Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет25/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115
Ой өріс

Ертегілік дастандар. Бұл шығармалардың екі түрлі сипаты бар. Бірі –
сюжет ертегілік болғанмен біршама шыншыл болып келеді, әрі 
кейіпкерлердің махаббат үшін күресін де қамтиды ("Жаскелең", "Құбыл", 
"Құбығүл", т.б.). Мұнда ертегіге тән қиял мен ғажайыптық қатар жүреді: бас 
қаһарман ерекше болып туады, ол батыр болып өседі; қызға түсінде ғашық 
болып, соны іздеп шығады, т.б. Екіншісі – таза ертегінің сюжетіне 
құрылғандығы. Мұндай ертегі дастандар шығыста да кең тараған. Алайда, 
біздің ертегілік дастандар оларға қарағанда тым әсірелеуді пайдаланбайды, 
оқиғаны қоюландырмайды, тартысты күрделендірмейді. Көбінесе, белгілі бір 
мақсатқа құрылады, ғибрат айтуға, үлгі көрсетуге бейім болады. Қиял-
ғажайып ертегілермен қатар новеллалық, кейде сатиралық ертегілер негіз 
етіп алынады. Соның өзінде де дастанның бүкіл құрылымы, оқиғасы, 
көркемдігі, кейіпкерлердің іс-әрекеті эстетикалық түрде баяндалғанмен 
практикалық-тәрбиелік міндет атқарады ("Құламерген", "Қисса-и Дотан 
Құбанақбайұлы", "Аяз би", "Ақыл, Қыдыр, Бақ", т.б.). 
Айтыс. Фольклордың өнер екендігін барынша айғақтайтын жанр – 
айтыс. Ол – синкреттілігімен ерекшеленеді. Мұнда театрлық әрі драмалық 
өнердің басы қосылған, сондықтан айтысты – фольклорлық театр, немесе 
фольклордың драмалық жанры десе де болады. Оның үстіне айтыс – 
әдебиетке өте жақын жанр, сол себепті кейбір ғалымдар оны әдебиетке 
жатқызады да әдеби жанр деп есептейді. Бір жағынан алғанда бұл пікірдің де 


40 
қисыны бар, өйткені айтыс – екі адамның шығармашылығы. Осы тұрғыдан 
алғанда, айтысты үлкен екі түрге бөлуге болады: фольклорлық, яғни 
анонимдік айтыс және ақындар айтысы. Біріншісі фольклорға жататын 
себебі – тек авторы жоқтығынан емес, сондай-ақ ол айтыс текстерінің 
фольклор поэтикасынан шықпайтындығы. Ал, екіншісі – авторы белгілі
өзіндік "мені", стилі бар, ал тексі біршама тұрақты, әрі варианты аз болады. 
Демек, ақындар айтысы – авторлық, ауыз әдебиеті, яғни ақындар мен 
жыраулар поэзиясы қатарында қарастырылуы керек. Олай болса, 
фольклор құрамына тек анонимдік айтыстарды енгізу қажет те, ақындар 
айтысын бұл саладан шығару шарт. 
Фольклорлық айтыс өте ерте заманда пайда болған. Оның шығу тегі 
рулық қауыммен тікелей байланысты. Ежелгі рулық қоғамда эндогамиялық 
неке салты болған. Сол бойынша екі ру адамдары тек өзара, бір-бірімен ғана 
некелесетін болған. Жігіт жағы басқа рудан қыз алуға, ал қыз жағы бөтен ру 
адамына шығуға хақысы болмаған. Соның өзінде де екі рудың арасында 
тайталас, күш сынасу міндетті болған. Жігіттің руы қыздың руынан білек 
күші болсын, әдет-ғұрыпты білу жөнінен болсын, сөз өнерінен болсын басым 
екендігін дәлелдеуге тиіс болған. Екі рудың құдалық салты бойынша екі 
ақыны, екі шешені өнер мен ой сайысына түсіп, жігіт жағы асып түсуге 
міндетті болған, ал, егер жеңіліп қалса, айып төлеген, немесе басқа 
шартты орындаған. Кейін, қоғамдық өмір дамып, эндогамия салты 
экзогамиялық некеге, яғни өз руынан қыз алмау дәстүріне айналған. Бұл 
кезде де құда болатын екі рудың сынасуы, сайысуы қалмаған, бірақ олардың 
түрі, сипаты өзгерген. Сөйтіп, сөзбен сынасу – алғашқы ғұрыптық маңызын 
өзгертіп, өнер деңгейіне жеткен... Бірақ ежелгі ритуалды айтыстың өзгерген 
түрлері ұлттық фольклорымыздың құрамында сақталып, бізге жеткен. Олар – 
үйлену салтына қатысты "жар-жар" мен ескі нанымға негізделген "бәдік" 
жанрлары. Бұларды ғалымдарымыз "әдет-салт айтыстары" деп атайды 
(М.Әуезов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет