5) Тарихи әндер – балалар мен жастарды халық ӛміріндегі сан қилы
тарихи оқиғалармен таныстырып, ел басына күн туған кезде толарсақтан
қан кешкен батырларға құрметпен қарауға тәрбиелеп, әділдік пен
адалдыққа үндеп отырған. Мысалы: «Исатай», «Елім-ай» т.б. әндер.
Қазақтың музыкалық шығармаларының күрделі бір саласы – күй.
Қазақ халқының кҥйшілік мектептерінің зерттелу жайы мен
кҥйшілік дәстҥр жҥйесі
Күйлерде қазақ халқының басынан кешірген қасірет-тауқыметі,
тарихи оқиғалары, туып-ӛскен жердің табиғаты, күнделікті тіршілік
қарекетінің түрлі жақтары, қоғамдық ӛмір құбылыстарына және ӛнерге
деген кӛзқарасы бейнеленеді. Қазақ халқының күйшілік ӛнері ӛзінің
дәстүрлік ерекшелігіне, орындау мәнеріне, қағыс тәсілдері мен түрлеріне
қарай негізінен екі үлкен мектепке жатады. Бұлар тӛкпе кҥй және шерпе
кҥй деген атпен белгілі.
Түркі тектес байырғы кӛшпенділер жасаған ӛзгеше бітімді
ӛркениеттің тікелей мұрагері, ӛткен ғасырдың басына дейін негізінен,
кӛшпенділік ӛмір салтын ұстанған, кейін тіршілік ыңғайы ӛзгерсе де,
рухани қалыбын сақтап қалған қазақ халқының ең сұлу, сырлы мұрасы –
сан-салалы, кӛп жанрлы дәстүрлі музыкасы.
Күй – халқымыздың сол ұланғайыр музыкалық қазынасының ең бір
мол саласы, құрылымы, мазмұны, басқа да кӛп сипаттары жӛнінен кемел
дамып, биік ӛреге жеткен жанрларының бірі.
«Күй» сӛзі түркі халықтарының біразында этномузыкалық термин
ретінде пайдаланылады. Түпкі, тӛркін мағынасы «хал, жағдай, кӛңіл
ауаны» сияқты психо-эмоциялық ұғымды білдіреді. Осы атаудың ӛзінен-ақ
күйдің табиғатына жан толқынысының әуендік баламасы іспетті айқын
психологизм тән екендігін аңғарамыз. Әлбетте, бұл күй жанрының ӛзге
сипатын: баяндаушылық, суреттеушілік, кейіптеушілік қасиетін жоққа
шығармаса керек. Жинақтай айтқанда, күй – құрылымы жағынан шағын
болғанмен, мазмұны терең, ойлы, сырлы, әуендік бітімі күрделі,
музыкалық формасы кемел, жанрлық заңдылық, белгілері әбден
тәптіштелген аспаптық пьеса.
Күйдің қай заманнан бері тартылып келе жатқандығының нақты
дерегі жоқ. Бірқатар зерттеушілер күй бағзының бағзысында, әзелгі ғұн,
түркі дәуірінде пайда болған деп пайымдайды. Ал орта ғасырларда
Қарақорым мен Еділ дария арасын жайлаған жалпақ жұртқа жаппай
түсінікті, етене музыка тіліне айналған сияқты деген де пікір бар. Біраз
күйлердің тақырыбы, лексикасынан, пішін-құрылымынан, күймен егіздете
баяндалатын аңызынан архаикалық сипат, ислам дініне дейінгі наным-
сенімнің табы байқалуы осы тұжырымға дәйек бола алса керек.
Күйлер негізінен, үш аспапта – домбыра, қобыз, сыбызғыда
орындалған. Соның ішінде, дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең
55
таралған және аса биік профессионалдық ӛреге жеткен саласы – домбыра
күйлері.
Домбыра – қос ішекті құдірет. Домбыра – қазақтың жаны. Бұл
аспапта «Тағдырдың тезінен, тозақтың ӛзінен» ӛткен халықтың тарихы
тұнып жатыр. Ол ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен
салт-дәстүрлерiне тіл бiтiре алады. Осы құндылықтарымыздың сақталуына
да септігін тигізіп келеді.
Домбыра – тым ертеде пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп,
дамып отырған, екі ішекті, шертпелі хордофон типіндегі аспап. Осы
үлгідегі және атауы да, кӛп ретте, осы «домбыра» сӛзіне ұқсас аспаптар
татар, башқұрт, ӛзбек, алтай, қырғыз, түрікпен, мұңғыл, қалмақ, тәжік
халықтарында да сақталған (думбыра, думбара, думбрак, домбр, комуз,
т.с.с.). Типологиялық және лексикалық ұқсастық аталмыш музыка
аспабының әлмисақтан мәшһүр екендігінің және Орталық Азия
халықтарына түгелдей дерлік табиғи болғандығының дәлелі ретінде де
айтылады. Ал қазақ домбырасы – жұмсақ, қоңыр үнімен ерекшеленетін,
дыбыстық диапазоны 1,5 октавадан 2 октаваға дейін жететін, мүмкіндігі
мол, сонымен қатар ел-жер, орындаушылық дәстүр ыңғайына қарай
сыртқы пішіні де сан түрлі болып келетін, заманында әр қазақтың дерлік
үйінің тӛрінде тұрған аспап. Ӛйткені, домбыра – ұлттық болмысымызды
айқындап, рухымызға рух қосады.
Осыншама кең таралғандығы себепті, қазақтың дәстүрлі әндері
түгелге жуық домбыраның сүйемелімен айтылады. Алайда, домбыра
аспабының тембрлік, диапазондық мүмкіндіктерін шегіне жеткізе ашқан
жанр – кӛне ықылымдарда қалыптасып, ХІХ ғасырда ӛз дамуының шырқау
шыңына кӛтерілген күй жанры еді. Күй – қазақтың музыкалық
шығармаларының күрделі бір саласы.
Күйлерде қазақ халқының басынан кешірген қасірет-тауқыметі,
тарихи оқиғалары, туып-ӛскен жердің табиғаты, күнделікті тіршілік
қарекетінің түрлі жақтары, қоғамдық ӛмір құбылыстарына және ӛнерге
деген кӛзқарасы бейнеленеді.
Қазақ халқының күйшілік ӛнері Сахара аймақтарының тарихи,
мәдени және жағырафиялық ерекшелігіне, аспапта орындалу техникасына
байланысты, қазақтың домбырашылық, күйшілік ӛнерінде жеті түрлі
орындаушылық дәстүр мен мектептер қалыптасты.
Бұл дәстүрлі мектептер Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы,
Маңғыстау, Батыс мектептері деп аталады. Қазақтың домбыра күйлері
ӛзінің дәстүрлік ерекшелігіне, орындау мәнеріне, орындаушылық
ерекшелігіне, қағыс тәсілдері мен түрлеріне қарай, күйдің құрылымына
байланысты негізінен екі үлкен мектепке жатады. Бұлар тӛкпе күй және
шерпе күй деп жіктеледі.
Біз «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жинағына енген күйшілік
мектептердің ретін архаикалық сипатымен ерекшеленетін шығыс күйшілік
дәстүрін талдадық. «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жобасына халқымыздың
56
ұлы мұрасы еніп отыр. Сол жобаға енген күйлердің сарапталуы мен
жіктелуіне тоқталсақ.
Достарыңызбен бөлісу: |