Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет10/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 


17 
ЭЛЕКТРОНИКА 
 
Электроника – ғылым мен техниканың вакуумда, газда, сұйық-
та, қатты дене мен плазмада, сондай-ақ олардың бір-бірімен жа-
насу шекарасында байқалатын электрондық және иондық құ-
былыстарды зерттеуге және оларды қолдануға арналған саласы. 
Оның физикалық электроника және техникалық электроника 
деп аталатын басты екі саласы бар. Физикалық электроника элек-
трондық және иондық құбылыстарды, электрондық және иондық 
приборларды, құрылғылар мен қондырғыларды құрастыру прин-
ципін, электрондық және иондық приборлардың көмегімен электр 
энергиясын қабылдау, түрлендіру және беру принциптерін, элек-
трондар мен иондар ағынының затқа әсер ету механизмін тео-
риялық және тәжірибелік жолмен зерттейді.
Техникалық (қолданылмалы) электроника электрондық және 
иондық приборларды, құрылғылар мен қондырғыларды ғылым-
да, өнеркәсіпте, байланыста, ауыл шаруашылығында, құрылыс-
та, көлікте т.б. салаларда пайдаланудың теориясы мен практика-
сын қамтиды. Электроника пайда болмастан бұрын электр доға-
сы (1802), газдағы солғын разряд (1850), катод сәулелері (1859) 
т.б. ашылып, қыздыру шамы (1873) құрастырылды.
Ғылым мен техниканың дербес саласы ретінде электроника 
тек ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасты. 
Бұл кезеңде термоэлектрондық эмиссия (1883), фотоэлектрон-
дық эмиссия (1889) құбылыстары ашылды, электронды сәулелік 
түтік (1897), вакуумдық диод (1904), вакуумдық триод (1907), 
кристалдық детектор (1900 – 05) жасалды. Радионың ойлап та-
былуы (1895) электрониканың одан әрі дамуына шешуші ықпал 
етті.
Электрониканы адамның іс-әрекетінің әр алуан саласында 
пайдалану нәтижесінде ой еңбегі мен дене еңбегінің өнімділігін 
күрт арттыруға, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақ-
сартуға, басқа тәсілдермен орындалмайтын кейбір мәселелерді 
шешуге мүмкіндік берді. Техникалық электроника радиоэлек-
троника, өнеркәсіптік электроника, көліктік электроника, меди-
циналық электроника, геологиялық электроника, ядролық элек-
троника т.б. жеке салаларға бөлінеді. 


18 
Ал техникалық электрониканың құрылғылары мен жүйелері 
ақпараттық электроника (атқарушы тетікті технологиялық про-
цесс пен биологиялық нысанды басқару, өлшеу, қадағалау мақ-
сатында қажетті ақпаратты қабылдау, жинақтау, өңдеу, сақтау, 
беру мәселелеріне арналды), энергетикалық электроника (электр 
энергиясын өндіру, түрлендіру және беруге арналады) және 
технологиялық электроника (материалдарды не бұйымдарды ме-
ханикалық, термиялық т.б. өңдеу мақсатында затқа электромаг-
ниттік өрістің не бөлшектер ағынының тікелей әсер етуіне ар-
налады) болып 3 класқа ажыратылады . 
("Қазақстан". Ұлттық энциклопедия / Бас.ред. Б.Аяған. – Алматы: "Қазақ 
энциклопедиясы" Бас редакциясы, 2007. – 10-т. – 54-55 бб.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет