Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет190/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   200
Asyl-analar

 
 
душар қылмайтын еді
1
. Егер сен Аллаһтың алдында ең бір азғын 
мақлұқ болмағаныңда, Ол саған Қағбаны атқылатпайтын еді. 
«Қос белбеу иесінің» тақуа, таза ұлын өлтіртпес еді. Аллаһтың 
атымен 
ант 
етейін! 
Сен 
өзіңнің 
күш-құдіретіңмен, 
батырлығыңмен мақтанасың. Ал сен Ибн Ашғастан қатарынан 
бес шайқаста жеңіліс тапқан жоқсың ба? Аллаһтың атымен ант 
етейін! Саған Абдул-Мәлик ибн Маруан жәрдем қолы ретінде 
Шамнан әскер жібермегенде, жеңе алмас та едің. Сен сол бір 
Абдур-Рахман ибн Ашғасқа қарсы соғысыңда тынысың тарылып, 
өрмекшінің торынан да әлсіз күй кештің. Сені орныңда 
қалдырған Шам шаһарының найзалары. Шам әскері сені олардың 
қылыштарының қатерінен құтқарды, саған жеңіс әперді. Ал енді 
сенің мүміндердің әміршісін әйелдердің сөздерінен сақтандырып, 
олардың арасында көп отырмауға кеңес бергеніңе келсек, егер 
мүміндердің әміршісінің әйелдері өздерінің әтірлері мен сәндік 
бұйымдарын сатып, саған жібермегенде, сен жеңбес едің. Біз 
осылай саған көмек қолын жібермегенде, сен соғыспас та едің. Ең 
төменгі таптағылардың бірінен болар едің. Сорың құрсын, ей, 
Хажжаж! Сен мүміндердің әміршісіне әйелдер жайлы не насихат 
айттың? Сені туған әйел емес пе?! Егер анаң болмағанда, сен 
дүниеге келмес те едің», – дейді. 
Хажжаж «ләм-мим» деп жақ ашуға шамасы келместен 
аңтарылып, қалшиған қалпы тұрды. Уммул Бәнин енді оның 
хауариждерден жеңіліп қашқанын айтып жазғыра бастайды. 
Умәуилер мемлекетінің Хажжаж басқарған әскері хауариждерден 
бірнеше рет жеңіліс тауып қашқан болатын. Умәуилермен 
хауариждер арасында сексенге жуық қақтығыс орын алған-ды. 
Бұл шайқастардың біразын хауариждер қолбасшысы Шәбиб 
1
Абдуллаһ ибн Зубәйр Меккені келіп паналағанда, қаланы қоршауға 
алған Хажжаждың әскері қала қорғанысын соғыспен ала алмаған соң
оны тас атқышпен атқылаған. Сол тастардың бірі Қағбаның 
қабырғасына тиіп, оны бүлдіреді. 


252


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет