Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет184/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Сәнденушілер жүректерінде Аллаһтың қорқынышынан әдемі 
ешбір нәрсемен сәнденген емес», – деген сөзі бар. 
Уәлид ибн Абдул-Мәликтің тұсында мұсылман әскерлері 
Ислам дінін әлемге тарату мақсатында жан-жақты күрес жүргізіп 
жатқанды. Уммул Бәниннің әдеті әр аптада бір ат сатып алып, 
біршама уақытқа жететін азығымен қосып, оны бір жауынгерге 
сыйлайтын. Осындай ісімен ол Ислам әскеріне әр жұмада бір 
жауынгер 
қосатын. 
Бұл 
арқылы 
Уммул 
Бәнин 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.):
«Кім бір жауынгерді дайындаса, ол Аллаһ жолында 
соғысқан болып саналады»
1
, – деген уәдесіне сай, Аллаһ 
жолында күрестің сауабын алуды қалайтын. Оның тағы бір 
сүйікті істерінің бірі құл босату еді. Өйткені сол кездегі қоғамда 
белең алған өзекті мәселелердің бірі адам құлдығы болатын. 
Осыған байланысты да Ислам құлдарды азат етуге көп үндеген. 
Бірте-бірте Ислам қоғамын құлиеленушіліктен біржолата арылту 
үшін құл азат етуді көптеген күнәның өтемі етіп көрсеткен. 
Ислам құл азат еткен адамдарды тозақ отынан құтылумен 
марапаттайды. Міне, осы мәселеге Уммул Бәнин де белсене 
атсалысқан. Ол Аллаһ тағаланың құл азат етуге шақырудағы 
мақсатын жақсы түсінген. Өзі құралпы елдің бетке тұтарлары 
құлдары мен күңдерінің санын арттырып жатқанда, Уммул Бәнин 
әр жұмада бір құл азат етіп, оған қоса азат етілген құлға оның 
қоғамға қиналмай сіңіп кетуі үшін біршама мал-дүние ажыратып 
беретін. Нағыз мұсылман, тақуа әйелдегі Аллаһқа берілудің 
көрінісі мінеки, осындай еді. Тақуалық дегеніміз – құрым киім 
киіп, ел кезіп дәруіш кейпінде қоғамға масыл болу емес
керісінше, қолынан келгенше адамзат қоғамына пайдасын тигізу. 
Уммул Бәнин мен Уәлид ибн Абдул-Мәликтің өмір жолдары 
залым Хажжаж ибн Юсуф әс-Сақафи және оның інісі Мұхаммед 
ибн Юсуфтармен тұспа-тұс келеді. Хажжаж Иракта, ал інісі 
1
Әл-Бұхари, Жиһад: 38; Муслим, Жиһад: 135 және басқалар. 


245


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет