37
мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық
тәжірибенің,
мінез-құлық,
жүріс-тұрыс
ережелерінің,
қоғамдық
дәстүрлердің, белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық
педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда кӛрініс табады» .
Педагогикалық энциклопедиялық сӛздікте: «Халық педагогикасы
дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ
тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау
процесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық
педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және ӛндірістік білім,
дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік,
имандылық рухында тәрбие беру», - деген анықтама берілген. Осы
анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санауға болады.
Ал академик А.К.Конның басшылығымен 1983 ж. «Педагогика»
баспасынан шыққан этикалық сӛздікте «әдет-ғұрып дегеніміз – белгілі бір
қоғамда немесе коллективте белгілі бір тарихи жағдайға байланысты
адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі. Ол әлеуметтік
ӛмірдің әр түрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық
жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды. Яғни бір қоғам
ішіндегі адамдардың еңбек ету тәсілдері мен әдістерінің жалпыға ортақ
болуын, олардың саяси-қоғамдық іс-әрекетінің және күнделікті
тұрмыстағы қарым-қатынасында немесе кӛзқарасында бірыңғайлылық
әрекеттің болуын талап етеді. Осының бәрі әдет-ғұрыптың, салттың
жиынтық кӛрінісі болып табылады,» - деп түжырымдаса, ал «дәстүр
дегеніміз – әдет-ғұрыптың ӛмірдегі ӛсіп жетілген әр түрлі формасы. Ол
адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқының
ұрпақтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі», - деген
анықтама береді.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам
ӛмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық ӛмірдегі
қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен
жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.
Немесе, Салт – тарихи жағдайда қалыптасқан ұрпақтан ұрпаққа
жалғасатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар, тұрмыс қалпы,
ережелері.
Ол жеке адам ӛмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни
ережелерімен байланысты кӛрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, ру,
тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.
Ал дәстүрлердің ӛрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық
сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның
қалыптасқан бірыңғай кӛзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол
ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтық ортақ ӛнерде немесе қоғамдық
қатынаста кӛрініс беретін құбылыс. Дәстүр идеологияға жақындау да, ал
салт қоғамдық психологияға жақын. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті
Достарыңызбен бөлісу: