Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым Министрлігі



бет8/13
Дата29.11.2022
өлшемі398 Kb.
#466006
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Курс+лекций++Налоговая+отчетность+каз+2017

Тұрақты айырмашылықтар – бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есептік кезеңдерде жойылмайтын салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылық.
Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде басқа есептік кезеңде есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде жойылады.
Есептік кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі 2810 « Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер» шотында көрініс табады.
Кейінге қалдырылған табыс сомасын есептеу үшін әрбір уақытша айырма бойынша жеке аналитикалық негіздеме жүргізіледі. Бухгалтерлік баланста кейінге қалдырылған табыс салығын көрсету үшін оларды қысқа және ұзақ мерзімділігі бойынша жіктейді. Кейінге қалдырылған салықты жіктеу активтердің немесе міндеттемелердің негізінде жүзеге асырылады. Егер де уақытша айырма тауарлы-материалдық запастарға қатысты болса, онда ол қысқа мерзімді болып есептелінеді, ал егер де ол негізгі құралға қатысты болса, онда ол ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі (125 бабы бойынша ) кәсіпкерлік қызметтен, сондай-ақ ғимараттарды, қондырғыларды сатқаннан шеккен зиянды алдағы үш жылдың салық салынатын табысынан өтеуге рұқсат етіледі.
Тауарларды өткізуден түскен табысы 312 538 200 теңге мөлшеріндегі соманы және автоқызметтерді көрсетуден алынған табыс 71 000 000 теңгені құрады. Тауарларды, қыметтерді көрсетуден алынған табыстың жалпы сомасы- 383 538 200 теңге.
2. Күмәнді талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар танылады.
Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші дебиторды ҚР заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.
Иемденуге алынған тауарлар бойынша, сондай-ақ қызметкерлерге берілген табыстар мен басқа да төлемдер бойынша туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады және кредиторлық берешек туындаған кездегі қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына келтіруге тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылуға тиіс.
Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп танылады.Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар мөлшеріндегі провизиялар сомасы табысқа енгізіледі.
Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар; Шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар. Егер ішкі топтың шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басында ішкі топтың құн балансынан асып түссе, салық кезеңінде келіп түскен тіркелген активтер құны есепке алына отырып, артық мөлшері жылдық жиынтық табысқа енгізілуге тиіс.Осы ішкі топтың құн балансы салық кезеңінің аяғына қарай нөлге тең болады. Иемденiп алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлерге есептелген табыстар мен осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған кезiнен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады және кредиторлық берешек туындаған кезде қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына келтiрiлуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына қосылуға тиiс.
Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер.
Егер салық төлеуші бұрын табыс деп танылған күмәнді міндеттемелерді несие берушіге төлеген жағдайда, жүргізілген төлемнің шамасында шегерім жасауға жол беріледі. Мұндай шегерім төлем жасалған салық кезеңінде табыстарға жатқызылған шама шегінде жүргізіледі;
Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер. Күмәнді талаптар Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлеріне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; өткізілген тауарлар орындалмаған жұмыстар бойынша туындаған және салық төлеуші дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар болып табылады.
Ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе- констукторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер. Негізгі құралдар сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар шегерімге жатады. Тиісті ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізілгенін растайтын жобалық сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар мұндай шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіз болып табылады.
Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.
Шегерімге жатқызылатын төленген күмәнді немесе есептен шығарылған міндеттемелер декларацияның 100.10- нысанын жасау арқылы анықталады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Тауарларды сату шығындары?

  2. Салық есебі қандай қызмет атқарады?

  3. Акциздер дегеніміз не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет