Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет45/55
Дата10.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#454511
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
7. Маңғыстау күйшілік дәстүрі.  

Бұл  ӛңірде  қалыптасқан  күйшілік  мектеп  оқшау  ыңғайда  дамыған 

орындаушылық  және  шығармашылық  әдістерінің  ерекшелігімен  кӛзге 

түседі.  батыс  күйшілік  дәстүріне  жататын  Маңғыстау  күйлері  қағыс, 

тартысымен  айрықшаланып,  ӛз  алдына  бір  мектеп  болып  қалыптасып 

кетті. 


Маңғыстау  ӛлкесінде  аңыз-әңгімелерімен  баяндалатын  кӛне  күй 

үлгілері,  айтыс-тартыс,  тармақты,  тізбекті,  тарихи  күйлер  мол  сақталған. 

Әріден  келе  жатқан  ескі  күйлермен  қатар,  «Қазақ  пен  ноғайдың 

айырылысуы», «Ноғай сазы», «Бала ноғай сазы», «Алпыс тараулы Науаи» 

сияқты  халықтық  мұраға  айналған  домбыра  саздары  да  аз  емес.  Осындай 

авторы  белгісіз  кӛне  күйлердің  бір  шоғыры  –  «Науайы».  Әйгілі  күйші 

Ӛскенбайдың  орындауында  «Науайы»  алпыс  тараудан  тұрады  екен.  Ал 

бізге  Ӛскенбайдың  ӛз  баласы  Мұраттың  орындауында  жеткені  –  «Қарт 

Науайы»,  «Бала  Науайы»,  «Тел  Науайы»,  «Шар  Науайы»,  «Тамшы 

Науайы»,  «Қақпалы  Науайы»  деп  аталатын  алты  күй.  Ерте  замандардан 

тамыр  тартқан  кӛне  күйлердің  бірі  –  Кетбұғаның  «Ақсақ  құлан,  Жошы 

хан»  күйі.  Бұл  күй  Мұрат  Ӛскенбаевтың  орындауында  «Құлан  сарыны», 

«Естірту»,  «Айдаһармен  арбасу»  деп  салаланып келеді.  Сол  сияқты  аңыз-

әңгімесімен  жеткен  халық  күйлерінің  бірі  –  «Нар  идірген».  Шалдың, 

жігіттің, баланың тартқаны болып келетін осы үш күй «Ӛрелі мая» деп те 

аталады. 

Абыл,  Қартбай,  Есбай,  Есір,  Құлшар,  Қоңыр,  Ӛскенбай,  Шамғұл, 

Әлқуат,  Мұрат  сияқты  Маңғыстау  күйшілерінің  есімдері  қазақтың 

аспаптық  музыка  әлеміне  әйгілі.  Маңғыстау  күйшілік  дәстүріндегі 

кӛрнекті  тұлғалардың  бірі  –  Абыл  Тарақұлы.  Абылдың  бізге  жеткен 

«Абыл»,  «Нарату»  күйлері  –  қазақ  күй  ӛнеріндегі  шоқтығы  биік, 

философиялық мәні терең, эпикалық сарыны басым кемел туындылар.  

Маңғыстау  күйшілік  ӛнерінің  тағы  бір  айтулы  тұлғасы  Есбай 

Балұстаұлы шығармашылығының айшықты бӛлігі - «Үш ананың тартысы» 

деп аталатын циклді күйлерден  тұрады. Маңғыстау  түбегінде ӛмір сүрген 

саңлақ  күйші  Есір  Айшуақұлының  «Қос  айырған»,  «Тоғыз  түйеші», 

«Кӛктӛбе»,  «Манатау»,  «Ақжарма»  атты  тармақты  күйлері  ұлы  даланың 

симфониясындай  сол  дәуірдегі  ел  басынан  ӛткен  тарихи  оқиғаларды 

сипаттайды.  Айтыс,  тартыс  күйлерімен  аты  белгілі  Құлшардың  «Қыз 

қамаған»,  «Кербез  керік»,  «Ат  жортақ»,  «Сық-сақ»,  «Кебіс  қалған»  деп 

аталатын  циклды  күйлері  қызғылықты  әңгімесімен  шағын  театрлық 



 

64 


 

қойылымға ұқсайды. Жинаққа Құлшардың бұдан басқа да әзілге құрылған 

«Тілемсек», «Жап та, қымта» атты күйлері енген.  

Адайдың  «жеті қайқысы» атанған ӛнерпаздар қатарында Маңғыстау 

күйшілік дәстүрінің кӛрнекті ӛкілдерінің бірі Ӛскенбай Қалмамбетұлының 

есімі  ерекше  аталады.  Әйгілі  «Жаңылтпаш»  күйі  –  Ӛскенбайдың  Құлбай 

бақшы  деген  түрікпен  күйшісімен  сайысқа  түскенде  шығарған  күйі. 

Ӛскенбай  күйшінің  мұрасы,  негізінен,  бел  баласы  Мұрат  Ӛскенбаев 

арқылы  жетіп  отыр.  Ол  Абыл,  Есір,  Құлшар,  Ӛскенбай,  Қартбай  сынды 

күйшілердің  туындыларын,  ертедегі  аңыз  күйлерді,  ӛз  күйлерін қосқанда, 

ұзын  саны,  үш  жүздей  күй  тартқан.  Бұл  антологияға  Абыл,  Есір,  Есбай, 

Құлшар, Ӛскенбай сияқты аттары белгілі күйші-композиторлар күйлерімен 

қатар,  Жолды,  Қартбай,  Қоңыр,  Мұрат  Ӛскенбаев,  Айдарбай,  Самиғолла 

Андарбаевтың шығармалары да толық енгізілген.  



8. Қазіргі заман күйлері. 

Қазақ  музыкасының  арнайы  кәсіпқойлық  жүйеде  қалыптасуына, 

дамуына  атсалысқан  күйші-композиторлар  шығармалары  да  осы  жинаққа 

арнайы 


топтастырылды. 

Академик 

А.Жұбановтан 

бастап, 


С.Мұхамеджанов,  М.Қойшыбаев,  Х.Тастанов,  Р.Омаров,  Н.Тілендиев, 

К.Күмісбеков  сияқты  Қазақстан  кәсіби  музыкасының  іргетасын  қалауға 

үлес  қосқан  композиторлардың  айшықты  шығармаларымен  қатар,  осы 

буынға  ілесе  шыққан  М.Әубәкіров,  А.Мырзабеков,  М.Қалауов, 

Ә.Есқалиев,  С.Балмағамбетов,  Ш.Әбілтаев,  Қ.Ахмедияров,  А.Жайымов, 

Қ.Тасбергенов,  С.Тұрысбеков,  т.б.  композиторлардың  туындылары  және 

С.Құсайынов,  Ә.Желдібаев,  М.Сыдықов  сынды  күйшілердің  кең  тараған 

күйлері де жинақтан орын алған.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет