Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет272/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

макеті. (Ә.Ә.) 
Бұл айтылғандар–тұрлаулы мүшелердің дағдылы орын тәртібі. Жазушы 
өзінің тыңдаушысына ерекше әсер ету үшін, кейде сөйлем мүшелерінің 
дағдылы орын тәртібін белгілі дәрежеде бұзып, олардың орындарын 
алмастырып та қалданады. Мұны тіл ғылымында и н в е р с и я дейді. 
Мысалы: Жасасын біздің үкімет! (С.М) 
3.Толықтауыш өзін меңгеретін етістіктен болған мүшеден бұрын тұрады: 
Мария қолындағын торайды  кенеттен Әпенге ұстата салды. (Ғ. Мүсір)  


295 
Мұнда екі толықтауыш бар торайды - тура толықтауыш Әпенге – 
жанама толықтауыш, бұлардың екеуін де күрделі баяндауыш болып тұрған
ұстата салды деген етістіктердің тіркесі меңгеріп тұр. Бұл толықтауыш-
тардың екеуі де өздерін меңгеріп тұрған етістік баяндауыштан бұрын 
айтылған. 
Толықтауыштардың өзін меңгеретін етістіктен болған мүшеге тетелес 
тұруы шарт емес , тек одан бұрын тұру ғана шарт, екінші сөзбен айтқанда, 
толықтауыш пен оны меңгеретін етістіктің арасында басқа мүшелер тұра 
береді.Табыс жалғаулы тура толықтауыштар етістіктен болған мүшемен 
іргелес айтылғанда, ол, көбінесе, жалғаусыз, табыс жалғауының жасырын 
түрінде келеді: Біздің кочегар баласына мынандай хат жіберді.(Л.К.) 
4. Анықтауыш өзінің анықтайтын есім сөзінен бұрын тұрады. Анықтауыштар 
өзінің анықтайтын сөзімен қабыса және матаса байланысады. 
Сын есім, сан есім сөздерінен және атау тұлғада қатар айтылғанда екі зат 
есімнің алдынғысы мен атау тұлғалы сілтеу есімдіктерінен болған 
анықтауыштар өзінің анықтайтын сөзімен қабыса байланысады да, сол сөзбен 
іргелес қатар айтылып қана анықтауыш бола алады. Мұндай анықтауыштар 
мен анықтайтын сөздерінің арасына өзге сөз келтіріп айтуға болмайды. 
1) Сұр бұлт  түсі қапттайды аспан, 
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.(А.Қ)
 
 2Үш жылда шаруашылықтағы мүйізді ірі қараның саны бес жүзге жетті 
(Ғ. М.) 3) Балқияға бұл сөз аса ауыр тиді,(Т.А.)  
Бұл сөйлемдерде сұр бұлт, дымқыл тұман, үш жылда, бұл сөз деген 
сияқты анықтауыш –анықталушы сөз тіркестері бар. Мұндағы сұр, дымқыл, 
бір, бұл сөздері ешқандай жалғаусыз,тек анықтайтын сөзімен іргелес қатар 
айтылу арқылы ғана анықтауыш болып тұр.
Мұндай қабыса байланысатын анықтауыштар мен анықталатын сөздердің 
арасында тек өзі сияқты анықтауышты ғана келтіруге болады. Мысалы, Асан 
семіз тоқтыны ұстады  деген сөйлемде семіз – анықтауыш та , тоқтыны 
анықталушы сөз . Бұлардың арасына қызыл деген анықтаушты келтіріпАсан 
семіз қызыл тоқтыны ұстады деуге болады . Мұндайда нәрседегі болатын 
белгінің қайсысы сол нәрсенің негізгі табиғи белгісі болса , сол белгі нәрсеге 
жақын айтылады. Тоқты деген сөздің негізгі белгісі – оның түсі, яғни қызыл 
Ал семіз деген белгі –тоқтыда кейін пайда болатын, келтірінді белгі. Өйткені 
тоқты үнемі семіз бола бермейді, арық та болуы мүмкін .
Ілік жалғауы жанаса байланысқан анықтауыш сөйлемде белгілі орынға
байланысты болмай, өзінің анықтайтын сөзімен іргелес тұрып та араға 
бірнеше сөздер түсіп , алшақтап та тұра береді. Мысалы: Біздің шаруашы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет