артында екі 
кішкентай қызы қалады. Күйеуінің қазасын сабырлылықпен 
қабылдаған Умму Кәжжә кейде бүлдіршін қыздарын бауырына 
басып, көзінің жасын сығып алатын. «Жығылғанға – жұдырық» 
дегендей, марқұм Әустың немере інілері Суәйб пен Арфажа 
Умму Кәжжәның үйіне келіп, күйеуінен қалған әжептәуір мал-
дүниені талан-таражға салып, бір сабақ жіп қалдырмай, түгел 
сыпырып кетеді
1

Умму Кәжжәның:
«Бұларың қалай?» – дегеніне, олар: «Сен өзіңнің әншейін бір 
бұйым екеніңді ұмытпа», – деп жауап береді. Исламның мұндай 
ақылға сыймас, масқара тірлікпен келіспейтінін жаны сезген 
Умму Кәжжә Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: 
– Уа, Аллаһтың елшісі! Мен жесір, қыздарым жетім қалдық. 
Әкелерінің артында әжептәуір мал-дүние қалған-ды. Ал Суәйб 
пен Арфажа сол дүние-мүліктен бізге ештеңе қалдырмай алып 
кетті. Дәл қазір оларды азық-ауқатпен қамтамасыз ететін 
ешкім жоқ, – деп шағымданады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол 
екеуін шақыртып: 
– Мұны не үшін істедіңдер? – деп сұрайды. Олар: 
1
Бұл екі кісі дінді жаңа қабылдаған, Исламға дейінгі түсініктен арыла 
қоймаған мұсылмандар болатын. 


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет