Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі



бет10/18
Дата14.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#136106
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
223-бап. Ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім

Сот ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім шығарған кезде шешімнің қарар бөлігінде өндірілетін ақша сомасының мөлшерін және валюта түрін цифрмен және сөздермен көрсетеді.

224-бап. Атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы шешім

Өндіріп алу даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде нотариустың атқарушы жазбасының негізінде жүргізілетін атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы дау бойынша талап арызды қанағаттандыру кезінде шешімнің қарар бөлігінде атқарылуға тиісті емес құжаттың атауы, нөмірі, күні және есептен шығарылуға жатпайтын сома көрсетіледі.

225-бап. Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешім

Шарт жасасу немесе өзгерту кезінде туындаған дау бойынша қарар бөлігінде шарттың әрбір даулы жағдайы бойынша шешім көрсетіледі, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрі және тараптар шарт жасасуға міндетті талаптар көрсетіледі.

226-бап. Мүлікті немесе оның құнын алып беру туралы шешім

Мүлік заттай алып берген кезде сот шешімде оның дербес - белгілі бір белгілерін және, егер шешімді орындау кезінде алып берілетін мүлік болмай қалса, жауапкерден өндірілуге тиіс мүліктің құнын көрсетеді.

227-бап. Жауапкерді белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін шешім

1. Жауапкерді мүлік немесе ақша сомаларын берумен байланысты емес белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін шешім шығарған кезде сот сол шешімде, егер жауапкер шешімді белгіленген мерзім ішінде орындамаса, онда талап қоюшының бұл әрекеттерді соттың ұйғарымы бойынша жауапкердің есебінен қажетті шығындарды өндіріп ала отырып жасауға құқылы екенін көрсете алады.

2. Егер аталған әрекеттерді тек жауапкер жасай алатын болса, сот шешімде шешім орындалуға тиіс мерзімді белгілейді.

228-бап. Бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шешім

1. Бірнеше талапкердің пайдасына шешім шығарғанда сот шешімнің олардың әрқайсысына қандай үлесі қатысты екенін көрсетеді немесе өндіріп алу құқығы ортақ болатынын көрсетеді.

2. Бірнеше жауапкерге қарсы шешім шығарғанда сот әр жауапкердің шешімнің қандай үлесін орындауға тиіс екенін көрсетеді немесе олардың жауаптылығының ортақ болатынын көрсетеді.

229-бап. Дәлелді шешім жасау

Шешім іс қаралғаннан кейін дереу шығарылады. Айрықша күрделі істер бойынша дәлелді шешім жасау бес күннен аспайтын мерзімге кейін қалдырылуы мүмкін, бірақ қысқаша (қысқартылған) шешімді сот істі қарау аяқталған отырыстың өзінде жариялауға тиіс. Жарияланған шешімге судья қол қойып, ол іске қоса тіркелуге тиіс.

230-бап. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету

1. Іс жөнінде шешім жарияланғаннан кейін шешім шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ.

2. Сот өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың арызы бойынша шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзете алады. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қаруға кедергі болмайды.

3. Шешімге түзетулер енгізу туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 231-бап өзгертілді



231-бап. Қосымша шешім

1. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен мынадай жағдайларда:

1) іске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмаса;

2) егер сот құқық туралы мәселені шеше отырып, алып берілген соманың, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті әрекеттерді көрсетпесе;

3) егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;

4) егер сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.

2. Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім орындалатын мерзімнің шегінде қойылуы мүмкін. Мәселе сот отырысында қаралғаннан кейін сот қосымша шешім шығарады және оған шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты және орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша шешім шығару туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.

3. Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 232-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

232-бап. Шешімді түсіндіру

1. Шешім түсініксіз болған жағдайда істі қараған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтінімі бойынша шешімді оның мазмұнын өзгертпей түсіндіруге құқылы. Шешімді түсіндіруге ол әлі орындалмаған және шешім мәжбүрлі түрде орындалуы мүмкін мерзім өткенге дейін жол беріледі. Сот шешімді түсіндіру туралы өтінішті, өтінімді өтініш қабылданған күннен бастап он күн мерзімде қарауға міндетті.

2. Шешімді түсіндіру туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға, сондай-ақ қарау нысанасы оның түсіндіру туралы өтінімі болған жағдайларда сот орындаушысына сот отырысының уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі шешімді түсіндіру туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.

3. Соттың шешімді түсіндіру туралы ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

233-бап. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту

1. Істі қараған сот іске қатысушы адамдардың арызы бойынша тараптардың мүліктік жағдайын немесе басқа да мән-жайларды негізге ала отырып, шешімнің орындалу мерзімін кейінге қалдыруға немесе оның мерзімін ұзартуға, сондай-ақ оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгертуге құқылы.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған арыздар сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, бірақ олардың келмеуі соттың алдына қойылған мәселені шешуіне кедергі болмайды.

3. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оны орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 234-бап өзгертілді

234-бап. Алып берілген ақша сомаларын индекстеу

1. Сот мүдделі адамның арызы бойынша сот актісімен төлеттірілген ақшалай сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот актісі орындалған күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып, тиісті индекстеу жүргізе алады.

2. Алып берілген сомаларды индекстеу туралы арыз сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі соттың алдына қойған мәселені шешуіне кедергі болмайды.

3. Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 235-бап өзгертілді

235-бап. Сот шешімінің заңды күшіне енуі

1. Аудандық, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың бiрiншi сатыда қаралған iстер бойынша шығарған шешiмдерi, егер оларға шағым немесе наразылық келтiрiлмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi.

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бiрiншi сатыда қаралған iстер бойынша шығарған шешiмдерi олар жарияланған күннен бастап заңды күшiне енедi.

3. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.

4. Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.

5. Егер жауапкерден мезгіл-мезгіл төлем өндіріп алу шешімі заңды күшіне енгеннен кейін төлемдердің мөлшерін айқындауға немесе олардың ұзақтығына әсер ететін мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы төлемдердің мөлшері мен мерзімдерін өзгертуді талап етуге құқылы.

11.07.01 ж. N 238-II; 05.05.03 ж. N 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 236-бап өзгертілді

236-бап. Шешімді орындау

1. Шешім, дереу орындалатын жағдайлардан басқа, ол заңды күшіне енгеннен кейін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша орындалады.

2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық iс жүргiзудiң тиiстi органына орындау үшiн жiбередi.

Мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп алынған, қылмыспен келтiрiлген залал өндiрiп алынған, алименттер өндiрiп алынған, жарақаттанудан немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айрылуынан келтiрiлген залалдың орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиiстi атқарушылық iс жүргiзу органына орындауға жiбередi.

3. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберіледі.

4. Атқару парақтарын (бұдан әрi - атқару құжаттарын) бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәулiк iшiнде жазады және оларда:

атқару құжатын берген соттың атауы;

істің нөмірі және шешім шығарылған күн;

шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз);

шешімнің күшіне енген уақыты;

атқару құжаты берілген күн;

өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі, немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны мен жұмыс орнының банк реквизиттері туралы мәліметтер (eгep істің материалдарында бар болса), оның банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (eгep істің материалдарында бар болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса), банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс.

Атқару парағының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

5. Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаса, атқару құжатына талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар туралы құжаттардың көшірмелері, егер оның ішінде талапты қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүліктің тұрған жері және оның сақталуына жауапты тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың көшірмелері іс материалдарында бар болса, қоса тіркеледі. Егер атқару әртүрлі орындарда жүргізілетін болса не егер шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару орнын дәл көрсетіп не осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құжатын жазады. Сот атқару парағына сот актiсiнiң көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған оның үзiндi көшiрмесiн қоса тiркейдi.

 

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 237-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



237-бап. Дереу орындауға жататын шешімдер

Мынадай:

1) алимент алып беру туралы;

2) қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы;

3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;

4) мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы;



5) ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.

 

238-бап. Соттың шешімді дереу орындауға жіберу құқығы



1. Егер айрықша жағдайлардың салдарынан шешімді орындаудағы кідіріс өндіріп алушыны елеулі зиянға әкеп соғуы мүмкін болса немесе шешімді орындау мүмкін болмаса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша шешімді дереу орындауға жібере алады.

2. Шешім дереу орындауға жіберілген кезде сот талап қоюшыдан сот шешімінің күші жойылған жағдайда шешімнің кері орындалуын қамтамасыз етуді талап ете алады.

3. Шешімді дереу орындау туралы мәселе, шешімі шығарылған кезде шешілмесе, сот отырысында қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі сот шешімін дереу орындау туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

4. Шешімді дереу орындау туралы мәселе жөніндегі сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін. Шешімді дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым, наразылық беру бұл ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.

239-бап. Шешімнің орындалуын қамтамасыз ету

Сот дереу орындауға жіберілмеген шешімді орындауды осы заңда белгіленген ережелер бойынша қамтамасыз ете алады.

Сот бұл іс-әрекеттерді сот қаулыларын орындауға құқығы бар органға атқару парағын орындау үшін жібергенге дейін жүргізеді.

240-бап. Сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, оны орындау әдісі мен тәртібін өзгерту

1. Шешімге қаулы қабылдаған немесе іс бойынша бұйрық шығарған сот, сондай-ақ сот қаулысын орындау орны бойынша сот сот орындаушысының өтінімі бойынша немесе атқару ісін жүргізудегі тараптардың арызы бойынша орындау іс әрекетін жүргізуді қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайлар болған кезде сот қаулысының орындалуын кейінге қалдыруы немесе мерзімін ұзартуы, сондай-ақ оны орындау әдісі мен тәртібін өзгертуі мүмкін.

2. Сот орындаушысының өтінімі немесе атқару ісін жүргізудегі тараптардың арызы сот отырысында қаралады. Іске қатысушы тұлғаларға отырыс өтетін уақыт және орын хабарланады, алайда олардың келмеуі соттың алдына қойған мәселені шешуіне кедергі болмайды.

3. Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның орындалу әдісі мен тәртібінің өзгеруі туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

4. Осы баптың ережелері бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту немесе тараптардың сот бекіткен бітімгершілік келісім әдісін өзгерту жүргізілуі мүмкін.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 240-1-баппен толықтырылды

240-1-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару

Заңды күшiне енiп, толық немесе iшiнара орындалған сот шешiмiнiң күшi жойылған және сот талап қоюдан толық немесе бiр бөлiгiнде бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған не iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарған жағдайда талапкерден күшi жойылған шешiм бойынша алғанының бәрi өндiрiлiп алынады (шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару).

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 240-2-баппен толықтырылды

240-2-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарау

1. Күшi жойылған шешiмдi орындау орын алған iс бойынша жаңа шешiм шығарған сот жауапкердiң жазбаша арызы бойынша орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарайды және бұл мәселенi жаңа шешiммен шешедi.

2. Егер сот iстi жаңадан қараған кезде күшi жойылған шешiм бойынша орындауды қайта бұрып атқару мәселесiн шешпесе, жауапкердiң шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызы iске қатысушы адамдарды, ал қажет болған жағдайда күшi жойылған шешiмдi орындаған органды да хабарландыра отырып, соттың бөлек отырысында қаралады. Аталған адамдар шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қараудың орны мен уақыты туралы хабарландырылады, алайда олардың сот отырысына келмей қалуы орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешу үшiн кедергi болмайды.

3. Шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 240-3-баппен толықтырылды

240-3-бап. Апелляциялық немесе қадағалау сатысы сотының шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешуi

Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот бiрiншi сатыдағы сот шешiмiмен бұрын күшi жойылған шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе шешiлмеген iстi қараған кезде, бұл мәселенi iсте бiрiншi сатыдағы соттың күшi жойылған шешiмiнiң орындалғаны туралы анық деректер болғанда ғана шешедi. Басқа жағдайда орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселе осы Кодекстiң 240-2-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен шешiледi.

2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 240-4-баппен толықтырылды

240-4-бап. Сот орындаушысының атқару санкциясын өндіріп алу

және атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегi

шығыстарды өтеткізу туралы ұсыныстарын қарау

1. Судья сот орындаушысының атқару санкциясын өндіріп алу және атқарушылық іс-әрекетті жасау жөніндегі шығыстарды өтеткізу туралы ұсынысын сотқа келіп түскен күннен бастап он күн ішінде шешеді. Сот борышкерді және өндіріп алушыны сот орындаушысының ұсынысы келіп түскені туралы хабардар етеді, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін  уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды. Судья сот орындаушысының ұсынысын қарап, ұйғарым шығарады.

Сот ұйғарымының көшірмесі борышкер мен өндіріп алушыға үш күн мерзімде жіберіледі.

2. Соттың атқару санкциясын өндіріп алу және атқарушылық іс-әрекетті жасау жөніндегі шығыстарды өтеткізу мәселесі жөніндегі ұйғарымына жеке шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

3. Соттың атқару санкциясын өндіріп алу және атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарды өтеткізу туралы ұйғарымы негізінде атқару парағы жазылады.

4. Атқару санкциясын өндіріп алу туралы және атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарды өтеткізу туралы ұйғарым сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен орындалатын болады.

 

2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 240-5-баппен толықтырылды



240-5-бап. Сот орындаушысының шешімді орындау кезіндегi

әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

1. Өндіріп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу процесіндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) не осындай іс-әрекеттер жасаудан бас тартуына шағым жасауы мүмкін. Шағым іс-әрекет жасалған (іс-әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының іс-әрекет жасау уақыты, орны туралы хабардар етілмеген өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он күн ішінде сот орындаушысы қызмет көрсететін учаскедегі аудандық сотқа беріледі.

Жоғары тұрған органдарға және жоғары тұрған лауазымды тұлғаға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгіну сотқа шағымды беру мен оны соттың қарауға қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.

2. Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. Сот өндіріп алушыны, борышкерді және сот орындаушысын сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді, алайда олардың келмей қалуы шағымды шешу үшін кедергі болып табылмайды.

3. Сот шағымды негізді деп тауып, сот орындаушысы іс-әрекетінің күшін жою немесе оны жарамсыз деп тану туралы не сот орындаушысының жіберілген қателікті толық көлемде жоюға міндеттілігі туралы не өндіріп алушының немесе борышкердің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын өзгеше тәсілмен қалпына келтіру туралы шешім шығарады.

Егер аталған іс-әрекеттерді тек қана сот орындаушысы жасай алатын болса, сот шешімде мерзім белгілеуі мүмкін, шешім сол мерзім ішінде орындалуға тиіс.

4. Сот, егер шағым жасалған әрекет (әрекетсіздік) сот орындаушысының өкілеттігі шегінде заңға сәйкес жасалғанын және өндіріп алушы мен борышкердің құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылмағанын анықтаса, шағымды қанағаттандырудан бас тартады.

Соттың шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешіміне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

5. Егер сот шешімде өзгеше мерзім белгілемесе, шешімнің орындалғаны туралы сотқа, өндіріп алушыға немесе борышкерге сот шешімін алған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс.

 

2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 240-6-баппен толықтырылды



240-6-бап. Шешімді орындаған кезде басқа тұлғалардың

құқықтарын қорғау

1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салу ісін жүргізу кезінде мүліктің борышкерге немесе басқа тұлғаларға тиесілі болуына қарамастан тыйым салудың күшін жоюға негіз болып табылатын заң бұзушылыққа жол берген жағдайда, сот борышкердің немесе басқа тұлғалардың мүлікке тыйым салудың күшін жою туралы өтінішін осы Кодекстің



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет