Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет9/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
Заманауи радиотехника 
Радиотехника қазіргі кезде адамзат өмірінің барлық саласында 
қолданады Мысалы, кез келген қашықтықта радиотелефон бай-
ланысын орнату, кескін, чертеж, сурет, газет матрицаларын та-
рату, тез әрекетті телеграфтық радиобайланыс жасау.
Космос объектілері мен Жер, космос аппараттарының өз ара-
сында тікелей байланыс орнатылады. Алыс қашықтықтағы пункт-
термен радио, телевизиялық байланыс жасау үшін пайдаланатын 
Жердің жасанды серіктері ретрансляциялық станция ретінде 
байланыс линиясының құрамына еніп отыр. 
Радиотехника тәсілдері автоматты басқару, реттелу және ин-
формацияны өңдеу жүйелерінің негізін құрайды. Осыған орай 
радиотехника жетістіктері электронды есептеуіш машиналарды 
жетілдіруге мүмкіндік берді. Мысалы, алғашқы электрондық 
шамдармен жұмыс істесе, одан кейінгі кезде машиналар жарты-
лай өткізгішті элементтермен, ал соңғы кездегі машиналар жар-
тылай өткізгішті интегрралсхема негізінде жұмыс істейтін бол-
ды. Бұл салада оптикалық электрониканың голографияның, крио-
гендік электрониканың келешегі зор. 


16 
Радиотехниканың өнеркәсіп пен шаруашылықта
қолдануы 
Жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары: аса таза металдар-
ды алуда, болат бұйымдарының беттік қабатын шынықтандыру 
кезінде, ағаш, керамика, астық өнімдерін кептіруде, тамақ өнер-
кәсібінде, медицинада қолданылуда. 
Радиотолқындар қолданысы метеорология ғылым саласымен 
тығыз байланысты. Бұған радиотолқындардың таралуында тигі-
зетін әсерін зерттеу нәтижесінде іске асырылатын радиометео-
рология тікелей мысал бола алады. Атмосфералық радиобөгеу-
лерді зерттеу негізінде радиоастрономия пайда болды. Оптика-
лық телескоптармен байқалмайтын әлем аймақтары радиотелес-
коп арқылы зерттеледі. Радиотелескоптар арқылы пульсарлар 
ашылды, біздің Галактиканың көзге көрінбейтін ядросы зерттел-
ді, астрономиялық жаңалықтар ашылды. Радиотехниканың да-
муы үшін Халықаралық ғылыми радиоодақ, Халқаралық радио 
консультативтік комитеті, радиожиілікті бөлу жөніндегі Халық-
аралық комиссия сияқты ұйымдар да маңызды жұмыс атқарды. 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет