Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет210/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

1-тапсырма
Өмірде адуын, ашуы келсе өзін ұстай алмайтын, аузына келгенді бетің бар, жүзің бар демей, ақтара салатын ұрысқақ әйелдер болады. Егер, осындай әйел Сіздің енеңіз болса, дәл осы жағдайға түскенде не істеген болар едіңіз?

  • Сіз ақылы мен әдебі бар келін ретінде қандай әрекетке барасыз?

  • Бір жағдаяттан шығудың жолы ғана емес, ұрыспай керіспей, осындай ененің тілін тауып қалай тұруға болады?

  • Мұндай мінезінен арылуға ықпал етуге не істер едіңіз?



2-тапсырма
Өз үйін жуып-тазалап, қағып-сілкіп, тазалыққа ерекше қараймын деп, мазасыздыққа тап болған жандар бар. Оған өзінен басқа адамның істегені ұнамайды. Келін істеп кеткен жерді қайталап өзі істеп әрі өкпелеп, келіндерді ыңғайсыз жағдайға түсіреді.

  • Мұндай енелерге қалай жағуға болады?

  • Ененің көңілін табуды неден бастаған дұрыс?

  • Қолынан жұмысты алуға қалай кіріскен дұрыс?



3-тапсырма
Қызғаншақтықтың емін табуға тырысып көріңізші... Әйел алған баласын қызғанып, келінімен алакөз болып жүретін жағдайлар келін мен ене арасында жиі кездеседі. Келінінен баласын қызғанатын, келінінің киген киімін, жастығын қызғанатын енелерге не дауа бар?

  • Бұл жағдайды білгеннен соң, отбасылық ахуалды қалай реттеуге болады?

  • Қызғанышты туғызбауға келін қандай әрекет жасау керек?

  • Ене мінезінің реттелуі үшін тағы не істеуге болады?



4-тапсырма
Келіннің төркінін менсінбей, өзін, өзінің шыққан тегін мақтап, мақтанып отыратын енелер бар. Жетістіктері бар бауырларын, іс бітірер туысқандарын айтып мақтанады. Өзінің осы әулетті өсіріп-өндіргені, тегінің мықтылығы арқасы екендігін айтып отырудан жалықтайды. Сөз арасында келін жақтың осалдығын да түйреп өтеді.

  • Осындай енемен ұрыспай-керіспей өмір сүруге бола ма?

  • Олқылықтың орнын қалай толықтырасыз?

  • Ене мінезін жақсартуға қандай үлес қоса аласыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет