Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


байланысып тұрған сөздерді с ө й л е м н і ң б і р ы ң ғ а й м ү ш е л е р



Pdf көрінісі
бет275/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

байланысып тұрған сөздерді с ө й л е м н і ң б і р ы ң ғ а й м ү ш е л е р 
і дейді. 
Бірыңғай мүше болуы үшін бір сөйлемде бір мүшенің екеу не бірнешеу 
болуы ғана шарт емес. Олардың, ең алдымен, ыңғайлас бір сұраққа жауап 
беруі шарт, екіншіден, сол сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысты болуы 
шарт. 


Кеше бөлімшеге тағы екі үлкен машина әкелді. Бұл сөйлемде екі, үлкен 
деген екі анықтауыш бар. Бірақ бұлар бірыңғай анықтауыш емес. Өйткені 
біріншісі н е ш е? деген сұраққа, екіншісі қ а н д а й? деген сүраққа жауап 
болып тұр. 
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір 
мүшесімен ғана байланысып тұратын болғандықтан, олар бір сөйлем ішінде 
нешеу болса да, морфологиялық тұлғалары жағынан бірдей болып келеді. 
Мысалы: 1) Тамыз маслихатына облыстық білім басқармасының 
басшылары, аудан әкімшілігінің жауапты қызметкерлеріауыл әкімдері, 
оқытушылар, ата-аналар қатысты. 2)  Республикамыздағы шаруа 
қожалықтарының жұмысының жайына тоқталар болсақ, елімізге 
астықты, мақтаны, қант қызылшасын, етті, сүтті, жүнді қолда бар 
мүмкіншіліктен әлі де анағұрлым аз беріп отырғанын айтуға тиіспін. 3) 
Министрліктердің, ведомостволардың, облыстық партия және 
шаруашылық орындарының алға қойылған міндеттерді орындаудағы ролі 
мен жауапкершілігін күшейту керек. («Ж.А») 
Бірінші сөйлемде 5 бірыңғай бастауыш бар, олардың бірқатары тәуелдік 
жалғауының III жағында, бірқатары тәуелдік жалғаусыз айтылып, атау септік 
жалғауы тұлғасында қолданылған. Екінші сөйлемде 6 бірыңғай тура толықта-
уыш бар, олардың бәрі де табыс септік жалғауы тұлғасында айтылып тұр. Ал 
үшінші сөйлемдегі 3 бірыңғай анықтауыштың барлығы да ілік септік жалғау 
тұлғасында қолданылған. 
Сөйлемде белгілі морфологиялық тұлғада айтылған бірнеше бірыңғай 
мүшелер қатар қолданылғанда, ол бірыңғай мүшелердің алдыңғыларында 
болуға тиісті қосымшалар үнемі жалғанып отырмайды. Кейде сөйлемге 
стильдік жеңілдік туғызу үшін бірыңғай мүшелердің алдыңғыларының 
жалғаулары түсіріліп те айтылады. 
Бірыңғай мүшелердің алдыңғыларындағы, болуға тиісті косымшаның 
түсіріліп айтылуы мына сияқы екі түрлі жағдайда қолданылады:
1. Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер жұпталып айтылып, әр-бір жұпқа енетін 
екі бірыңғай мүшенің аралары мен, бенпен ыңғайластық жалғаулықтары
арқылы байланысатын болса, алдыңғысының жалғауы түсіріліп айтылады. 
Мысалы: Абай мен Ұлжан сескенді де, Зеренің қасын күзетті ( М. Ә. ). Бұл 
жұпталып айтылған бірыңғай мүшенің морфологиялық тұлғалық белгісі 
екінші сыңарында қолданылып тұрғандықтан, бірінші сыңарында жалғаудың 
түсіріліп айтылуынан сөздердің синтаксистік байланысына және жалпы 
мағынасына ешқандай кемшілік келіп тұрған жоқ. Қайта, сөйлемнің құрылысы 
ықшамдалып, стильдік жеңілдік келтіріп тұр.
2. Кейде жалғаулықсыз белгілі интонация арқылы саналып айтылған бірыңғай 
мүшелердің де алдыңғыларының қосымшалары түсіріліп айтылады. Мысалы: 
Барлық ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алып, елімізді 
қажетті мөлшерде астық, ет, сүт, көкөніс және жеміспен қамтамасыз 
ету үшін республикада керекті жағдайдың бәрі бар. («С. Қ.») 


299 
Бұл сөйлемнің көмектес септік жалғауындағы бірыңғай жанама толық-
тауыштардың алдыңғыларының көмектес септік жал ғау қосымшасы түсіріліп 
айтылған. 
Морфологиялық тұлғасына қарай, сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай 
сөйлемнің барлық мүшесі бірыңғай болып келе береді.
Бірыңғай бастауышқа мысал: 1) Мына сөйлеп тұрған радиоқабылдағыш, 
алты қанат ақ үйдің іші-сыртын алып тұрған жиһаздар — сол еңбектің 
айғағы. («Қ. Ә.») 2) Бүріскен мал мен жүдеген жандар бағанадан бері 
Абайға үлкен ой салды. (М. Ә.)  
Бірыңғай баяндауышқа мысал: Белинский әрі философ, әрі саяси 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет