Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


АНАЛЫҚ БЕЗІ АУРУЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЛАРЫ



бет112/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
акушерство китап

АНАЛЫҚ БЕЗІ АУРУЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЛАРЫ

Аналық жануар организмінің анатомиялық құрылысы, барлық органдар мен ұлпаларының қызметі аналық безімен тығыз байланыста болады. Өз алдына организмнің жалпы жағдайы, оның орагндарының қызметі, эндокрин және нерв жүйелерінің жағдайы аналық без морфологиясы мен қызметіне әсерін тигізеді. Сондықтан бедеуліктің нақты себебін табу қиын болады: оны жыныс аппаратынан ғана емес орагнизмнен тыс жерде іздеуге тура келеді. Бірқатар жағдайларда аналық безінің морфологиялық өзгерістері мен қызметі бұзылулары жалпылама клиникалық себептердің салдары бола алады. Соған орай біз аналық безінің барлық зақымдалуларын екі топқа бөлуді ұсынамыз:



  1. ауру қоздырғышы енуіне, жарақат болуына орай туатын аналық безі аурулары;

  2. организмнің өзге органдары мен жүйелерінің зақымдалу белгілері болып табылатын немесе аналықты күту, ұстау, азықтандыру және пайдалану кезіндегі ақауларға орай туындалатын аналық безі аурулары

Овариит (оофарит) (ovariitis, s. oophoritis) Аналық безіне жатыр, түтіктер, құрсақ пердесі және өзге органдар қабынуы кезінде қоздырғыштар енуінен; сары денені қысып тастаған соң, кисталарды алудан соң, аналық без массажынан соң, және өзге жарақаттардан кейін дамиды. Сирек жағдайларда овариит қоздырғыштың гематогенді жолмен енуінен байқалады. Овариит сірі, геморрагиялық, іріңді қабыну түрінде дами алады, дегенмен клиникалық зерттеулерден соң қабыну үрдісін әдетте анйқындау мүмкін емес.
Н.П.Онегов эндоскопия мен тік ішек арқылы зерттеу кезінде аналық безіндегі қабыну белгілері 8-72 сағаттан соң, сирегірек 6 күннен соң байқалатынын атайды. Аналық безін дөрекі массаждаған соң қабыну клиникасы 10-1,5 сағаттан кейін, сары дене энуклеациясы мен кистаны сығып тастаудан соң 12-18 сағаттан соң, микробтар енгеннен кейін 54-72 сағаттан соң, эндометритте 6-14 күні дамиды. Көбіне қабыну сірі түрде басталады да 2-5 күннен кейін іріңдіге немесе геморрагиялыққа ауысады. Абсцесстре әдетте ауру басынан 5-7 кұннен соң байқалады. Қабыну реакцитясының азаюы 7-10 күні байқалады. Іріңді оофарит (Oopharitis purulenta) Аналық без ұлпаларында аумағы бұршақ дәннінен тауық жұмыртқасына дейінгі көлемде абсцесстер пайда болуымен сипатталады. Іріңді қуыстар жатырдағы, түтіктегі, іріңді үрдістердің асқынуы түрінде дами алады немесе метастаздар нәтижесі ретінде байқалады. Олар көбіне құрсақ қуысына жарыла немесе инкапсулирлене алады. Пальпация кезінде аналық безі ұлғайған, кейде флюктуация сезіледі, анлық безін сипалағанда мал мазасызданады. Сары дене мен фолликулдар айқындалмайды. Әдетте іріңді оофарит организмнің азықтан бас тартуы, күйзелу түріндегі айқын жалпы реакциясымен белгіленеді. Аналық безіндегі өзгерістермен қатар үнемі дерлік жатырда, түтікте немесе өзге қатар орналасқан органдарда зақымдалулар байқалады. Анафродизия байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет