Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет99/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   115
акушерство китап

Бақылау сұрақтары:
1. Әр түрдегі үй жануарлары аналықтарының сүт бездері құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері?
2. Сүт безін зерттеу әдісі қатарына не енеді?
3. А.П.Студенцов бойынша желінсауларды, гипогалактия мен агалактияны жіктеу қандай принципке негізделген?
4. Әр түрдегі үй жануарлары аналықтарындағы желінсау ағымының ерекшеліктері неде? Желінсаудың әр түрлерінде ем қандай болуы керек?
5. Сүт безі дерматиттерінде жануарларға қандай жәрдем көрсетіледі?
6. Желін жарақаты кезіндегі емдік жәрдем неден құралады?
7. Емшек каналы тарылуы (сауын асқынуы) мен лакторрея кезінде сиырларды емдеу үшін не ұсынылған?
8. Сүт аздылығының (гипогалактия) алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?
9. Желінсаулардың алдын алуға қандай шаралар енеді?

10 Тарау. Үй жануарларының гинекологиясы және андрология негiздерi

Ветеринарлық гинекология (грек сөзінен алынған, ол gyne- әйел, аналық және logosim) - аналық малдың жыныс және басқа органдары туу мезгілі аяқталған соң пайда болған және бедеулікке әкелетін патологиялық үрдістерді оқытатын ветеринарлық клиникалық сала. Көбіне гинекологиялық аурулар бұрын болған акушерлік патологиялық салдары деп есептелінеді.


Ветеринарлық андрология (грек сөзінен аударылған, aner немесе anaros– еркек, аталық және logos - ілім) - өндірушілердің жыныс және басқа органдарында дамып, соған орай белсіздікке (импотенция) әкелетін патологиялық үрдістерді оқытатын ветеринарлық клиникалық сала.
Ветеринарлық гинекология мен андрологияның алдына қойылған мақсаттары өте тығыз байланысты, өйткені үй малдарының көбеюіне аналықтар мен аталықтар қатысады. Сондықтан, ветеринарлық гинекология мен андрология негізінде ауылшаруашылық малдарының бедеулігін жою және алдын алу шаралары жатады.
Бедеулік ауыл шаруашылығына көптеген шығын мен зиян әкеледі, соның нәтижесінде: 1) төл толық алынбайды, 2) малдың сүт өнімділігі төмендейді, 3) малды азықтандыруға шыққан шығынның орны толмайды, 4) бедеу малдарды емдеуге және ұрықтандыруға көп шығын кетеді.
Мал шаруашылығында бедеуліктен болған шығын, аурулардың басқа түрлерінен келген шығыннан жоғары болады. Сондықтан бедеулікпен күрес жүргізу ең маңызды шара болып табылады.
Бедеулік жайлы ілімде келесі көріністер мен түсініктемелерді айырады (аналықтар төлділігі және аталықтардың үзбей тұқым өндіруі), бедеулік - ұдайы өндіру қызыметінің бұзылуы, аналықтар төлділігі - бір буаздылық кезінде жатырда дамыған және туған төл саны. Ол келесі түрде белгіленуі мүмкін: а) аз төлділік - өз түріне бейімделген туу мөлшерінен аз төлдеу және б) көп төлділік - әдеттегіден көп мөлшерде төлдеу.
Бедеулік дегеніміз - үзбей тұқым өндірудің бұзылуы, ол аналық пен аталықтардың өмір сүруінің тиімсіз жағдайларына (азықтандырудағы, қолдануындағы, кемшіліктер, дұрыс ұрықтандырмау, жыныс аппараты және басқа органдар аурулары) байланысты дамиды.
Өмір сүруінің қалыпты жағдайында дені сау организм үзбей төлдеуі керек. Сондықтан бұзаулаған соң бір ай ішінде буаз болмаған ұрықтанған, не ұрықтанбаған аналық мал бедеу деп саналады.
Негізінде бедеулік деген биологиялық түсінік. Оны кейде экономикалық түсінік қысырлықпен шатастырады, ол дұрыс емес.
Бұл екі түсініктің төрт негізгі айырмашылықтары бар.

1. Бедеулік - аналық малдың төлдеу 1. Қысырлық - табында жоспарға


қабілетінің дұрыс азықтандырмауынан, байланысты төлді толық алмау.
ұрықтандырмағандықтан дұрыс
пайдаланбағандықтан немесе
жыныс мүшелерінің ауруларына
байланысты жойылуы.

2. Бедеу мал - туғаннан кейін бір ай 2. Қысыр мал -бір жыл ішінде төлдеме


ішінде буаз болмаған мал, ал жас ген мал. Қысыр деп жоспар бойынша
малдың физиологиялық жетілуінен төлдейтін, бірақ төлдемеген жас малды
кейінгі бір ай ішінде буаз болмау. айтады.

3. Бедеулік - биологиялық құбылыс, 3. Қысырлық-экономикалық және


ол әр күнде есептеледі. шаруашылық түсінік, оны тек жыл
аяғында жазулар бойынша және
санақ (инвентаризация) арқылы
анықтайды.

4. Бедеулікті жою-тиісті мерзімде 4. Қысырлықты жою - малдың санын


әр аналық малдан төл алу. өсіру жоспарын орындау, яғни жоспар
бойынша малдан төл алу.

Шаруашылықта әр күнде қанша сиыр ұрықтанды, бір күнде қанша сүт және төл алынғаны жөнінде есептер жүргізіп отыру керек.


Ұдайы өндіру жұмыстарын жоспарлау, тек қысыр сиырлардың есебін жіргізумен аяқталмайды. Ең бастысы бедеулікпен күрес жүргізу, бұл жағдайда бір жыл ішінде бедеулік күндерін азайтуға тырысу қажет. Сонымен қатар, сиырлардың қысырлығын жою керек, яғни нақты алынған шаруашылықтағы жағдайлар мен мал басы өсуі есебімен жоспарлы түрде жұмыс жасау қажет. Бұнда қысырлық пен бедеулікті жою және олардың алдын-алу шаралары бір емес екенін айта кету жөн. Қысырлық көлемін төл саны қатынасымен айырады. Мысалы, 100 сиырдан 100 бұзау алу жоспарланған, ал нақты алынғаны 75 бұзау, яғни қысырлық 25% құрайды. Бірақ, қысырлық нақты шаруашылық жағдайын толық бейнелемейді. Мысалы, шаруашылықта 1-қаңтардағы есеппен алынған 100 сиырдан бір жылда 100 бұзау жоспарланған, ал алынған саны 105 бұзау. Осыған қарап жоспардың асыра орындалғаны және қысырлықтың жойылғаны туралы айтуға болады. Бірақ, күнделікті есеп кезінде шаруашылықтағы 100 сиырдың 20-сы екі рет бұзаулаған (1-ші рет 1-кварталда, екінші рет 4-кварталда) олар 40 бұзау әкелген, 55 сиырдан бір бұзаудан алынған, 5 сиыр егізден әкелген. Қорыта айтқанда өткен жылдағы 105 бұзау 80 сиырдан алынған, ал қалған 20 сиыр қысыр қалған. Егер тек статистикалық мәліметтерге сүйенсек, онда шаруашылықта 20 қысыр сиыр болған жағдайда қысырлық жойылған деп санауға болады.
А.П. Студенцов бойынша
ауыл шаруашылық малдарының бедеулігінің жіктелуі

Аналық малдар Аталық малдар


Туғаннан болған бедеулік
Инфантилизм (шала жетілу) Инфантилизм
Фримартинизм (кемтарлық) Крипторхизм (еннің құрсақ
Гермафродитизм (қосжыныстылық) қуысында қалып қоюы)

Кәріліктен болған бедеулік


Аналық малдың жыныс аппаратында Өндірушілердің жыныс аппаратарында
сему процесстерінің өтуі сему процесстерінің өтуі.

Симптоматикалық бедеулік


Аналық малдардың жыныс және Өндірушілердің жыныс және басқа
басқа органдарының аурулары органдарының аурулары.

Алиментарлық бедеулік


Көтерем болу салдарынан, тым семірудің Көтерем болу салдарынан, тым семіру
салдарынан, рационның сапалы емес- дің салдарынан, рационның сапалы
тігінің салдарынан (азық құнарсыздығы) еместігінің салдарынан (азық құн-
өсіп жатқан малды дұрыс азықтандыр- арсыздыгы) өсіп жатқан малды дұрыс
мағандықтан және осының себебінен азықтандырмағандықтан және осының
шала жетілуі (инфантилизм) себебінен шала жетілуі (инфантилизм)
Эксплуатациялық (көп пайдалану әсерінен
болатын) бедеулік
Аналық малдарды өте көп пайдалану- Өндірушілерді өте көп пайдаланудан
дан көтерем болу көтерем болу

Ауа райына байланысты болатын бедеулік


Көп не болмаса жеткіліксіз инсоляциясының нәтижесінен, микроклиматтың жақпауы және аналық пен өндірушілерді асырау мен бағуында қате жіберушіліктен.

1. Жасанды пайда болған бедеулік


Дұрыс және уақтылы емес қолдан Шартсыз жыныс рефлекстеріне шартты ұрықтандыру. Ұрықты алу, сақтау,тасу рефлекстердің жіктелуі жатады
жұмыстары дұрыс болмауы. Шартты
рефлекстердің шартсыз рефлекстерге
жіктелуі
2. Жасанды бағытталған бедеулік
Аналық малдарды жыныстық жетілуден Өсіп келе жатқан аталық малдарды
физиологиялық жетілу кезеңіне дейін жыныстық жетілуден физиологиялық
бөлек ұстау. Сауу мерзімін ұзарту үшін жетілу кезеңіне дейін бөлек ұстау.
жыныс циклдары кезінде аналық малды Операциялық немесе қансыз әдістер
жоспар бойынша ұрықтандырмай жібе- мен піштіру, вазэктомия және басқа
ріп отыру. Операциялық немесе қансыз стерильдейтін операциялар жасау.
әдістермен пішу, аналық жыныс клетка-
сының түтігін байлау немесе басқа сте-
рильдейтін операциялар жасау.

Крипторхизм - екі еннің біреуі не екеуі бірден ұмаға түспей, құрсақ қуысында, не шап өзегінде қалып қоюы. Құрсақтағы төлдің эндокриндік жүйесіне ақау түсу, осының нәтижесінде сол жүйеге тән реттеуіш тәртіптің бұзылуы салдарынан болатын дерт.


Инфантилизм (infantilis - баладағыдай). Мал денесінің не оның органдары мен орган жүйелерінің шала, әдеттегіден кем болып қалыптасуы.
Бедеуліктің негізгі себептері мен түрлері
Бедеулік деген - аналық малдың уақытша, не өмір бойы буаз болмауы, төлдеу қабілетінің жойылуы. Себебіне қарай: туыстықтан болған бедеулік (инфантилизм, фримартинизм, гермафродитизм), кәріліктен болатын бедеулік (жыныс мүшелерінің семуі), симптомдық бедеулік (жыныс органдардың аурулары), алиментарлық бедеулік тағы да басқаларына бөлінеді.
А.Ю. Тарасевич келесі бедеулік себептерін ажыратуды ұсынды.
1) экстрагенитальды - жас, эндокриндік жүйе, жүйке жүйесі, сүт безі, жұқпалы және инвазиалы аурулар.
2) интрагенитальды - аналық жыныс бездерінің қалыпсыздығы (фолликулярлық, қуыс, персистентті сары дене, сары дене қуысы), ұрықтану кезеңінің имплантациясы, жатыр және басқа жыныс жолдары компонентерінің қалыпсыздығы, эндокринді анофродизия, нимфомандық.
3) экзогенді - алиментарлық жағдайлар, жарық жетіспеуі, басқа да себептер.
Қазіргі кезде бедеулікті жіктеудің 10-нан аса түрі ұсынылды. Олардың барлығы бедеуліктің пайда болуын және оны жою жолдарын табуға бағытталған. Сондықтан да бедеулік себебін жіктеу сәтсіздікке ұшырап отыр.
Арнайы зерттеулер бедеулік себебін табу қиын екендігін көрсетті. Бедеуліктің себебі мен пайда болуында, 3 вариациалар кездеседі:
1) бір себептер, біркелкі жағдайда кейбір малдарда ұрпақ қуалауына кері әсерін тигізсе, ал басқа малдарға әсер етпейді. Мысалы: сапасы мен саны жағынан қалыпсыз азықтандыру салдарынан кейбір малдарда бедеулік пайда болады, ал қалған аналықтар әдеттегідей ұрықтанады (көбейеді).
2) бірнеше түрлі себептер, біркелкі сипатталатын бедеулік бейнесін береді. Мысалы, қалыпсыз азықтандырудан туатын бедеулік, қуаңшылық кезеңдерде азықтарды дұрыс дайындамағанда, азықтарды дұрыс қолданбағанда т.б. себептердің әсерінен дамиды.
3) белгілі жағдайда бір себеп организмде бедеулікке тән морфологиялық және функциональдық өзгерістерді тудырады, ал басқа себептер әсерін бермейді.
Өндірістік тәжірибелер, бедеулік себебін анықтаудың зор мәні бар екендігін дәлелдеді. Бірақ, оларды тек анықтап және жойып қана қоймай, сонымен бірге бедеулік төменде көрсетілген үш жағдай болған кезде дамитынын ескеру қажет.
1) ұрықтануға құштарлық қасиетіне кері әсер ететін себептер.
2) бедеулікті тудыруға әсер ететін жағдайлар.
3) ағза жағдайын (резистентілгі) төмендететін себептер.
Өзіндік ерекшелігі бар себептер әсерінен түрлі бедеуліктер туады.
Оларды жою үшін осыларға тән ем түрлері қажет. Бедеулікті тек жалпылама зоотехникалық, малдәрігерлік, агрономиялық, ұйымдастырушылық шаралары жиынтығы күшімен қана жоюға болады. Бедеулік олардың белсенділігінен, ағзамен оны қоршаған орта байланысының бұзылуынан болады, бұл жағдай аталық және аналықтың жыныс мүшелері өзгеріссіз болғанда пайда бола береді (жасанды пайда болған). Осыдан басқа бедеуліктің ерекше бір жасанды бағытталған түрі бар. Ол әдейі жарамды ұрық алу, сонымен бірге ет өнімділігін көтеру мақсатында тудырылады. Жалпы бедеуліктерді жою шараларын жасамас бұрын, басты, негізгі түрлерін, себебін анықтап соған көңіл аудыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет