16
Радиотехниканың өнеркәсіп пен шаруашылықта
қолдануы
Жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары: аса таза металдар-
ды алуда, болат бұйымдарының беттік қабатын шынықтандыру
кезінде, ағаш, керамика, астық өнімдерін кептіруде, тамақ өнер-
кәсібінде, медицинада қолданылуда.
Радиотолқындар қолданысы метеорология ғылым саласымен
тығыз байланысты. Бұған радиотолқындардың таралуында тигі-
зетін әсерін зерттеу нәтижесінде іске асырылатын радиометео-
рология тікелей мысал бола алады.
Атмосфералық радиобөгеу-
лерді зерттеу негізінде радиоастрономия пайда болды. Оптика-
лық телескоптармен байқалмайтын әлем аймақтары радиотелес-
коп арқылы зерттеледі. Радиотелескоптар
арқылы пульсарлар
ашылды, біздің Галактиканың көзге көрінбейтін ядросы зерттел-
ді, астрономиялық жаңалықтар ашылды. Радиотехниканың да-
муы үшін
Халықаралық ғылыми радиоодақ, Халқаралық радио
консультативтік комитеті, радиожиілікті бөлу жөніндегі Халық-
аралық комиссия сияқты ұйымдар да маңызды жұмыс атқарды.
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)
Достарыңызбен бөлісу: