Аудан әкімі Ә. Далбағаевтың 2013 жылы атқарылған жұмыстары бойынша аудан халқы алдындағы есебі қадiрлi жерлестер!



бет3/3
Дата24.02.2016
өлшемі419.59 Kb.
#13736
1   2   3

Спорт, туризм саласы

Ауданымызда 26 спорт залы, 2 бассейн, 1500 орынды 1 стадион, 79 спорт алаңдары тұрғындарға қызмет көрсетуде. 2014 жылдың басынан әр ауылдық округке спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушы штаты беріліп, конкурстық негізде талапқа сай мамандар қабылданды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортпен қамтуды 30 пайызға дейін көтеру міндеті тұр. Барлық спорттық нысандарды тиімді пайдалана отырып, тұрғындар арасында дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын бүгінгі күннің талабына сай жүргізу, ұлттық спорт түрлерін дамыту өз шешімін күтуде.

Қапал – Арасан санаториясы туризм аймағында өткен жылы 1270 адамға 87 млн.теңгеге қызмет көрсетілді.


Телефон байланысы

Қолданыстағы телефон станцияларының жалпы сиымдылығы 7009 нөмір. Осы сиымдылықтың 6151-і пайдаланып отырған нөмірлері немесе – 92.1 пайызды құрайды. Телефон нүктелерімен қамтамасыз ету 100 адамға шаққанда 28,6 бірлікті құрады. 2013 жылға телефон нүктесін орнату жоспары 276 болса, жалпы орнатылған телефон саны - 605 немесе 256,3 пайыз. Кең жолақты интернет қызметін орнату жоспары – 479 абонент, орнатылғаны – 518 немесе 100,8 пайыз.


Зейнетақы төлеу мәселесі

Зейнетақымен қамсыздандыру ісі Елбасымыздың үнемі назарында жүретін әлеуметтік мәселелердің бірі. Мемлекетіміздің экономикалық өркендеуі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі жарқын өзгерістермен, зейнетақы төлемдері мөлшерінің өсуімен әрдайым ұштасып келеді.

. 2013 жылы ауданымыз бойынша орташа зейнетақы мөлшері 37000 теңге құрады. Сонымен қоса ауданымызда 42 төлем түрлері бойынша қызмет көрсетіліп келе жатыр. Кәзіргі кезде ауданымызда 7 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 4230 зейнеткер, 1171 батыр аналарымыз, 423 тыл еңбеккерлері, 727 көп балалы жаңұя өздеріне сай зейнетақыларын және жәрдемақыларын алып жатыр.

Биылдан бастап барлық зейнетақы мөлшері 9 пайызға өсті және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері арттылып жатыр. Аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа дәуірге сай опер зал салынды. Зейнетақыға немесе жәрдемақыға жаңадан шығам деген азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталығы да құжаттарын қабылдауға жұмыстарын жүргізеді, сонымен қоса арнайы сайт арқылы құжаттарын электрондық түрде өткізуге мүмкіншілік бар.



Әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру.

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңына сәйкес көктем, күз айларында аудандық қорғаныс істері бөлімі жаныңдағы шақыру учаскесінде жүргізілді.

1986 - 1994 жылдар аралығында туылған ер балалар 2013 жылдың көктемгі, күзгі шақырылымда барлығы 136 жасөспірімдер әскери борыштарын өтеуге аттанды.

Аудан әкімі аппаратының жұмысы туралы.

2013 жылы аудан әкімінің және аудан әкімдігінің жұмысын ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық және материалдық техникалық қамтамасыз ету мақсатында қызмет еткен аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер саны - 13 олардың ішінде: 3 аудан әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі, ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық және кадрлармен жұмысы бөлімінде бөлім меңгерушісі, бас инспектор, бас маман – заңгер, жалпы бөлімде бөлім меңгерушісі, 3 бас маман,1 жетекші маман есепші қызмет етеді.

2013 жылы аудан әкімі аппаратына түсіп өнделген құжаттардың саны - 2908, аудан әкімі аппаратынан жіберілген құжаттар саны -1264.

Аудан әкімінің атына түсіп аппараттың ұйымдастырылуымен, қаралған арыз-шағымдардың саны: жеке тұлғалардан түскен – 1109, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша -24, жер туралы арыздар – 842, ауылшаруашылығы бойынша - 8, әлеуметтік сала бойынша – 40, құрылыс - 152, мемлекеттік қызмет - 1, жерді заңдастыру туралы ұсыныстар – 271, денсаулық сақтау – 1, су ресурстары – 1, мәдениет және тілдерді дамыту бойынша – 2, жалпы әр түрлі арыз сандар – 38.

Заңды тұлғалардан келіп түскен арыздар - 94, оның ішінде жер мәселесі бойынша - 46, құрылыс - 47, басқалары – 1.

Аудан әкімінің және орынбасарларының қабылдауында -166 азамат қабылданып, өздері көтерген көкейкесті мәселелері бойынша толық мағлұмат алып, тиісті жауаптары берілді.

Есепті кезеңде аудан әкімінің атына түскен өтініштердің барлығы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы заңында көзделген мерзімдер ішінде қаралып, жауаптары берілді.

Аудан әкімдігімен қабылданған қаулылар саны - 773, өкімдер саны - 413, шешімдер саны – 6.

Азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдау, олардың арыз – шағымдарына уақытында жауап беру біздің басты міндетіміз. Сондықтанда орынбасарларыман, аппарат, бөлім басшыларынан, ауылдық округ әкімдерінен осы сұрақта ешқандай заң бұрмалаушылыққа жол бермеу талап етіледі.
Қадірменді жерлестер!

Қорыта келе, аудан тұрмысының тынысы белгілі болды деп ойлаймын. Елінің ән-дариясы, жерінде жыр-дариясы бар өлке деп танылған Ақсудың бүгінгі даму келбеті баршаңыздың көз алдыңызда.

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дейді дана халқымыз. Күн сайын туған ауданымыздың тұрмыс-тірлігін түгендеп, тыныс-бірлігін бүтіндеу, оның алымы мен қарымын қадағалау халық алдындағы жауапкершілік, өз еліңе деген жанашырлық деп түсінемін.

Халқымыздың басынан өткен алмағайып кезеңдерге көз жүгіртіп, бүгінгі күнге күпірлік етпей, шүкірлік ету халқымыздың бойында бар қасиет деп есептеймін. Бірлігімізге тірлігіміз жарасып, туған ауылымызды, ауданымызды тарихи маңызына сай дамытып, өркендету – ортақ іс деп білемін.



Сөз соңында Елбасымыздың Жолдауында айтылған: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!» деген сөзін айта кетіп, еліміз мәңгілік болып, ауданымыздың экономикалық жағдайы жылдан-жылға дамып, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін демекпін. Ол үшін алдағы уақытта да межелі міндеттерді ел мүддесіне сай жүзеге асыру одан әрі жалғасын табатынына сіздерді сендіргім келеді..
Ықылас қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет