Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Емі: Симптоматикалық, ал бір жақты зақымдалуда оперативтік (овариоэктомия). Созылмалы паренхиматозды оофарит



бет113/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
акушерство китап

Емі: Симптоматикалық, ал бір жақты зақымдалуда оперативтік (овариоэктомия).
Созылмалы паренхиматозды оофарит (Oopharitis parenchymatitosa chronica) паренхиматозды немесе іріңді оофариттің жіті түрлерінен бастау алады да ұлпаларда терең өзгерістер тудырады – аналық безі элементтерінің дәнекер ұлпамен ауысуы, гиалинизациялануы немесе әктенуі. Орган ұлғаяды, тас тәрізденеді, ал беткейі қуатты тыртықтар пайда болуына орай төмпешіктенеді. Аналық бездерінің бір жақты зақымдалуында жыныс циклы ырғағы бұзылмауы мүмкін, екі жақты оофаритте анафродизия байқалады. Сипау арқылы аналық безі ұлғайғаны, тығыздығы, орындарында шеміршек консистенциялануы сезіңледі. Кейде тыртықты созылу аңғарылады. Көбіне ұлғайған без төмен түседі. Ауру сипатын дәлірек анықтау үшін малды арсына 25-30 тәулік салып екі рет зерттеу керек.
Созылмалы паренхиматозды оофарит қайтымсыз реакциялар тудырады. Екі жақты зақымдалуында малдарды шығындайды.
Созылмалы интерстициалды оофарит, аналық безі склерозы. Интерстициалды қабыну кезінде аналық безінде дәнекер ұлпа өсіп, гиалинизирленеді. Паренхима атрофияланады, ақуыз қабаты қалыңдайды. Орг ан кішірейеді, беткейі тегіс емес, төмпешікті болады. Көбіне екі жақты интерстициалды қабыну кәрі сиырларда байқалады. Склероз кейде бір аналық безі бөлігінде ғана бола алады. Малдарда анофродизия байқалады. Пальпация арқылы тығыз, беткейлері тегіс емес аналық бездерін сезуге болады, көлемі жаңғақ дәніне дейін кішірейеді. Көбіне аналық безі склерозы жатыр атрофиясымен қатар ағымда өтеді. Аналық безінің жартылай немесе бір жақты склерозы бар аналықтар ұдайы өндіру үшін жарамды деп саналады. Екі жақты зақымдалулар бедеулікке әкеледі, сондықтан мұндай малдарды шығынға жібереді.
Аналық безі атрофиясы. Аналық безінің екі жақты жатыр атрофиясымен қиылысқан атрофиясы көбіне кәрі малдарда, өнімділігі төмен малдарда байқалады. Оны малдарда жыныс циклы болмауы арқылы анықтайды. Тік ішек арқылы зерттеу кезінде серіппелі консистенцияда және төмендегі көлемде болады: сиырларда зығыр дәніндей, тіптен бұршақтай; биелерде кептер жұмыртқасындай.
Аналық безі атрофиясы ұлпалардың терең қайтымсыз өзгерістерімен өтеді (фолликулдар болмауы, интерстициалды ұлпа кішірейуі, тамырлар босауы мен гиалинденуі). Малдарды шығынға жібереді. Құнды аналықтарды емдеу үшін гонадоынталағыш заттарды, аналық без массажын, электрофизиотерапияны, және өзге емдерді сынап көруге болады. Атрофия алиментарлық, эксплуатациялық, климаттық жән ек өзге бедеулік түрлерімен ынтиаландырылуы мүмкін екендігін есте ұстау керек.
Периоофорит паренхиматозды немесе интерстициалды оофарит асқынуы түрінде, кейде қабынудың жақын ұлпа, органдардан көшуі түріндже пайда болады. Оған тән белгілер: без беткейінде түкті өсінділер байқалуы немесе дәнекер ұлпалы өсулері, олардың аналық безін жатырмен, түтрікпен және өзге органдармен жабысмтыруы. Бұл көріністер фибринозды массалар, іріңді-фибринозды жамиылғылану, қанды ұйындылар тууымен өтеді. Кішігірім фибринозды жалғамдар мен өсінділер аналық без қызметін бұзбайды және клиникалық тұроғыда байқалмауы мүмкін. Көлемді өсінділенулер мен жалғамдануларда аналық безі айналасында дәнекер ұлпалы капсула пайда болады. Аналыфқ безінің қоршаған ұлпалармен жалғамдануында бездің жылжэымауы өзіндік тән белгі. Біржақты оофарит анықталған кезде мал шартты түрде жарамды саналады, екі жақты зақымдалуда шығынға жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет