Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 126. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі



Pdf көрінісі
бет271/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 126. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі 
Сөйлемдегі сөздер қалай болса солай орналаса бермейді. Тілдің
грамматикалық заңдарына байланысты әрбір сөйлем мүшесінің өзіне тән
орны болады. 
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің бірқатары бір – бірімен белгілі
жалғаулар арқылы байланысады да, олардың сөйлем ішінде орналасуы
 е р і к т і болып келеді. Ондай сөздерді сөйлемде бір орнынан екінші
орнына орналастыруға болады. Өйткені олардың бір – бірімен мағыналық
байланысы морфологиялық тұлғалар арқылы көрініп тұрады да, орын 
алмастырғаннан ондай мүшелердің мағыналық байланысы бұзылмайды, 
синтаксистік қызметіне нұқсан келмейді. 
Орын тәртібі жағынан ерікті мүшелерге қиыса, меңгеріле, матаса
байланысатын мүшелер жатады. Мысалы, Салық қалаға машинамен
барады деген сөйлемді Қалаға Салық машинамен барды немесе Машинамен
Салық қалаға барды деп те айтуға болады.Бұл сөйлемдердің үшеуінде де 
Салықтың барғандығын және қайда? немен? барғандығы айтылған. 
Сөйлемнінң бірқатар мүшелерінің орын тәртібі т ұ р а қ т ы болып
келеді. Яғни мұндай мүшені бір сөйлем ішінде басқа орынға алмастыруға
болмайды. Орын ауыстырғаннан не сөйлем мағынасына кемшілік келеді, не
ол мүшенің сөйлемдегі атқаратын синтаксистік қызыметі өзгереді. 
Сөйлемдегі орын тәртібі жағынан тұрақты мүшелерге қабыса
байланысатын мүшелер жатады. 
Қазақ тілінде жай хабарлы сөйлемдерде сөйлем мүшелерінің орын
тәртібі төмендегіше болып келеді: 
1.Бастауыш, негізінен, баяндауыштан бұрын айтылады. Бастауыштың
баяндауышпен қатар тұруы да, араға сөз салып тұруы да мүмкін.
1.Командир бірден бинокліне жармасты.(Л.К.) 
2. Баяндауыш қазақ тіліндегі дұрыс құралған прозалы сөйлемде, көбіне,
сөйлемнің аяғында тұрады. 
1. Ербол Абай сөзіне сүйсініп отыр екен. (М.Ә.) 2) Ол – комбайнның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет