Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы



бет1/9
Дата22.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#2041
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 Қаулысы



      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
      5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің    
2010 жылғы 12 қазандағы
№ 1052 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған
бағдарлама

Астана, 2010 жыл

Паспорт

      Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 749 Қаулысымен.

Атауы                  Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік
                       кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға
                       арналған бағдарлама

Әзірлеуге арналған     «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-


негіз                  инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014
                       жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және
                       Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
                       жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»
                       Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
                       жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы, «Қазақстан
                       Республикасы Үкіметінің Қазақстан
                       Республикасын үдемелі индустриялық-
                       инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014
                       жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны
                       іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
                       бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
                       Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302
                       қаулысы

Жауапты орындаушы      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы


                       министрлігі

Мақсаты                Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің


                       экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің
                       бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін
                       дамыту.

Міндеті                Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынадай


                       міндеттерді шешу көзделеді:
                       орнықты даму қағидаттары негізінде ішкі
                       нарықтың қажеттіліктерін жабу және экспорттық
                       тауашаларды алу үшін бәсекеге қабілетті ауыл
                       шаруашылығы өнімдері мен тағамдарын өндіру;
                       АӨК-ның қазіргі инфрақұрылымын дамыту;
                       елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен
                       әлемдік ғылым тренділеріне сәйкес АӨК-нің
                       басым бағыттарына ғылыми зерттеулерді
                       шоғырландыру;
                       АӨК мұқтаждары үшін қажетті біліктілігі жоғары
                       кадрларды даярлау

Іске асыру мерзімі     2010-2014 жылдар

Нысаналы индикаторлар  Ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін
                       қамтамасыз ету;
                       АӨК-нің жалпы қосылған құнын кемінде 16 %-ға
                       өсіру;
                       техникалық регламенттер мен стандарттардың
                       талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығының сапалы
                       өнімдерін өндіру;
                       АӨК-дегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында
                       жұмыс істейтін бір адамға 3 000 АҚШ долларынан
                       бастап 2015 жылға қарай кемінде 2 есе өсіру;
                       ел экспортының жалпы көлеміндегі аграрлық
                       саланың экспорттық әлеуетін 2015 жылға қарай
                       8 %-ға дейін өсіру;
                       азық-түлік тауарларының ішкі нарығын 80 %-дан
                       астам отандық азық-түлік тағамдарымен
                       қамтамасыз ету

Қаржыландыру           Республикалық және жергілікті бюджеттердің


көздері мен            қаражаты, ресурстар мен бюджеттен тыс көлемдері              көздердің қаражаты (АӨК субъектілерінің
                       қаражаты, қарыз қаражаты, инвестициялар мен
                       қаржы институттарының қаражаты).
                       Бағдарламаны іске асыруға республикалық
                       бюджетте көзделген жалпы шығыстар 2010 - 2014
                       жылдары мынаны құрайды:
                       барлығы – 1 035 963,72 млн. теңге, о.i.
                       2010 жылы – 228 265,70 млн. теңге
                       2011 жылы – 220 313,46 млн. теңге
                       2012 жылы – 188 289,24 млн. теңге
                       2013 жылы – 181 742,54 млн. теңге
                       2014 жылы – 212 352,78 млн. теңге.

Жергілікті             барлығы - 243 892,0 млн. теңге, о.і.


бюджеттердің           2010 жылы - 4 134,50 млн. теңге
шығыстары:             2011 жылы - 50 114,20 млн. теңге
                       2012 жылы - 56 517,70 млн. теңге
                       2013 жылы - 62 438,40 млн. теңге
                       2014 жылы - 70 687,20 млн. теңге
                       Бағдарламада көзделген іс-шараларды Қазақстан
                       Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті
                       қаржы жылдарына арналған республикалық және
                       жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде
                       қаржыландыру көлемі нақтыланатын болады.

2. Кіріспе

      АӨК-де республиканың тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап елдің бүкіл экономикасында едәуір құрылымдық өзгерістер болды. Орталық жоспарлы экономикадан бас тартқаннан кейін саланың түпкілікті қайта қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды.


      Жалпы қайта қалыптастырудағы саяси қорытындыда мемлекеттік меншік жеке меншікке өзгертілді, сондай-ақ нарықтық экономиканың құқықтық негізі құрылды. Экономикалық салдары өндірістік және жер қатынастарының өзгеруі, баға белгілеуді кредит жүйесін ырықтандыру, бәсекелі нарықтық инфрақұрылым құру болып табылды.
      Ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі дамуы аграрлық сектордың даму стратегиясын тұжырымдамалық белгілеуді талап етті.
      Осы бағытта 2000 - 2002 жылдары бәсекеге қабілетті салалық ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірістерін тұрақтандыруды көздеген Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағдарламасы іске асырылды.
      Сонымен қатар АӨК-дегі жағдайдың қайсыбір тұрақтануына қарамастан, салада ауыспалы кезеңнің бірқатар проблемалары сақталып қалды. Аграрлық салада одан арғы экономикалық өзгерістер логикасы сапалы жаңа өсу деңгейіне өтуді талап етті.
      Осы міндетті шешу үшін Қазақстан Республикасының 2003 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы іске асырылды. Осы жылдары АӨК-нің нарыққа бағдарланған заңнамалық базасын қалыптастыру, оны халықаралық тәжірибенің нормаларына сәйкес келтіру бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Бағдарламаның іске асырылуы тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тиімді бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік тұғызды.
      Алайда, еліміздің АӨК-де әлі де болса, бірқатар кемшіліктер бар - саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының темен болуы, нарықтық инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз деңгейі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы және т.б.
      Бұдан басқа, саланың инвестициялық қызметіне әсер еткен қаржы, ал одан кейін азық-түлік дағдарысы қосымша проблемаларды тудырды. Сонымен қатар, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы экономиканың перспективалы секторларының бірі болып саналады.
      Осыған орай үлкен және жауапты міндеттер алда тұр - экономиканың аграрлық секторын сапалы жаңа даму деңгейіне көтеру, сол арқылы оның жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бұл әсіресе Ресей мен Беларусь елдерімен бірігу жағдайында, ал кейіннен Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезінде өзекті болып табылады.
      Атап айтқанда, осы міндеттерді шешуге осы Қазақстан Республикасында АӨК-ді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бағытталған.

3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. АӨК жай-күйінің ағымдағы жағдайын бағалау

      Ескерту. 3.1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 749 Қаулысымен.

      2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1640,2 млрд.теңгені құрады, бұл ретте өндіріс өсімі 2008 жылмен салыстырғанда 13,9%) құрады, бұл соңғы 8 жылда ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі елдің жалпы ішкі өнімі көлемінде (ЖІӨ) 6,3% құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі өндірісінің көлемі

млрд. теңге



      - Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі - барлығы


      - Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі - барлығы

      Қазіргі уақытта жалпы өнім өндірісі салада жұмыс істейтін 1 адамға шамамен 3 000 АҚШ долларын құрайды.


      Жыл сайын ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар артуда. Егер 2005 жылы инвестициялар салу 47,9 млрд.теңге болса, 2009 жылы - 77,5 млрд.теңгені құрады, яғни 1,6 есе артық.

АӨК-нің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі

млрд. теңге



      2009 жылы республикалық бюджеттен АӨК-ді дамытуға 96,8 млрд.теңге қаражат бағытталды, оның ішінде субсидия үлесі 43% немесе 41,8 млрд.теңгені құрады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ) инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 120,0 млрд.теңге қаражат бөлінді.


      Елдің АӨК шамамен 65 сектор мен кіші секторлар кіреді. Егжей-тегжейлі талдау негізінде неғұрлым перспективалы бағыттар мен өңірлерді мамандандыруды күшейту жөніндегі шараларды нақтылау үшін 15 перспективалы бәсекеге қабілетті секторлар (астық экспорты және оның тағамдарын қайта терең өңдеу өндірісі, ет және ет өнімдерінің экспорты мен өндірісі, ет өніміне бағытталған құс шаруашылығы, майлы дақылдарды өндіру мен қайта өңдеу, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу; сүт және сүт тағамдарының өндірісі, қант қызылшасынан ақ қантты өндіру; жүннің және оны қайта терең өңдеу өнімдерінің өндірісі мен экспорты; аквакультураны дамыту және балық өнімдерін қайта өңдеу; шошқа етін өндіру мен қайта өңдеу, ет пен сүт өнімдеріне, одан әрі дайын өнімдерді өндіруге бағытталған өнімді жылқы шаруашылығын дамыту; түйе шаруашылығын және оның қайта өңдеу өнімдерін дамыту; фармацияның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін марал шаруашылығын дамыту; халықтың қажеттіліктерін және фармацияның ішкі сұранысын қанағаттандыру үшін бал ара шаруашылығын дамыту, мақтаның өндірісі мен қайта өңдеу) сұрыпталып алынды.
      Оның ішінде 8 аса басым салалар бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде кәсіпкерлер, қаржы институттары, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін нақты бағдарлар мен индикаторлары анықталған егжей-тегжейлі шебер-жоспарлар әзірленді.
      Өсімдік шаруашылығын дамыту.
      Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс аумақтарын кеңейту, бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған өнімдердің өндірісін ұлғайту жөнінде жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.
      2009 жылы дәнді дақылдардың егіс алаңдары 2008 жылмен салыстырғанда 1429,3 мың гектарға (7,1 %), оның ішінде бидай - 1265,4 мың гектарға (9,4 %), астыққа арналған жүгері - 3,1 мың гектарға (3,1 %), күріш - 10,9 мың гектарға (14,4 %), астық-бұршақ дақылдары - 21,2 мың гектарға (47,5 %) өсті.
      Ылғал қорларын сақтау технологиясын енгізу алаңдары кеңеюде. 2009 жылы көрсетілген технологияны қолдана отырып, 10,3 млн. га алаңға астық дақылдары егілді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2,7 млн. га немесе 35 %-ға артық.
      2009 жылы ауа райының қолайсыздығына қарамастан ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрінен іс жүзінде жоғары өнім алынды.
      Жалпы астық жинау өңдеуден кейін 20,8 млн. тоннаны құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 33,7% - артық. 700 мың тоннадан артық майлы дақыл жиналды, бұл өткен жылғы деңгейден 70% - ға артық. Жалпы күріш жинау - 20,5%-ға, картоп - 17%-ға артты. Жеміс дақылдары мен жүзім өнімдері тиісінше 25,3 % және 66,5% -га өсті.
      2009 жылы астық эквивалентінде 6,8 млн. тонна (2008 жылы - 8,2 млн. тонна) астық және ұн, оның ішінде 3,6 млн.тонна астық, астық эквивалентінде 3,2 млн. тонна ұн экспортқа жөнелтілді. Астық экспортының жалпы көлемінде жоғары қосылған құны бар өнім ретінде ұн экспортының үлесі жыл сайын артуда және 2009 жылы 47% -ды құрады. 2009 жылы Қазақстан сыртқы нарықтарга 2,2 млн. тонна ұн жеткізіп, ұн экспортерлерінің халықаралық рейтингісінде үшінші рет бірінші орынға ие болды.
      Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің (бұдан әрі - АШТӨ) сапалы жоғарғы өнімді тұқымдарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы 9,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқым өндірісіне субсидия берілді, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сатып алған 60,7 мың тонна элиталық тұқым және 1784,1 мың дана жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшетінің құны арзандатылды. Сонымен қатар, 5,9 гектар алаңда жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу шығындары өтелді және 44,5 гектар алаңда жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық көшеттерінің отырғызылған аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жүргізілді.
      2009 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен себілген тұқымның жалпы көлемінің 99,4 % - ы сорттық және егу сапасына тексерілді.
      Нәтижесінде, себілетін тұқымдардың сапасы жақсарғаны байқалды, сондай-ақ, себілетін 1-2 класты тұқымдар (2003 жылы 49%-дан 2009 жылы 77,8%-ға дейін) мен 4 класқа дейінгі жоғары көбейтілген тұқымдар (тиісінше 55 %-дан 87 %-ға дейін) үлесі ұлғайтылды.
      Мемлекет есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сортты санағы бойынша іс-шаралар толығымен қаржыландырылады, бұл 2009 жылы Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне әлемдік стандарттардың талаптарына жауап беретін, жоғары технологиялық параметрлері бар, ауыл шаруашылығы дақылдарының 80-ге жуық сортын енгізуге мүмкіндік берді.
      2009 жылы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызуға көрсетілген мемлекеттік қолдаудың есебінен 4,5 мың гектар алаңға жеміс дақылдарының, 0,6 мың гектар алаңға жүзімнің көп жылдық көшетері отырғызылды, сондай-ақ, 2007-2009 жылдары отырғызылған көшеттерге күтім жүргізілді.
      2009 жылы облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалардың деректері бойынша АШТӨ 117,6 мың тонна арзандатылған минералды тыңайтқыштар сатып алды, барлығы 240 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар сатып алынды. Алайда, енгізілген минералды тыңайтықыштардың осы көлемі қажеттіліктің тек 8%-ын жабады.
      Республика аумағында фитосанитариялық жағдайға тұрақты бақылау жүзеге асырылады. Жыл сайын республикалық бюджеттен өсімдіктерді қорғауға шамамен 2,5-3,0 млрд. теңге бөлінеді, оның есебінен 3,0-3,5 млн.га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті организмдеріне қарсы күрес жүргізіледі. Бұл ретте, астық дақылдарының өнімі кемінде 600-700 мың тонна және шитті мақта өнімі кемінде 45-50 мың тонна көлемінде сақталады.
      Карантиндік объектілердің одан әрі таралуына жол бермеу, оларды анықтау, оқшаулау және жою мақсатында жыл сайын шамамен 740-900 млн. теңге бөлінеді. Бұл шамамен 180-190 мың гектар алаңда карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу жүргізуге мүмкіндік береді.
      Мал шаруашылығын дамыту.
      Мал шаруашылығында малдың көпшілік бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда, бұл мал басының өсуін және тиісінше сапалы өнімдер өндірісін шектеуде, және малдың барлық түрлері санының жыл сайынғы тұрақты өсімі орташа есеппен 4%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш мал шаруашылығын индустриялық дамыту шарттарында төмен болып табылады. Қазіргі уақытта, аграрлық сектордың барлық шаруашылық түрлерінде малдар мен құстардың барлық түрлерін көбейтуге бағытталған шаралар кешені қолданылуда.
      Қолданылатын шаралар нәтижесінде мал шаруашылығының барлық түрлерінің өндірісі ұлғаяды.
      2009 жылы сойылған салмақтағы ет өндірісі 896,3 мың тоннаны құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға өсті, сәйкесінше сүт - 5303,9 мың тонна немесе 2%-ға, жұмыртқа - 3306,4 млн. дана немесе 10,6%-ға, жүн - 36,4 мың тонна немесе 3,3 %-ға өсті.
      Республиканың ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің сойылуын іске асыру сойылған салмақта 13,9 %-ға артты және 184,9 мың тоннаны құрады, сәйкесінше сүт - 4,8 % немесе 542,5 мың тонна және жұмыртқа - 18,8 % немесе 1950,4 млн. дана.
      Жалпы республика бойынша ірі қара мал саны 1,7 %-ға өсті және 6095,2 мың басты құрады; сәйкесінше қой мен ешкі - 3,6 %-ға немесе 17369,7 мың басқа, жылқы - 5 %-ға немесе 1438,7 мың басқа, түйе - 4,8%-ға немесе 155,5 мың басқа, құс — 8,4%-ға немесе 32686,4 мың басқа өсті.
      2009 жылы жалпы мал басынан ірі қара мал санының үлестік салмағы үй шаруашылықтарда 82 %-ды құрды, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында - 5,2 %, шаруа (фермерлік) қожалықтарында - 12,8 %; қой саны бойынша - тиісінше - 66,7 %; 6,2 %; 27,1 %; ешкі - 82,5 %; 0,3 % және 17,2 %; жылқы - 69,6 %; 6,0 % және 24,4 %; шошқа - 77,6 %; 15,9 % және 6,5 %, түйе - 66,9 %; 9,6 % және 23,5 %, құс - 44,0 %, 55,1 % және 0,9 %.
      Бұл ретте, мал мен құстардың өнімділігі артуда. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1 сиырға келетін сүттің орташа сауымы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда 266 кг-ға өсті және 3117 кг-ды құрады, 1 тауыққа жұмыртқаның орташа шығысы 18 данаға өсті және 268 дананы құрды, 1 қойдан орташа жүн қырқымы 2,5 кг-ды құрады және 2008 жылдың деңгейінде қалды.
      Мал шаруашылығы саласындағы оң жетістіктерге мал шаруашылығындағы жүргізілетін селекциялық асыл тұқымдық жұмыстар анық әсерін тигізді. Мал шаруашылығындағы тұқымдық база тұқымдық шаруашылықтар санының тұрақты өсуімен сипатталады, жыл сайын олардың саны 40-50 бірлікке өсуде. Алайда, жалпы мал басындағы тұқымдық малдардың үлесі төмен деңгейде қалуда.
      Мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштерін ұлғайтуда ветеринарияның рөлі аса маңызды. Осыған байланысты, республикада республиканың ветеринариялық саулығын қамтамасыз ету және ветеринария жүйесін халықаралық стандарттармен сәйкес келтіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде, әсіресе:
      ветеринария саласындағы бақылау-қадағалау функциялары бөлінді және оңтайландырылды;
      ветеринариялық қызметтерді бәсекелес ортаға беру жолымен ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметінің өрісі кеңейтілді;
      жергілікті атқарушы органдарының ветеринариялық шараларды орындау және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жауапкерішілігі күшейтілді;
      кейіннен сатуға арналған ауыл шаруашылығы малдарының арнайы мал сою объектілерінде сойылу міндеттілігі бойынша шаралар қабылданды;
      аумақтарды аймақтарға бөлу принциптері енгізілді;
      малдарды кезең-кезеңімен бірдейлендіруге және елдің барлық аумағында малдардың жылжуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы малдарының бірыңғай бірдейлендіру деректерінің базасын құруға қаржы қаражаты қарастырылды;
      малдардың өсіруді, союды, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды қайта өңдеуді, сақтауды және сатуды жүзеге асыратын өндіріс нысандарына есепке алу нөмірі беріледі;
      11 облыстық және 1 аудандық бір типті модульді ветеринариялық зертхана салынды және оларды материалды-техникалық жарақтандыру жүзеге асырылды.
      Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың жақсы алғышарттары мен үлкен перспективасы бар, ол табиғи және егілген жемшөп алқаптары мен жайылымдардың болуына негізделген.
      2010 жылы азықтық дақылдардың жалпы егістік алаңы 2522,6 мың гектарды құрады, оның ішінде азықтық тамыржемісті дақылдардың егістік алаңы – 0,1 мың гектар, сүрлемге арналған азықтық дақылдар – 1,0 мың гектар, азықтық дәнді дақылдар – 10,5 мың гектар, азыққа арналған жүгері – 72,3 мың гектар, біржылдық шөптер – 269,1 мың гектар және көпжылдық шөптер – 144,9 мың гектар.
      Осы алаңдардан 2010 жылы 1983,3 мың центнер азықтық тамыржемісті дақылдары, 58,6 мың центнер азықтық бақша дақылдары, 64,7 мың центнер сүрлемге арналған азықтық дақылдар, 5931,2 мың центнер азыққа арналған жүгері, 108578,8 мың центнер пішен жиналды.
      Бұл ретте, негізгі азық (дәнді, бұршақ және тамыржемісті дақылдар) өндірушілер солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлер болып табылады.
      Республика бойынша жайылымдық алқаптардың жалпы алаңы 188,4 млн. гектарды құрайды, оның ішінде солтүстік өңірде – 30,5 млн.гектар, шығыста – 19,9 млн.гектар, орталықта – 35,5 млн.гектар, батыста – 58,6 млн.гектар және оңтүстікте – 43,8 млн.гектар.
      Бүгінгі күні 88,1 млн.гектар жайылым қордағы жерге жатқызылған.
      Өңірлер бөлінісінде жайылымдар алаңы келесі түрде бөлінді:
      1) солтүстік өңір 13,5 млн.гектар;
      2) шығыс өңір 8,9 млн.гектар;
      3) батыс өңір 5,0 млн.гектар;
      4) орталық өңір 18,3 млн.гектар;
      5) оңтүстік өңір 18,5 млн.гектар.
      Малдарды ретсіз жаю салдарынан шамамен 26,4 млн.гектар жайылым тозған.
      Өңірлік жоспарда тапталған және тозған жайылымдардың ең үлкен алаңдары Атырау (4,2 млн.гектар), Ақтөбе (3,9 млн.гектар), Алматы (3,0 млн.гектар), Батыс Қазақстан (2,9 млн.гектар), Қызылорда (2,2 млн.гектар), Ақмола (2,0 млн.гектар) облыстарында тіркелген. Республиканың аталған өңірлерінде тозған және тапталған жайылымдарды қалпына келтіру, сондай-ақ оларды суландыру бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

      Салада ауыл шаруашылығы өнімдерінің қайта өңделуін дамыту.


      Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар 2009 жылы өнеркәсіптік өндірістің республикалық көлемінің 8,2 %-ын немесе өңдеуші өнеркәсіптің 25,5 %-ын өндірді.
      Бұл ретте, тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2009 жылы 750,5 млрд. теңгеге дейін жетті.
      Саланың орташа жылдық өсу қарқыны соңғы бес жылдың ішінде 106,2 %-ды құрады.
      2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ұнның өндірісі 10,4 %-ға, ет-өсімдік консервілер — 68,1 %-ға, өсімдік майлары - 8,7 %-ға, маргарин - 28,8 %-ға, шырындар - 11,7 %-ға, жеміс консервілері - 34,6 %-ға, қызанақ консервілері - 47,2 %-ға өсті.
      Есепті кезеңде 2008 жылмен салыстырғанда республикада қант өндірістің көлемі 24,4 %-ға, өңделген сүт - 5,6 %-ға, құрғақ сүт - 10,3 %-ға, қышқыл сүт өнімдері - 2,1 %-ға, сары май - 7,6 %-ға, көкөніс консервілері - 36,3 %-ға төмендеді.
      Халықаралық талаптармен үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік қауіпсіздігі саласында ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің негізгі түрлерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 7 техникалық регламент әзірленді және бекітілді.
      Шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және кәсіпорындарды халықаралық стандарттарға көшіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта, ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарда негізделген сапа менеджмент жүйесін саланың 323 кәсіпорыны енгізді.
      АӨК салаларының ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз етілуі.
      2006-2008 жылдары республиканың аграрлық ғылымы мемлекеттік сорттық сынақтарға ауыл шаруашылығы және басқа да дақылдардың 187 жаңа түрін табыстады; ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерің егу бойынша 48 агротехнология әзірленді және жетілдірілді; су шаруашылығына арналған 16 аспап пен жабдықтың тәжірибелік үлгілері жасалды; ауыл шаруашылығы жануарлардың 39 желісі мен түрі, үйректің; 1 түрі және 3 желісі, аралардың 2 желісі шығарылды және/немесе қабылданды; ауыл шаруашылығы жануарларын, құстар мен балықтарды күтіп-бағудың және азықтандырудың 23 технологиясы әзірленді; 58 вакцина, диагностикум және дәрілік препарат әзірленді; ауыл шаруашылығы экономикасы саласында 27 ұсыным, мемлекеттің аграрлық саясатын әзірлеу мен іске асыруға арналған бірқатар ұсыныстар мен талдау материалдары әзірленді; машиналар мен жабдықтардың 50 тәжірибелік түрлері, 39 нормативтік-техникалық құжаттама мен 9 техникалық құрал әзірлеңді.
      79 патент пен 238 инновациялық патент алынды, бұл өндіріске енгізуге арналған отандық ғылыми әзірлемелердің жоғарғы әлеуетін растайды.
      2009 жылдан бастап экономиканың нақты секторының қажеттіліктері негізінде құрылған үш жылдық ғылыми жобалардың жүзеге асырылуы басталды. 2009 жылы келесі жетістіктерге қол жеткізілді: ауыл шаруашылығы дақылдарының гендік қоры саласында 7029 түр түгенделді, 71166 түрі зерттелді, 10326 түр құжаттарға тіркелді; мемлекеттік сорт сынақтарына жоғарғы өнімділігімен, сапасымен және ортаның сыртқы факторларына төзімділігімен сипатталған 35 жаңа сорт табысталды; егіншілікте қор сақтау технологиялар және республиканың түрлі табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерін егу жөніндегі 12 ұсыным әзірленді.
      Мал шаруашылығы, балық шаруашылығы салаларында ауыл шаруашылығы жануарлары, балықтар және басқалардың жаңа жоғарғы өнімді желілерін (типтерін), тұқымдарын жасау бойынша ғылыми жұмыстар жалғасуда. Республиканың ауыл шаруашылығы құрылымдарында асыл тұқымды ірі қара малдың басын көбейту және мал өнімділігінің деңгейін көтеруге бағытталған мал шаруашылығы саласындағы (етті және сүтті бағыттары) кең көлемді селекцияны ғылыми қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру басталды.
      Сонымен қатар, ғылыми зерттеулермен азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсіптері салаларын, ауыл шаруашылығын механикаландыруды, АӨК экономикасын дамытудың және ауылдық аумақтарды дамытудың басымды бағыттары да қамтылған.
      Аграрлық ғылымның әлеуетін одан әрі жүйе дамыту үшін 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 25 ғылыми ұйымын біріктіру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің 100 % қатысуымен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ) құрылды.
      Қазіргі уақытта, «ҚазАгроИнновация» АҚ аграрлық ғылымының институционалдық және өндірістік инфрақұрылымын дамыту жөнінде жұмыс жүргізеді. 2009 жылы Агротехнологиялардың трансферті мен коммерцияландыру орталығы құрылды, ол бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыруды бастады.
      Білімді тарату жүйелері құрылуда - ғылыми институттар жанында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған ғылыми-тәжірибелік семинарларды өткізу үшін білім беру сыныптардың жүйесі ашылуда. 2009 жылы 79 семинар өткізілді, онда 1733 ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші оқудан өтті.
      Сонымен бірге, ғылыми институттардың қажеттілігі үшін зертханалар, селекциялық жылыжайлар салу, ауыл шаруашылығы техникаларын қайта жаңғырту және сатып алу жүргізілуде.
      Ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу бойынша жұмыстар жанданды. Ақмола облысында қазақстандық селекцияның бидай сорттарының үлесі соңғы 4 жылдың ішінде 70 %-ға дейін ұлғайтылды. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының селекционерлерінің жетістіктері «Ақмола-2» және «Астана» сорттары 2009 жылы 3 млн.га жуық алаңға егілді. Мақта шаруашылығының қазақ ғылыми зерттеу институты (бұдан әрі - ҒЗИ) селекциясының мақта сорты егіс алаңының 75 % алды.
      Өндірісте жаңа сорттар мен гибридтер аса қажет: күздік бидай мен арпа бойынша - 90 % дейінгі сорттар және соя - 100% (Егіншілік пен өсімдік шаруашылығының қазақ ҒЗИ ғалымдарының селекциялық жетістіктері); жазғы бидай - 40 % (Өсімдік шаруашылығы мен селекцияның Қарағанды ҒЗИ); сафлор - 100 % (Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясы); мақта - 75 % (Мақта шаруашылығының қазақ ҒЗИ); күріш - 50 %-дан артық (Күріш шаруашылығының қазақ ҒЗИ); картоп - 40 %-ға дейін (Картоп және көкөніс шаруашылығының қазақ ҒЗИ) және басқалары.
      Жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық сорттары егілген алаң 2009 жылы шамамен 7,1 млн.га құрады, ал астық дақылдарын өсірудің ең төменгі және нөлдік қор сақтау технологияларын қолдану 10,3 млн.га-ға дейін ұлғайтылды. Осы нәтижелер ауыл шаруашылығы зерттеулерін жүйе мемлекеттік қолдаудың және оларды өндіріске енгізудің арқасында мүмкін болды.
      2003 жылдан бастап «ҚазАгроМаркетинг» арнайы ұйымының 161 ауылдық ақпараттық - кеңестік орталықтары арқылы АӨК субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету жүргізілуде. Ақпаратты ұсынудың түрлі каналдары қалыптастырылды - арнайы газет, электрондық тарату, жеке кеңестер, шаруашылықтарға жеке кеңестік қызмет көрсету арқылы.
      Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын жылжыту және АӨК саласындағы жаңа технологияларды тарату мақсатында жыл сайын «Қараөткел» АӨК жетістіктерінің республикалық жәрменкесі өткізіледі.
      Бұдан басқа, «электрондық үкіметті» құру аясында 2007 жылдан Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-ны тарту арқылы «е-Agriculture» АӨК-ні басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру бойынша жобаны іске асыруда.
      Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтің 3 түрін көрсетеді: ауыл шаруашылығы техникасының ауыртпалығы жоқ/бар болуы туралы анықтама беру, импорттық карантиндік рұқсатнама беру және малдарды өсіруді, малдарды, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс нысандарына, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерінің берілегендігін растау туралы анықтама беру.
      АӨК үшін кадрлар даярлауды 18 мамандық бойынша 15 жоғарғы оқу орны және 25 мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің 168 ауылдық оқу орны жүзеге асырады.
      Сонымен қатар, аграрлық сектордың кадрлармен қамтамасыз етліуінің мониторингі (2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша) көрсеткендей, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін жоғары білімі бар — 14243, техникалық және кәсіби білімі бар - 158829 адам бар болғанымен де кадрлардың белгілі бір тапшылығы бар.
      Ең қажеттілер агрономдар, зоотехниктер, ветеринарлық-санитарлық дәрігерлер мен фельдшерлер, фермер-менеджерлер, инженер-механиктер, ет және сүт өнімдерінің және астықты қайта өңдеу және нан пісіру өндірісі бойынша инженер-технологтар; техник-технологтар, техник-электриктер, техник - жерге орналастырушылар, шебер-реттеушілер, электр монтерлері, тракторист-машинистер және басқалары.
      «ҚазАгро» ӨБХ» АҚ еншілес кәсіпорны «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін несиелендіру және ауыл халқын шағын кредит беру.
      «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) қатысуымен АШТӨ-ні несие қаражатымен қамтамасыз ету үшін 161 ауылдық крещдит серіктестіктері (бұдан әр - АКС) құрылды.
      Ауылдық өңірлердің қамтылуы 89 %-ды құрады. АКС құрамына 7,4 млн. га астам егіс алаңдары бар, жалпы мал басы - 1,2 млн. бас болатын 6,7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары кірді.
      Кооперациялау мен бірігуге қызығушылықтарын арттыру процесстерін жеделдету үшін Корпорация 2006 жылдан бастап ауылдық тұтынушылар кооперативтерін қолдау бойынша бағдарламаны іске асыруда. Осы бағдарламаның мәні кооперативтерге 5 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген несие бөлу болып табылады.
      Бүгінгі таңда 134 ауылдық тұтынушылар кооперативтері 8,7 млрд. теңге сомасына жеңілдетілген несие ресурстарын алды.
      Сонымен бірге, Корпорация 2007 жылдан бастап ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнеске кредит беру бойынша бағдарламаны іске асыруда, оның негізгі мақсаты қонақ үй және туристік бизнес нысандарын қайта жаңғырту мен салу, жол бойындағы сервисті дамыту, қоғамдық тамақтану пунктері және ауылдық сауда нүктелерін жаңарту, тамақ өнімдері өндірісіне жабдықтарды сатып алу, балықтарды өнімдерін тарату және қайта өңдеу болып табылады.
      
      Лизинг операциялары.
      АӨК субъектілеріне арналған техника мен жабдықтардың лизингі «ҚазАгро» Ұлттық холдингтің еншілес кәсіпорны «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жүзеге асырылады, оның қызметі АӨК салаларын техникалық және технологиялық жаңарту бойынша қол жетімді қаржы қызметтерін көрсету арқылы бәсекелестікке қабілетті және экспортқа бағытталған агроөнеркәсіптік кешен қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған.
      2000 - 2009 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 123,5 млрд. теңгеге 14755 бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы және арнайы техникаларды, қайта өңдеу жабдықтарын сатып алуды қажыландырды, оның ішінде:
      113,8 млрд.теңге сомасына 14681 бірлік ауыл шаруашылығы және арнайы техника (оның ішінде, 5354 бірлік комбайн, 3950 бірлік трактор, 725 бірлік егу кешені, 1139 бірлік тұқым сепкіші, 3513 бірлік өзге техника).
      9,74 млрд. теңге сомасына 63 қайта өңдеу жабдықтары.
      Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатын жүзеге асыра отырып «ҚазАгроҚаржы» АҚ ірі тауарлық сүт фермаларын, жылыжай шаруашылықтарын, көкөніс сақтау қоймаларын құру, құс шаруашылығын дамыту, тамшылап суару технологиясын енгізу секілді басымды бағыттарға баса назар аударады.
      Ауыл халқын шағын несиелендіру.
      Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар немесе табысы орташа деңгейлі ауыл халқын қолдау мақсатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) арқылы ауыл тұрғындарын шағын несиелеу бойынша бюджеттік бағдарлама іске асырылуда. Қор жарғылық капиталына өзінің үлестік қатысуымен құрылған филиал жүйесі мен шағын несиелендіру ұйымдары (бұдан әрі - ШНҰ) арқылы ауыл халқын шағын несиелендіруді жүзеге асыруда.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тіркелген ШНҰ саны 1712 бірлікті құрады. Тіркелген ШНҰ жалпы санынан 465-і ауылдық болып табылады, олардың ішінде 51 ШНҰ Қордың қатысуымен құрылды. 2008 жылмен (1317 бірлік) салыстырғанда тіркелген ШНҰ саны 30 %-ға көбейді.
      2009 жылдың 9 айы ішінде (11,4 млрд.теңге) ауылды жерлерде берілген несиелердің жалпы көлемінде Қор мен оның қатысуымен құрылған ШНҰ үлесі 32,0 %-ды құрды.
      2005 жылдан бастап Қордың тікелей шағын несилендіруі бойынша ауыл тұрғындарына 9,8 млрд. теңге сомасына 53,0 мыңнан астам шағын кредит берілді.
      Кепілдеме бойынша қызметтер.
      Қазақстанда астық қолхаттардың кепілдеме жүйесі 2003 жылдан бастап қолданылады және астық қолхатын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды көздейді.
      Астық қолхаты астық қабылдаушы кәсіпорындарға астық иесінен астықты сақтауға қабылдағанын растау үшін беріледі және ордерлі эмиссиялық емес құнды қағаз болып, астық саласына қаражаттарды тарту үшін өтетін кепілдік аспап ретінде бола алады.
      Осыған ұқсас принцип бойынша 2008 жылдан бастап мақта қолхаттары механизмі қолданысқа енгізілді.
      2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындаудың кепілдеме жүйесінің қатысушылары 53 астық қабылдаушы кәсіпорын болып табылады, олардың сақтау көлемі 4,5 млн.тоннаға жуық астықты құрайды. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындаудың кепілдеме жүйесіне 4 мақта өңдеуші ұйым кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет