Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет10/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200
Asyl-analar

 
 
маңызды нәрселермен тәрбиеледі. Міне, Исламдағы әйелдердің 
рөлі осындай!
Ендеше, біздің бұл еңбекті бастаудағы мақсатымыз – 
мұсылман қоғамында ұмытылмас із қалдырған әйелдердің өмір 
тарихының өнегелі жарқын беттерін көрсету. Мәселен, Умму 
Һәниді (Аллаһ оған разы болсын) алайық. Ол заманда арабтарда 
біреуді біреу қорғауға алатын әдет-ғұрып бар-ды. Бұл үшін 
қорғаушы адам айналасындағыларға беделді, сыйлы, сөзі өтімді
абыройлы болуы керек. Сонда оның қорғанына алған адамы, 
мейлі жерлесі, мейлі жатжерлік жан болсын, оған сол елді 
мекенде ешкім зиянын тигізе алмайтын. Умму Һәнидің заты әйел 
болса да, оның айналасындағыларға абырой, беделі сондайлық, 
тіпті кейбір мүшріктерді қорғауына алуға жараған еді. Тіпті 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі оған: «Сен қорғаныңа алғанды біз 
де қорғанымызға алдық»
1
, – деген. 
Міне, жалпы адамзат қоғамында әйел затының түкке тұрғысыз 
бұйым секілді саналған сәтінде, Исламда әйел осындай (қаулы 
шығару, қорғанына алу т.с.с.) дәрежеге ие еді. Ислам үшін 
күрестегі 
қайраткерлікке, 
қадір-қасиетке 
келсек, 
Ақаба 
келісіміне
2
қатысқан, шайқастардың бірінде Пайғамбарымызды 
(с.а.с.) өз денесімен қорғаған Нусайбаны (Аллаһ оған разы 
болсын) айта аламыз. Сондай-ақ қайырымдылық істеріндегі 
қажырлылықта Зәйнәб Жахшқызы (Аллаһ оған разы болсын) 
сияқты ерен тұлғалар қоғамға зор үлес қосты. Айша (Аллаһ оған 
разы болсын) ол жайлы: «Мен дінде, еңбекқорлықта Зәйнәбтан 
1
Әл-Бұхари, Салат: 4; Муслим, Мусафирун: 82. 
2
Пайғамбарлықтың 13-жылы қажылық жасауға келген мәдиналық 
мұсылмандардың 
үлкен 
тобы 
Ақаба 
атты 
тау 
асуында 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) бойсұнуға, мұсылмандарға қаржылай көмек 
көрсетуге, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға келсе, жәрдем көрсетуге 
ант берген болатын. 


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет