Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет114/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
акушерство китап

Персистентті сары дене Буаз емес мал организмінде 25-30 күннен астам уақыт ұсталынатын сары дене персистентті деп аталады. Ол буаздылықтың сары денесінен немесе овуляциясыз, яғни ановуляторлық жыныс циклынан соң, фолликул лютеинденуінен пайда бола алады. Төлдеуден 5-7 күннен соң-ақ буаздылықтың сары денесінің гормоналды қызметі тыйылады да (А.Г.Нежданов) 15-16 күнге таман таратылып кетеді. Соло себептен бірқатар авторлар персистентті сары дене буаздылықтың сары денесінен пайда болмайды деп санайды. Сары дененің аналық безінде ұсталыну себептері алуан түрлі. Осылайынша, персистенті сары дене жоғары өнімді сиырларда моционсыз тұрақты ұстау, бір жақты азықтандыру, жыныс циклдарын жіберіп алу түріндегі дұрыс пайдаланбаудан болады, әсіресе смары дене мен жатыр күйі арасында үлкен тығыз байланыс бар. Эндометриидегі қабыну үрдістерінде, миометриилерде, олардың зақымдалуларында, шу түспеуінде немесе мацерацияланған іштөл бөліктері қалып қоюында аналық безінде персистентті сары дене пайда бола алады. Персистентті сары дене этиологиясында эндометриттердің маңызы зор. Инкреторлы орган ретінде сары дене эндометрииде прогрессивті өзгерістер тудырады, кері дамуға шалдықпайды, жатыр өзгеруін ықпалдайды, яғни өскін болмауының өзінде оған орын сақтайды.
Жатыр субинволюциясы кезінде сиырларда дамитын фолликулдар көбіне лютеинденеді де персистентті сары денеге ауыса алады, ал ол ұзақ уақыт анафродизия тудырады.
Клиникалық белгілері. Тік ішек арқылы зерттеп аналық безі үстінде саңырауқұлақ тәрізді шығып тұратын сары денені анықтайды, ол немесе аналық безінің жалпы ұлғаюына орай аналық безі паренхимасында орнығуы мүмкін. Персистентті сары дене консистенциясы тығыздалған немес аздап қамыр іспетті бола алады. Кейде сол немесе екінші аналық безінде бір немесе бірнеше фолликулдар табылады. Жатыр борпылдақ, ұлғайған, көбіне құрсақ қуысына түскен, және біршама кеңейген. Ригидттілігі әлсіреген немесе өзгермеген. Кейде жатыр күйінде айтарлықтай ауытқулар аталмайды. Гистологиялық зерттеулерде жатыр өзгерістері әлсіз білінетін және жатыр бездері мен эндометрий секроторлық қызметтері бірте-бірте сөне бастағаны айғақталады.
Диагноз Персистентті сары дене болуында анамнездік деректер жыныс циклының толығымен тоқталғандығын білдіреді (анафродизия). Персистентті сариы дененің анатомо-гистологиялық құрылымы, тиісінше клиникалық белгілері жыныс циклы сары денесі белгілерінен айырмасыз болады. Сол себептен бір мәрте зерттеу персиситентті сары денені жыныс циклы сары денесінен дифференцирлеуге негіздеме бола алмайды. Мұндай диагностика тек арасына 3-4 апта салынған екі мәртелік зерттеуден соң мүмкін. Бірінші зерттеуден соң сары дененің орналасу орынын, пішінін, консистенциясын жазып алып, малды күнделікті бақылауға алу керек. Қайта зерттеу кезіндегі жыныс циклының қозу сатысының болмауы және сары дене жағдайының өзгеруі оны кешеуілдеген деп санауға мүмкіндік береді. Бірінші зерттеу кезінде анықталған сары дене жоғалуындағы екінші аналық безінде сары дене анықталуы байқалмай, өтіп кеткен жыныс циклына мегзейді (анэстралды-алибидті).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет