Асылтаева эльнура бейсенбековна қазақстан қоғамының демократизациялануы контекстіндегі азаматтық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері



бет7/11
Дата30.05.2016
өлшемі1.56 Mb.
#103266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Яғни эксперттердің пікірінше, қазақстан қоғамы дамуының қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының әрбір халқының рухани мәдениеті табылуы тиіс. Аталған даму деңгейінің жоғарылағаны сайын әрбір ұлттық мәдениетте жалпы қазақстандық қасиеттер басым болады [178]. Яғни бұл тұста жалпы халыққа ортақ қазақстандық мәдениетті қалыптастыру үшін барша азаматтарға ортақ мәдениеттің құрамдас бөліктерін анықтау қажет. Сонымен қатар ұлттық идеологияның нақты нұсқасы қажет.



Кесте 7 - Саясаткерлер, публицисттер, эксперттердің мәтіндеріндегі кең таралған пікір және оның жиілігі (Ұлт бірлігі доктринасында көрсетілген мәселені шешу жолдары бойынша)


Жарияланымдардың саяси мазмұны

Саясаткерлер, публицисттер, эксперттердің мәтіндеріндегі кең таралған пікір және оның жиілігі

Мәтіннің авторына сәйкес жіктелуі

саясаткерлер

публицисттер

эксперттер

Жалпы саны

Ұлт бірлігі доктринасында көрсетілген мәселені шешу жолдары

Ұлт Рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздегі әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру;

22

24

21

67

мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру;

66

54

48

168

Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау;

22

24

22

68

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру.

26

15

16

57

«Ұлт бірлігі» доктринасында көрсетілген этносаралық қатынастарды реттеудің тиімді әрі ұтымды жолы ретінде контент-талдау бойынша мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру анықталады. Сонымен қатар, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау қажет деп есептелінеді. Өйткені, қазіргі кезеңдегі өтпелі қоғамда айтарлықтай даулы, жанжалды жолды айналып өтіп, бейбітшілік жолмен ұлттық мемлекетті құру идеясын жүзеге асыру керек.

Көптеген сарапшылар «қазақстандық» ұғымы 10 жылдан кейiн “қазақ” ұғымына орын берiп, толықтай жойылады деп есептейдi [177].

Барша қазақстандықтарды біріктіретін Ұлт Рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздің әрбір азаматының өмірлік бағдарына айналдыру мәселелеріне де аса зор назар аударылады. Яғни, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы алдында тұрған көкейкесті мәселе – ұлт қалыптастыру. Қазіргі таңда елде ұлт жоқ деп атауға болмайды, дегенмен «ұлт» түсінгінің сипаттамасын кеңейтіп, азаматтардың ортақ мүдде төңірегінде жұмылған ұйым ретінде анықтау қажет.



Елде түрлі этностардың ұлттық-мәдени мүдделерін жүзеге асыратын қоғамдық институттар көптеп ашылады бастады. Қазақстанда мекен ететін этностардың өз этнос тілі мен мәдениетін сақтау мен дамытуға көптеген жағдайлар жасалды. Сонымен қатар Ассамблеяның басты міндеттерінің бірі ретінде азаматтарды отансүйгішті қасиеттерге баулу мен жоғары адамгершілікті мәдениетті дамыту болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XI сессиясында мемлекеттің алдында тұрған басты мақсат - өркендеген көпұлтты Қазақстанды құру үшін азаматтық бейбітшілік пен келісімнің мемлекеттік саясатын, этносаралық және конфессияаралық диалогты нығайту қажет деп көрсетілген [173, 72б.].

Азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда либералды дәстүрдің басымдыққа алынғанын 2007 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутатты Қазақстан Республикасының Парламентіне сайлауды енгізуде байқауға болады. Бұл өз кезегінде Қазақстан қоғамының демократиялану жолында үлкен қадам болып есептелді. Өйткені Қазақстан Республикасында осындай шара басқа дамыған елдерде қолданылмаған еді. Осылайша әрбір этностың мүдделері заңшығару билігінде қамтамасыз етіле бастағанының айғағы болып табылады.

Дегенмен де Қазақстан халқы Ассамблеясы ғалымдардың көптеген сындарына ұшырады. Бастапқыда құрылу идеясы жақсы болғанымен айтарлықтай қызмет істей алмады. Бірақ жалпы ұрпақты тәрбиелеуші, жетектеуші ұлттық интеллигенция мен беделді тұлғаларды атасақ, Ассамблеяға мүше болған этнос өкілдерінің көпшілігі сол әрбір этностың беделді тұлғалары болды. Бұл өз кезегінде этностардың бейбіт өмірде жұмылуының факторы ретінде қарастырылады.


Азаматтық бірегейлікті қалыптастыру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында көрініс тауып отырды.

2012 жылдың өзінде мемлекетте толеранттылық пен ұлтаралық біртұтастық, келісімді насихаттау жолында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің өзі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс XVIII сессиясын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Тұрақтылық, бірлік, модернизацияның қазақстандық жолы» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XIX сессиясын, АӨСШҚ мемлекеттерінің толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумын, «Шаңырақ» этножурналистиканың республикалық конкурсын және т.б. өткізді. Сондай-ақ жыл сайын аталған мемлекеттік құрылым үкіметтік емес ұйымдарға қолдау ретінде этносаралық және конфессиаралық келісімді дәріптейтін жобаларды, конкурстарды жариялайды.

Қазіргі таңда елде этносаралық қатынастарды реттеуде қазақ ұлтына өзіндік миссияны орындау міндеттелді. Қазақ ұлты мемлекетқұраушы ұлт ретінде елдегі бірлік пен келісім, тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сақтауда үлкен борышқа ие болды. Бұл бір қырынан, қазақ ұлтына деген елді жұмылдырушы, тұрақтылықты қамтамасыз етуде жауапты рөл арттырғанын білдірсе, екінші кезекте ұлтшылдық, сепартистік пиғылдарды алдын алу шара ретінде қабылданады.

Өйткені, қазіргі жастардың бойында айтарлықтай ұлттық құндылықтар қалыптасып, отансүйгіштік қасиеттер байқалуда. Ал осы орайда азаматтық бірегейлік ұлттық құндылықтар мен ұлттық сананың негізінде ұлттық демократиялық мемлекетті қалыптастыруда үлкен рөл ойнайды.

Тәуелсіздік туын жаңадан желбіреткен Қазақстан егемендік ала салып өзін демократия мемлекет ретінде жариялауы өз алдына көптеген іс-шараларды, міндеттерді орындауды мақсат етіп қойды. Елде демократиялық институттар пайда болып, саяси жүйе күрделі трансформацияға ұшырады. Осы орайда демократиялық мемлекет құруда елдің бірлігі мен тұрақтылығына аса зор назар аударылғандығы бекер емес.

Демократиялық жүйе демкоратиялық мемлекет, демократиялық қоғам мен демократиялық тұлға сияқты ұғымдардың жиынтығы ретінде өзінің өміршеңдігінде жүйенің бірілігі мен дамуы маңызды болып есептеледі. Ал олар өз кезегінде әлеуметтік және саяси тұрақтылық арқылы жүзеге асады. Жүйенің демократиялық жолда дамуы азаматтардың саяси сауаттылығы мен тәрбиесі арқылы қамтамасыз етіледі [143, 71б.].

Сондықтан мемлекеттегі халықтың азаматтық тәрбиесіне үлкен мән беру қажет. Ал ол тәрбие бірінше кезекте патриоттық сезімнің негізінде қоғамға мүше болудан басталады.

Аталған жолда этносаралық қатынастарды реттеудің «қазақстандық жолы», яғни қазақстандық ұлтты, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру өзіндік жағымды үлес қосты деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында «Құрметті, қазақстандықтар» деп бастауының үлкен маңызы бар. Бұл барлық азаматтарға ортақ бірегейлікті қалыптастырудың алғышарты ретінде қарастырылады.

Осылайша мемлекетте азаматтардың бірегейлігінің трансформациясы кезінде көп дәріптеліп жүрген «қазақстандық ұлтты» қалыптастыру өз кезегінде елдегі тыныштықты сақтауға көп үлесін тигізді деуге болады.

Азаматтардың бірегейлігі уақыт өте келе, заман ауыса келе өзінің даму шырқына жетіп, өзгерістерге ұшырап отыр. «Біз қазақстандықтармыз» идеясы өзінің өзектілігін жоғалтып бара жатыр. Қазіргі таңда сол идены алмастыратын уақыт жеткен сияқты.

Осы орайда азаматтық бірегейлікті келесі сатыға көшіруде «Ел бірлігі доктринасын» талқылау мен қабылдауда қиыншылықтар кездескені де заңдылық болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет