Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет46/55
Дата10.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#454511
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Қобыз және сыбызғы күйлері. 

Күй жанрының мейлінше професионалдық сипат алуы, салқар дамуы 

домбыра  аспабына  қатысты  және  бұл  –  әсіресе,  XVIII-XIX  ғ.ғ.  байқалған 

құбылыс.  Алайда,  ең  кӛне  күйлер  қобыз  бен  сыбызғыда  орындалғаны  – 

даусыз ақиқат.  

Қобыз  –  қазақ  халқы  алабӛтен  қасиет  тұтатын  аспап.  Этномузыка 

саласының білгірі В.Бахманның пікірінше, қобыз – жер бетіндегі ең ежелгі 

шекті,  ыспалы  аспап  болса  керек.  ХХ  ғ.  соңғы  ширегінде  европалық 

зерттеушілер  В.Бахман  мен  С.Дончев  қобыздың,  Орталық  Азия 

кӛшпенділерінің  соған  ұқсас  аспаптарымен  қатар,  бүгінде  Европа  ғана 

емес,  күллі  әлемге  таралған  скрипка,  виолончель  сияқты  сұлу,  сиқырлы 

аспаптардың  түп  атасы,  тӛркіні  екенін  бұлтартпас  дәйектерге  жүгіне 

отырып,  дәлелдеп  шықты.  Бұл  енді  –  ұзақ  зерделеуді  қажетсінетін,  ӛте 

қызғылықты кӛп. 

Зерттеушілердің  кӛпшілігі  қобыз  –  кӛшпенді  дүние  танымының, 

оның  Ғалам  жайындағы  түсінігінің  бейнесі  деген  пікірге  ден  қояды. 

Қобызды Қорқыт  Атаның жасауы, содан соң толассыз ағып  жатқан дария 

үстінде  отырып,  күні-түні  күй  қайырып,  күйдің  тылсым  күшімен  ажалды 

бӛгеуі,  ақырында  бір  сәт  қалғып  кеткенде,  ажалдың  қарақұрт  кейпінде 

келіп,  шағып  ӛлтіруі  турасындағы  ғажайып миф  –  осының айғағы  деседі. 




 

65 


 

Бір таңғаларлық жайт – қазақтың ежелгі бақсылары да, күйшілері де бірдей 

Қорқыт  Атаға  сиынып,  бақсы  –  Қорқыт  сарынын  шалса,  күйші  –  Қорқыт 

Атанікі деп күй тартқан. Қазіргі уақытқа жеткен қобыз күйлерінің қомақты 

бір парасы – Қорқыт атына телінетін күйлер.  

Қазір қобызды нарқобыз және қылқобыз деп екі түрге бӛліп жүрміз. 

Қылқобыз  –  бүгінде  жұртшылыққа  әбден  кӛзтаныс  болған,  күй  тартуға 

арналған  тұрқы  шағын  аспап.  Ал  нарқобыздың  шанағы  үлкен,  сол  үлкен 

шанақтың  ішіне  айна  қондырылған,  басына  жезден  иә  темірден  соғылған 

шылдырмақтар ілінген, үні күркіреген зор, жуан болып келеді. Деректерге 

сүйенсек,  нарқобызды,  негізінен,  бақсылар  шалған  сияқты.  Бақсы  сарыны 

аталатын  тұтас  бір  жанр  ғасырлар  бойы  осы  нарқобызда  орындалып 

келген.  

Ал  пенденің  жан  сырын  –  түпсіз  қорқынышын,  берік  сенімін, 

жалғызсыраған қамырығын, атойлаған серпінін, ӛмір мен ӛлім арасындағы 

тұңғиыққа  шомған  тебіренісін  паш  ететін  қобыз  күйі  ӛз  мүмкіндігінің 

шырқау  биігіне,  жоғары  профессионалдық  деңгейіне  қылқобыз  арқылы 

жеткен  еді.  Бұл  арада  атап  айтар  бір  мәселе  –  бізге  еміс  есімдері  ғана 

жеткен  кӛнелікті  қобызшылардың  кӛбі  абыз,  жырау,  бақсы  болғандығы. 

Аттары  қазақ эпосына, аңыздарына арқау болған Сыпыра, Кетбұғалардың 

жырау  екендігін,  Қойлыбай,  Кербала,  Қарақожа,  Шүмен,  Баубек, 

Жамансарт, Тілектердің абыз, бақсы болғандарын шамалаймыз.  

Кетбұға  –  жырау,  күйші,  аңыз  кейіпкері.  XIV  ғасырда  жазылған 

«Шаджарат  әл-атрак»  («Түрік  шежіресі»)  атты  кітаптағы  деректер  мен  ел 

аузындағы  аңыздар  бойынша,  Жошы  хан  аң  аулап  жүріп  қаза  тапқанда, 

Шыңғыс ханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім батпайды. Сонда Кетбұға 

бас  кесер  ауыр  міндетті  ӛз  мойнына  алып,  баласы  Жошының  ӛлімін 

күймен  естіртеді.  «Ақсақ  құлан  –  Жошы  хан»  күйі  осылай  туыпты-мыс. 

Бүгінге  Кетбұғаның  осы  күйі  және  күй  шығарарда  айтқан  бірнеше  жол 

ӛлеңі  ғана  жетті.  Басқа  әдеби  не  музыкалық  шығармасы  сақталмаған. 

Халық ӛлеңдері мен аңыз әңгімелерде де Кетбұға ел қамқоры, дана ақсақал 

ретінде бейнеленген. Ол туралы аңыздар қырғыз фольклорында да бар.  

Қазаққа  Қорқыт  күйлері  аталатын  құпиялы,  сырлы  циклды 

мирастаған  Соқыр  Нышан  –  Нышан  бақсының  ӛнері  қобызбен  күй  тарту 

саласындағы соны дәстүр болды.  

Бірақ, қобыз күйі шынымен түрленген уақыт, «алтын ғасыр» – ХІХ ғ. 

еді.  Бұл  кезеңде  Ханқожа,  Ерден,  Дүкен  сынды  үлкен  қобызшылар 

ӛткендігі  айтылады.  Дегенмен,  арқалы,  ұлы  күйші  Ықылас  ғана  қобыз 

күйін  мүлде  жаңа  тарапқа  бағыттап,  ӛлмес,  ӛшпес  мұра  қалдырып  кеткен 

еді. Ықылас әулетін қазақ арасында жеті атасынан қобызшылар ұрпағы деп 

атайды.  Қорқыт  әуенін,  ежелгі  бақсылар  сарынын  жеріне  жеткізе 

меңгерген  Ықыластың  қобызы  жаңаша  тыныс  ашты,  күңіренген  даусы 

кеудесінен  керемет  сырлы  күйге  айналып  ақтарылды.  Ықыластың  әйгілі 

шәкірттері  дегенде,  жадымызға  бел  баласы  Түсіпбек,  сондай-ақ  Әбікей, 

Сүгір  күйшілер  оралады.  Осы  күйшілерден  тікелей  дәріс  алған  Жаппас 

Қаламбаев  пен  Дәулет  Мықтыбаев  –  Ықылас  ӛнернамасын  небір  ауыр 




 

66 


 

ӛткелектен  аман  алып  ӛтіп,  келер  ұрпаққа  табыстаған  абзал  жан,  ірі 

қобызшылар. 

Айналып ӛтуге, айтпасқа болмайтын тағы бір сӛз – қобыздың, қобыз 

күйлерінің  тағдыры  хақында.  Қобыз  әуелі  әсіре  діндарлар  тарапынан, 

кейін,  Октябрь  тӛңкерісінен  соң  қызыл  ӛкімет  тарапынан  «жын 

шақыратын бақсы құралы» ретінде айыпталып, кӛп қудаланды. Жойылып 

кете жаздап барып, шерлі кӛшпендінің тірі рухы іспеттеніп қайта оралды. 

Бірақ  кӛп қазына  – санын ешкім санап  болмас  – мәңгіге жоғалды. Қазіргі 

кезде  қобызда  тартылып  жүрген  күйлер  –  бір  заманғы  ұлан-ғайырдың  бір 

ғана  жұрнағы,  теңіздің  тамшысы  десек  керек-ті.  Соның  ӛзі  –  дәтке  қуат, 

кӛңілге медеу. 

«Қазақтың  дәстүрлі  1000  күйі» атты  жинаққа  күй  атасы  Қорқыттың 

атынан  тартылатын  күйлер  және  оның  ӛнерін  жалғастырушы  Баубек, 

Кӛзбен,  Тілеп  сынды  бақсылардың  күйлері  толығымен  енді.  Құрылымы 

аса  күрделі  емес  Қорқыт  күйлері  қысқа  сарынды  болып  келеді.  VIII-IX 

ғасырлардан  тамыр  тартатын  бұл  сарындарды  ең  кӛне  қобыз  күйлерінің 

қатарына  жатқызуға  болады.  Қорқыт  шығармаларының  ішіндегі  ауқымы 

кең,  мағынасы  терең  күйлердің  бірі  –  «Қоңырды»  жинақта  Жаппас 

Қаламбаевтың орындауында бердік. «Қорқыт» күйінің келесі бір нұсқасын 

Дәулет  Мықтыбаев  орындаған.  Қорқыттың  «Желмая»,  «Ұшардың  ұлуы», 

«Әуппай»,  «Елім-ай»,  сынды  сарындары,  бар  қазаққа  аты  белгілі  Баубек 

бақсының  сарыны  және  оның  «Қоңыржай»  атты  күйі,  Тілептің  «Бақсы» 

күйі  белгілі  қобызшы  Мұсабек  Жарқынбеков,  Базархан  Қосбасаров, 

Әлқуат Қазақбаев сынды белгілі қобызшылардың орындауында берілді.  

Қазақтың қобыз күйлерін жаңа биікке кӛтерген – Ықылас Дүкенұлы. 

Ықыластың  ең  алғашқы  күйлерінің  бірі  –  «Ерден».  Ақмола  уезінің  аға 

сұлтаны  болған  Ерден  Сандыбайұлының  жалғыз  баласы  Айменденің 

қазасына  жұбату  ретінде  шыққан  бұл  күй  қобыз  күйлерінің  тамаша  бір 

үлгісінен  саналады.  Ықыластың  «Кертолғау»,  «Ықылас»,  «Шыңырау», 

«Жез  киік»  атты  күйлері  жігерлі,  жалынды  келіп,  жан  дүниедегі 

буырқаныстарды бейнелесе, «Қазан», «Қамбар батыр», «Мұңлық-Зарлық», 

«Айрауықтың  ащы  күйі»  –  эпикалық  жырлардың  әсерінен  туындаған 

күйлер.  Ықыластың  бірнеше  күйлері  антологияға  дәулескер  күйшілер 

Дәулет  Мықтыбаев  пен  Жаппас  Қаламбаевтың  орындауында  енді.  Дәулет 

Мықтыбаев  кӛптеген  күйлерді  Ықыластың  баласы  Түсіпбектен  үйренсе, 

Жаппас  Қаламбаев  Ықыластың  шәкірті,  Қаратау  күйшілік  мектебінің 

кӛрнекті  ӛкілі  Сүгір  Әлиұлынан  тәлім  алған.  Ықылас  күйлерінің  біздің 

заманға жетіп, нотаға түсуіне себепші болған жандар – Дәулет Мықтыбаев 

пен  Жаппас  Қаламбаев  ұстаз  тұтқан  Сағынтай  Елепанов  күйтабақтағы 

«Кертолғау» күйінің бір нұсқасын орындаған.  

Қазақ  дәстүрлі  музыкасын  ғасырлар  бәйгесінен  оздырған  тағы  бір 

сырлы  аспап  –  сыбызғы.  Тамылжып,  сызылып,  уілдеп,  қыр 

кӛшпенділерінің  сансыз  буын,  ұрпағының  жанын  тербеген  қазақ 

сыбызғысы  адам  баласы  ойлап  тапқан  үрлемелі  аспаптардың  ішіндегі 

ежелгілердің  және  ерекше  әуезділердің  қатарынан  орын  алса  керек. 




 

67 


 

Сыбызғының дәстүрлі үлгісі қурай ӛсімдігінен жасалады, аспапты жасауға 

қара  қурай,  ӛгіз  қурай,  қырлы  қурай  түрлері  пайдаланылған. 

Сыбызғышылар сыбызғыны қурайдан ӛздері жасап алып тартқан және оны 

жасау  әдіс-тәсілдерінде  әрбір  ӛнерпаздың  ӛзіндік  ӛлшемі,  ӛз  құпиясы 

болған.  Бабымен  жасалған  сыбызғының  сыртынан  жаңа  сойылған  мал 

ӛңешінің  ақ  шелімен  немесе  жас  тӛлдің  аш  ішегімен  қаптайды.  Мұндай 

сыбызғының үні таза, ыстық-суықтан айнымайды және ұзақ уақытқа дейін 

шыдайтын болады. Қурай сыбызғыны тартқанда орындаушылар қурайдың 

ӛзегін  сумен  бүркіп  отырады  екен.  Себебі,  қурайдың  іші  кеуіп,  қаңсып 

кетуіне  байланысты  дыбыстың  біркелкі  шығуына,  бояуына  кедергі 

жасайды. Қурайдан жасалған сыбызғының дыбысы әуезді, жұмсақ, табиғи 

шығады.  Сондай-ақ  сыбызғының  қурайдан  басқа  да  ағаштан  және  жезден 

жасалған түрлері болады.  

Сыбызғы,  бір  қарағанда,  қарапайым  аспап  болып  кӛрінгенмен, 

үрлемелі  аспаптардың  ішінде  дыбыс  шығаруы  жағынан  күрделілігімен 

ерекшеленеді.  Сыбызғыда  мүштік  болмайды,  ол  –  тіске  қойылып 

тартылатын  аспап.  Сондай-ақ  дәстүрлі  сыбызғышылар  күй  тарту 

барысында  үш  түрлі  дыбысты  үндестіріп  отырады  екен.  Бұл  дыбыстарды 

кәнігі  тыңдаушылар  сыбызғының  үн-дыбысы,  ауыз  жаңғырығы, 

сыбызғышы кӛмейінің дауысы деп ажыратады. Үрлемелі аспаптарға кӛмей 

дауысын қосып орындаушылық Сібір халықтарының қос дауысты ән-жыр 

салу  дәстүріне  жақын  болып  келеді.  Бұл  үрдіс  қазақтың  сыбызғышылық 

дәстүрінде  маңызды  орын  алған.  Осы  тәсілді  сыбызғыда  пайдаланғанда 

кӛмей  дауысы  күйдің  негізгі  тонын  созып  ұстап  тұрады,  ал  сыбызғының 

үні болса, күйдің әуенін жүргізіп отырады.  

Сыбызғышылық дәстүр республикамыздағы Шығыс Қазақстан және 

Батыс  Қазақстан  ӛңірлерінде  орындаушылық  ерекшеліктеріне  қарай  кең 

таралған.  

Шығыс  Қазақстан  сыбызғышылық  дәстүрі  дегенде,  жер  бетіндегі 

әлденеше  кӛне  ӛркениетке  алтын  бесік  болған,  алып  Алтай  тауларының 

бауырында  қанат  жайған  сыбызғы  шалу  ӛнерін  айтамыз.  Ілкіде  тұтастай 

Алтайды жайлаған елдің кейін заман ығымен бір кездегі атақоныс, қазіргі 

Қытай,  Мұңғылия  жеріне  екі  бӛлініп,  қоныс  аударуы  себепті,  аталмыш 

сыбызғышылық дәстүр қазір Қазақстанмен қатар сол елдерде де сақталып 

отыр.  Алтай  ӛңіріндегі  сыбызғышылар  арасында  сыбызғы  тартысып,  күй 

жарыстыру,  ӛнер  сынасу  салты  ХVII  ғасырда  белгілі  болғандығы  жайлы 

деректер  бар.  Және  осы  бір  оқшау  үрдіс  бертінге,  ХХ  ғасырдың  50-

жылдарына дейін жалғасып келгендігі, оған Тілеке мен Жантелі, Шерубай 

мен Мұса, Оспанғали мен Шанақтың сайыстары айғақ болатындығы анық.  

Шығыста  кең  тараған  сыбызғылар  кӛбінесе  үш-тӛрт  ойықты  болып 

жасалады, дыбыстық обертондарға бай, дыбыс қатары мажорлы лад болып 

келеді.  Күйлерінің  сазы  ән  тектес,  бірнеше  әуеннің  қайталануынан 

қалыптасқан.  Бұл  ӛңір  күйлерінің  ірі  орындаушы,  жеткізушілері  –  Кәлек 

Құмақайұлы,  Шанақ  Ауғанбаев,  Бейілхан  Қалиақпарұлы,  Құсман 

Мақмырза, Талғат Мұқыш сынды сыбызғышылар.  




 

68 


 

Батыс Қазақстан сыбызғышылық дәстүрінің кӛрнекті ӛкілдерінің бірі 

– Сармалай. Сармалай күйлерін бізге жеткізген сыбызғышы Ысқақ Уәлиев 

еді.  Оның  орындауындағы  Сармалайдың  бірнеше  күйлерін  ғалым  Ахмет 

Жұбанов  нотаға  түсіріп,  жарыққа  шығарды.  Бұл  ӛңірдің  тағы  бір  ӛкілі 

Мәкәр  Сұлтаналиевтің  күйлері  ӛнертанушы  Болат  Сарыбаевтың 

орындауында  жетті.  Батыс  Қазақстан  ӛңірінің  сыбызғы  күйлерінің  әуені 

баяу  болып  келеді,  диапозонның  кеңдігі,  регистрлық  мүмкіндіктерді 

мейілінше пайдаланғаны және дыбыс қатары минорлы лад сыбызғысында 

орындалуымен ерекшеленеді.  

Жинаққа  Шығыс  Қазақстан  ӛңірінің  сыбызғышысы  Шанақ 

Ауғанбаевтың  орындауында  «Балқурай»,  «Қылан  батыр»  күйлері,  ӛнер 

зерттеушісі  Болат  Сарыбаевтың  орындауында  Батыс  Қазақстанның 

сыбызғышылық  дәстүрінің  ӛкілдері  Сармалай,  Жәрекейдің  және  бірнеше 

халық  күйлері,  сондай-ақ  бүгінгі  сыбызғы  тарту  ӛнерінің  кӛрнекті  ӛкілі 

Талғат Мұқыштың орындауындағы кӛптеген күйлер еніп отыр.  

Сыбызғышылық  ӛнер  Қытайдың  Шыңжаң,  Алтай,  Моңғолияның 

Баян-Ӛлгий  аймақтарында  атадан  балаға  мирас  болып,  кейінге  қаймағы 

бұзылмай  жетті.  Моңғолияда  туып-ӛскен  шебер  сыбызғышы  Кәлек 

Құмақайұлының  орындауында  бірнеше  халық  күйлері  мен  Делдалдың 

«Жаяу  Делдал»,  Құмақайдың  «Кең  жайлау»  атты  күйлері,  Шыңжаң 

ӛлкесіне  аты  шыққан  белгілі  сыбызғышы  Бейілхан  Қалиақпарұлының, 

Жұмахан  Шотпақұлы,  Құсман  Мақмырзаның  орындауындағы  халық 

күйлері де осы бӛлімге топтастырылған.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет