Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет35/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   200
Asyl-analar

 
 
отырған перғауынға қарамай, Аллаһқа: «Мені перғауын мен 
залым қауымнан құтқар!» – деп жалбарынды. Ол ақида талабын 
барлық нәрседен артық қойды. Ол құлдықтағы отбасынан 
шыққан асыранды баласын дүниенің тұтқасын қолында ұстаған 
күйеуінен абзал көрді. Ол қолында тұрған дүниемен алданып 
қалмай, ақыретін ойлады. 


45
 
 
БИЛҚИС 
«Оған әрбір нәрседен несібе берілген» 
Бұл әйел жайлы әңгімеміз шым-шытырық хикаялар мен 
таңғажайып кереметтерге толы Сүлеймен пайғамбардың 
(аләйһис-сәләм) қиссасымен тығыз байланысты. Бұл қисса 
«Нәмл» сүресінде баяндалады. 
Күндердің күнінде Сүлеймен адамдардан ғана емес, жын-
перілер мен аң-құстардан құралған бүкіл әскерінің жиналуына 
бұйрық береді. Жиылысқа һудһуд (көкек) келмей, Сүлеймен 
құстарды түгендеді де: «Һудһудты неге көрмеймін, әлде ол 
жоғалып кетті ме?» – деді». Кешіккен соң, оған іздеу салып: 
«Расында, мен оған ауыр азап көрсетемін, не оны 
бауыздаймын немесе маған бір анық дәлел келтірсін», – дейді. 
Бір кезде көп күттірген Һудһуд келіп, Сүлейменге:
«Мен сен білмеген бір нәрсені білдім және саған Сәбәдан 
анық бір хабар алып келдім», – дейді. Ол әңгімесін жалғап:
«Мен оларға патшалық етіп отырған бір әйелді көрдім. 
Оған әрбір нәрседен несібе берілген және оның орасан зор 
тағы бар. Оның және елінің Аллаһқа емес, күнге 
табынатындарын көрдім. Шайтан оларға амалдарын әдемі 
көрсетіп, жолдан қайтарған. Сондықтан олар тура жол таба 
алмай жүр. Олар аспандар мен жердегі жасырылғанды 
сыртқа шығаратын және сендердің жасыратындарың мен 
жариялайтындарыңды білетін Аллаһқа сәжде етпейді ме? 
Ұлы Аршының Раббысы – Аллаһ. Одан басқа ешбір құдай 
жоқ», – деді. 
Бұл заты әйел болғанына қарамастан, Құранда айтылғандай, 
ұлы патшалық құруға қол жеткізіп, өте мықты өркениет 
қалыптастырған, ұлы тұлғалы Билқис деген нәзік жан еді. «Оған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет