күй шебері, қазақтың аспаптық ӛнерінде ӛшпес із қалдырған Сүгір ӛзіне
60
саздарының кездесуі кездейсоқ құбылыс емес. Оның күйлері мазмұны
жағынан да, кӛркемдік бітімі жағынан да ерекше. «Шалқыма», «Ілме»,
«Бес жорға» (5 тараудан тұрады), «Қаратау шертпесі», «Жолаушының
жолды қоңыры» (2 тарау), т.б. туындыларының қай-қайсысын алсақ та,
кемеліне келген кӛркемдік, мүлтіксіз жаңашылдығымен, соны сипатымен
оқшау тұрады. Сүгір күйлерін алғаш республика жұртшылығына танытқан
дарынды ӛнерпаз, қобызшы әрі домбырашы Жаппас Қаламбаев болды.
Сүгірдің «Кертолғау», «Ілме», «Шалқыма», «Ыңғайтӛк», «Аққу», т.б.
күйлері Ж.Қаламбаевтың орындауында қайталанбас ӛрнегін тауып, қазақ
музыкасының алтын қорында мәңгі сақталып қалды.
Сүгір күйлерін асқан шеберлікпен орындап жеткізушілер қатарында
күйші, домбырашы Тӛлеген Момбековтің есімін айрықша атауға болады.
Сүгірдің «Қосбасар», «Жолаушының жолды қоңыры» (2 тарау), «Бес
жорға», «Қаратау шертпесі», «Телқоңыр», «Шалқыма», «Бозінген» сияқты
күйлерін ӛзіндік мәнерімен орындап, ӛз жанынан да кӛптеген күйлер
шығарған Тӛлеген Момбеков – Сүгір мектебінің кӛрнекті ӛкілі.
Антологиядан Сүгір, Бапыш, Тӛлеген, Жаппас, Боранқұл, Айкен сынды
қаратаулық күйшілердің туындылары қомақты орын алды.
5. Сыр өңірінің күйшілік дәстүрі.
Сыр бойы күйлері кӛпке дейін қазақ музыкасы саласында аз
зерттеліп, насихатталуы кемшіндеу болып келгенімен, соңғы кездері
кеңінен қолға алына бастады. Белгілі жыршы, филология ғылымдарының
кандидаты Б.Жүсіповтың «Жиделі Байсын күйлері» (Алматы, 2000) деген
еңбегінде осы орындаушылық мектептің күйлері алғаш жинақталып жарық
кӛруі де – сең қозғалуының бір кӛрінісі. Сырдың бойында ертеректе ӛткен
Құрманай Тӛремұрат, Асан Кӛнек, Бекпенбет сынды күйшілердің
мұралары кӛнеден кӛшкен керуендей жалғасын тауып келеді. Одан
беріректе Сыр ӛңірінде ӛмір сүрген күйші-композиторлардың ішінде үш
дәулескер күйшінің есімін атауға болады. Олар: Мырза Тоқтаболатұлы,
Әлшекей Бекпенбетұлы, Досжан Құрақұлы. Сыр бойы күйшілік
дәстүріндегі кӛрнекті тұлғалардың бірі Мырза Тоқтаболатұлының ғұмыр
кешкен, музыкалық мұрасының молынан сақталған жері – Қызылорда
облысының Қазалы ӛңірі. Бүгінгі күні Мырза күйшінің «Асанқайғы»,
«Бұғының күйі», «Баулы ешкі», «Алпыс екі Ақжелеңнің бауыр шешпесі»,
«Ташауыз» сияқты бітімі, құрылымы бӛлек, композициялық жағынан
оқшау тұрған жиырмадан астам күйлері белгілі болып отыр. Мырза
күйлерінің басты ерекшелігі, кӛбінесе, транспозициялық формада
құрылған. Күйдің ӛзі шағын 3 бӛлімді шығарма іспеттес. Бұны «Жемнің
ағыс күйі», «Ташауыз», «Бұғының күйі», т.б. күйлерден байқауға болады.
Осындай құрылымдағы күйлер, кӛбіне, сағасыз болып келеді. Яғни, батыс
күйлеріндегідей кіші, үлкен сағаларда үстіңгі ішектегі стереотип
тартылмайды. Осы әдіс Сыр бойы күйлерінің кӛбіне тән.
Мырза күйлерін, сонымен қатар, Сыр бойында сақталған халық
күйлерін, Құрманай Тӛремұрат, Жалдыбай күйшілер мұрасын шашау
61
шығармай, ерекше нақышпен орындап, насихаттаушы – қазалылық дүлдүл
домбырашы Нәби Жәлімбетов.
Жоғарыда аттары аталған күйшілердің шығармаларымен қатар, осы
антологияға Жалдыбай, Қобылаш, Исламбек Ысқақов, Жалғасбай
Аралбаев, Тӛлеген Қаражанов, Мұзарап Жүсіпов тәрізді Сыр бойында ӛмір
сүрген күйшілердің туындылары да енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: