Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет189/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   200
Asyl-analar

 
 
Уммул Бәнин қызметкерлеріне: «Күте тұрсын», – деп бұйырып
ұзақ уақыт бойы сарылтып күттіріп қояды. Көп уақыт өткеннен 
кейін ғана кіруге рұқсат береді. Хажжаж ибн Юсуф кіріп сәлем 
бергенде, Уммул Бәнин шымылдық артынан оның сәлеміне 
жауап қайтарады, бірақ отыр демейді. Хажжаж тік тұрған күйі 
абдырап состиып қалады. Сәлден соң ғана Уммул Бәнин тіл 
қатып: 
«Бәрекелді, Хажжаж! Сен мүміндердің әміршісіне Абдуллаһ 
ибн 
Зубәйрді 
өлтіргеніңді 
міндет 
қыласың 
ба? 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасының ұлы, ғибадатшыл, 
Аллаһқа бойсұну үшін уақытын арнаған, «Қос белбеу иесінің» 
(Әсма Әбу Бәкірқызының) ұлы, Мәдинада алғаш туылған 
мұсылмандар сәбиі...», – деп, осылайша Абдуллаһ ибн Зубәйрдің 
қадір-қасиеттерін санамалап келіп: «Ал сен кімсің?» – дейді. 
Осылайша бұл әйел бір кездерде өз күйеуіне қарсы шыққан, 
өмірінің соңына дейін аттан түспей, соғыс жүргізген Абдуллаһ 
ибн Зубәйрдің Исламдағы орнын жоғары бағалап, ол батырға 
саяси тұрғыдан емес, ақида көзқарасымен қарайды. Мінеки, 
Уммул Бәниннің білдірген бұл пікірі – оның ақыл-парасатының 
кемелділігінің дәлелі емес пе? 
Сосын Уммул Бәнин сөзін әрі қарай жалғап: 
«Сен мүміндердің әміршісіне Абдур-Рахман ибн Ашғасты 
өлтіргеніңді міндет қыласың ба?» – деп Абдур-Рахманның қадір-
қасиетін сөз қылады. Сосын Хажжаждың басқа да өлтірген 
адамдарының дәрежелерін тілге тиек ете келіп: «Ал сен кімсің?» 
– деп Хажжаждың теріс істерін, жиренішті қылықтарын
азғындығын айта бастайды. Тіпті оның атышулы жаман адам 
екенін, түр-тұрпатының ұсқынсыздығын бетіне басады, мінезінің 
кесірлігін айыптайды. Аяғынан тік тұрған бойда Хажжаж 
қалшиып тұрып қалады. Сосын Уммул Бәнин: 
«Сорың құрсын! Ей, Юсуфтың ұлы! Аллаһтың атымен ант 
етейін! Егер Аллаһ сенің Өз жаратқандарының ең кесірлісі екенін 
білмегенде, сені Қағбаны тас атқышпен атқылау сияқты бәлеге 


251


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет