Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-параграф. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы



бет23/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29

1-параграф. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы

шараларын қолдану




397-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы

шараларын қолдану мақсаты

  1. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мақсаты Қазақстан Республикасының аумағына өспелі импортқа, демпингтік импортқа және субсидияланатын импортқа байланысты отандық тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау және тиісті шараларды қолдану арқылы отандық өндірушілер үшін келеңсіз салдарды жою болып табылады.


Үшінші елдер деп Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын елдер және (немесе) елдер бірлестігі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін Әлем елдерінің жіктеуішіне енгізілген аумақтар түсініледі.

  1. Осы бөлімнің қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттелетін қызметтерді көрсетумен, жұмыстарды орындаумен, зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды берумен немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық берумен, инвестицияларды, валюталық және экспорттық бақылауды жүзеге асырумен байланысты қатынастарға қолданылмайды.


398-бап. Шешімдер

Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы баждарын енгізуді және қолдануды қоса алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу және қолдану туралы, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау немесе күшін жою туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.


399-бап. Баждар түрлері

Арнайы баж – арнайы қорғау шарасын енгізу кезінде қолданылатын және әкелу кеден бажына қарамастан алынатын баж.

Демпингке қарсы баж – демпингке қарсы шараны енгізу кезінде қолданылатын және әкелу кеден бажына қарамастан алынатын баж.

Өтемақы бажы - өтемақы шарасын енгізу кезінде қолданылатын және әкелу кеден бажына қарамастан алынатын баж


400-бап. Шаралар түрлері

Арнайы қорғау шарасы – импорттық квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы қолданылатын, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауардың өспелі импортын шектеу бойынша шара.

Демпингке қарсы шара – демпингке қарсы бажды, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл бойынша шара.

Өтемақы шарасы – өтемақы шарасын, оның ішінде алдын ала өтемақы шарасын енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкілетті органы немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерді мақұлдау арқылы қолданылатын Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына экспорттаушы үшінші елдің өзіндік субсидиясының әсерін бейтараптандыру бойынша шара.


401-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласы

1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласы – Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды (демпингке қарсы және өтемақы тергеу мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғауды тергеу мақсаттары үшін) барлық өндірушілер не Кеден одағына мүше мемлекеттерде тиісінше ұқсас тауардың не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы өндірісінің көлеміндегі үлесі едәуір бөлігін, бірақ кемінде жиырма бес пайызын құрайтын өндірушілер.

2. Тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін толығымен ұқсас тауар не ондай тауар болмағанда тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауардың сипаттамаларына жақын сипаттамаларға ие басқа тауар ұқсас тауар болып табылады.

Сатып алушы тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде ауыстыратын немесе ауыстыруға дайын, өз мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ басқа да негізгі қасиеттері бойынша тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауармен салыстырылатындай тауар тікелей бәсекелес тауар болып табылады.


2-параграф. Арнайы қорғау шаралары
402-бап. Арнайы қорғау шараларын қолданудың жалпы

қағидаттары

1. Арнайы қорғау шаралары тауарға, егер тергеу нәтижесі бойынша импорттаушы Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осы тауардың импорты осындай ұлғаймалы санда жүзеге асырылатыны (Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы көлеміне абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштердегі) белгіленетін жағдайда және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіретін немесе мұндай залал келтіру қатерін тудыратын осындай жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

2. Арнайы қорғау шаралары, егер мұндай елден бұл тауар импортының үлесі олардың әрқайсының үлесіне Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемнің кемінде 3 пайызы келетін дамушы елдерден шығатын бұл тауар импортының жиынтық үлесі Кеден одағының кеден аумағына бұл тауарлар импортының жалпы көлемінің 9 пайызынан аспайтын жағдай кезінде, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына бұл тауар импортының жалпы көлемінің 3 процентінен аспаса, Кеден одағының тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы дамушы елдерін шығатын тауарларды қоспағанда, олардың шығарылатын еліне қарамастан экспорттаушы шетел мемлекетінен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын тауарға қолданылады.
403-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына

елеулі залалды немесе өспелі импорттың салдарынан болатын

мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу

1. Тергеу барысында тергеу жүргізетін орган Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына өспелі импорт салдарынан болған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының елеулі залалын немесе мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу мақсатында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін объективті факторларды бағалайды және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайына, оның ішінде:

1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі тергеу объектісі болып табылатын тауар импорты өсуінің қарқыны мен көлеміне;

2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің осы тауарды және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сатудың жалпы көлемінде тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауардың үлесіне;

3) Кеден одағына мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағасының деңгейімен салыстырғанда тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауарға баға деңгейіне;

4) Кеден одағына мүше мемлекеттерде шығарылатын ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында сату көлемін өзгерту;

5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісінің көлемін, өнімділігін, өндірістік қуаттардың жүктемесін, пайда мен зиянның мөлшерлерін, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейін өзгертуге әсер етеді.

2. Өспелі импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалы немесе мұндай залалды келтіру қатері іске қатысты және тергеу жүргізетін органның иелігінде бар барлық айғақтар мен мәліметтерді талдау нәтижелері негізінде белгіленуге тиіс.

3. Тергеу жүргізетін орган өспелі импорттан басқа осының салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына сол кезеңде елеулі залал келтірілетін немесе мұндай залал келтіру қатері жасалатын басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген залалды Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына өспелі импорт салдарынан Кеден одағының экономика саласына келтірілген залалға жатқызбауға тиіс.
404-бап. Алдын ала арнайы бажды енгізу

1. Алдын ала арнайы баж – тергеу жүргізетін орган тергеу барысында мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі қатер тигізген немесе тигізуі мүмкін өспелі импорттың болуы туралы алдын ала қорытындыны жасаған тауарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж.

2. Арнайы қорғау шарасын қолдануды кешіктіру Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына кейіннен жою қиынға соғатын елеулі залал келтіруі мүмкін сындарлы мән-жайларда  тиісті тергеу аяқталғанға дейін тергеу жүргізетін органның алдын ала қорытындысының негізінде 200 күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы бажды енгізу және қолдану туралы шешім қабылдай алады, оған сәйкес тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының өсуі Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіргеніне немесе келтіретініне айқын дәлелдемелер бар. Тергеу жүргізген органның түпкілікті қорытындысын алу мақсатында тергеу жалғастырылуы тиіс.

Тергеу тергеу жүргізетін органның соңғы қорытындысын алу мақсатында жалғастырылады.

3. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеу жүргізетін орган дайындаған алдын ала арнайы бажды енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.

4. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шет мемлекеттiң уәкiлеттi органын, сондай-ақ басқа да оған белгiлi мүдделi тұлғаларды алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.

5. Экспорттаушы шет мемлекеттiң уәкiлеттi органының алдын ала арнайы бажды енгiзу мәселесi бойынша консультациялар өткiзу туралы сұрау салуы бойынша мұндай консультациялар алдын ала арнайы бажды енгiзу туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн басталуға тиiс.

6. Егер тергеу нәтижелерi бойынша арнайы қорғау шараларын енгiзу үшiн негiздер жоқ екені анықталса, алдын ала арнайы баж сомасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушiге қайтарылуға тиiс.

Осы тараудың мақсаты үшін төлеушілер –кедендік құқық қатынастарын реттейтін Кеден одағының нормативтік құқықтық актілеріне,  Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында сәйкес Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына шет мемлекеттерден әкелінетін, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары (оның ішінде алдын ала арнайы, алдын ала демпингтік және алдын ала өтемақы баждары) қолданылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары мен салық төлеу жөніндегі міндет жүктелген декларант немесе өзге тұлғалар болып табылады.

7. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау баж шарасын (оның ішінде импорт квотасын енгізу арқылы) қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал тергеу нәтижелері бойынша қабылданған арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала арнайы баж сомасы осы баптың 7 және 8-тармақтарының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 428-бабының 4 белгіленген тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

8. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж  мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала арнайы баж сомалары осы Кодекстің 428-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

Арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомаларынан асатын алдын ала арнайы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.

9. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж  мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баж бен алдын ала арнайы баж сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.
405-бап. Арнайы қорғау шараларын қолдану

1. Арнайы қорғау шарасы шешім бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залалды келтіру қатерін жою үшін, сондай-ақ өзгермелі экономикалық жағдайға Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.

2. Арнайы қорғау шарасы Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауардың импортын оның санына және (немесе) құнына қарай шектеу түсінілетін импорттық квотаны белгілеу арқылы қолданылуы мүмкін.

Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгiлеу арқылы қолданылса, мұндай импорттық квотаның мөлшері Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулi залалды немесе мұндай залалды келтiру қаупiн жою үшiн импорттық квотаның аз мөлшерiн белгiлеу қажеттiлiгi жағдайларын қоспағанда, алдыңғы кезеңде жүргізілген тергеу объектiсi болып табылатын тауар импортының (сан немесе құн түрінде көрсетілген) орташа жылдық көлемiнен төмен болмауы тиiс.

Алдыңғы кезең деп қажетті статистикалық деректер бар тергеу туралы өтінішті берген күннен тікелей алдыңғы күнтізбелік үш жыл түсініледі.

3. Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асыруға мүдделі экспорттаушы шет мемлекеттер арасындағы импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасында импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу үшін мүмкіндік беріледі.

4. Егер осы баптың 3-тармағында көзделген импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу мүмкін болмайтын немесе аталған консультациялар барысында мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда импорттық квота сандық немесе құндық көріністегі осы тауар импортының жалпы көлемі негізіндегі тергеу жүргізуге өтінішті беру күнін алдындағы күнтізбелік 3 жыл үшін экспорттаушы шетел мемлекетінен осы тауардың импорты кезінде қалыптасқан шамада тергеу объектісі болып табылатын тауарды Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына экспортқа мүдделігі бар экспорттаушы шетел мемлекеттерінің арасында бөлінеді.

Бұл ретте осы тауардың саудасы барысына ықпал етуі мүмкін немесе ықпал ете алатын кез келген ерекше факторлар есепке алынады.

5. Егер жекелеген экспорттаушы мемлекеттерден шетел мемлекеттерінің тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының өсуіне қатысты процентте статистикалық деректері бар өтінішті беру күніне келетін 3 жыл үшін осы тауар импортының жалпы өсуіне қатысты тең еместей ұлғайған жағдайда осындай мемлекеттерден Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осы тауардың импорты өсуінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері ескеріле отырып, мұндай мемлекеттер арасындағы импорттық квотаны бөле алады.

Осы тармақтың ережелері тергеу жүргізетін орган Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасының саласына елеулі залалдың болуын анықтаған жағдайда ғана қолданылады.

6. Импорттық квота көлемін бөлу Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінде көзделген жағдайларда осы бапқа және (немесе) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Импорттық квота көлемін бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

7. Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына арнайы қорғау шаралары ретінде импорттық квотаны белгілеу туралы шешім қабылданған тауардың импорты импортына сандық шектеулер белгіленген тауарлар үшін Кеден одағының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.


406-бап. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және қайта қарау

1. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, 4 жылдан аспауға тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі, егер тергеу жүргізетін орган жүргізген қайта тергеу нәтижесі бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залал келтіру қаупі жою үшін арнайы қорғау шараларын қолдану мерзімі ұзартылуы қажет және өзгермелі экономикалық жағдайларға осы саланың бейімделуіне жәрдемдесетін Кеден одағына мүше мемлекеттері экономика тиісті саласымен шаралар қолданылу туралы дәлелдемелер бар екендігін белгіленсе, тергеу жүргізетін органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

Қайта тергеу деп арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасы қолданылатын тауар бойынша қайта жүргізілетін тергеу түсініледі.

Тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайта тергеу жүргізу кезінде тергеу жүргізуге қатысты ережелер қолданылады.

3. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдауы кезінде мұндай шара арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдау күніне қолданылатын арнайы қорғау шарасынан аса шектелмеуге тиіс.

4. Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі бір жылдан асқан жағдайда, осындай шараның қолданылу мерзімі ішіндегі тең уақыт аралығымен осындай арнайы қорғау шарасы біртіндеп жеңілдетіледі.

Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі 3 жылдан асқан жағдайда, мұндай шараның қолданылу мерзімінің жартысы аяқталғаннан кейін тергеу жүргізетін орган нәтижесінде арнайы қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе жойылуы мүмкін қайта тергеуді жүргізеді.

Осы баптың мақсаттары үшін арнайы қорғау шарасын жеңілдету деп импорттық квотаның көлемін ұлғайту немесе арнайы баждың ставкасын төмендету түсініледі.

5. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзімі 8 жылдан аспауға тиіс.

6. Арнайы қорғау шарасы бұрынғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде оған бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылған тауарға қайта қолданылуы мүмкін емес. Бұл ретте, бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім 2 жылдан кем болуы мүмкін емес.

7. Осы баптың 6-тармағында белгіленген ережелерге қарамастан қолданылу мерзімі 180 немесе одан аз күнді құрайтын арнайы қорғау шарасы, егер алдыңғы арнайы қорғау шарасын енгізген күннен бастап кемінде бір жыл өтсе және арнайы қорғау шарасы жаңа арнайы қорғау шарасын енгізген күннің тікелей алдындағы 5 жыл ішінде 2 реттен астам мұндай тауарға қолданылмаса, сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.


3-параграф. Демпингке қарсы шаралар
407-бап. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары

1. Егер тергеу нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осындай тауардың импорты Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қаупін тудыратыны немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының құрылуын елеулі түрде тежейтіндігі белгіленсе демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға демпингке қарсы шара қолданылуы мүмкін.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал деп атап айтқанда Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндiрiсi көлемiнiң және Кеден одағына мүше мемлекеттердiң нарығында оны өткiзу көлемiнiң қысқаруымен, мұндай тауар өндiрiсi рентабельдiлiгiнiң төмендеуiмен, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейiне және Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейiне келеңсiз әсер етумен байқалатын Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының дәлелдермен расталған нашарлауы түсініледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіру қауіпі деп Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы түсініледі.

2. Тауар, егер осындай тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты құнынан төмен болса, демпингтік импорттың мәні болып табылады. Экспорттық баға деп Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауардың импорты кезінде шетел өндірушілерімен немесе экспорттаушыларымен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушылар төлеген немесе төлеуге тиіс баға түсініледі.

3. Демпингтік импорттың болуын анықтау мақсатында мәліметтер талданатын тергеу кезеңін тергеу жүргізетін орган белгілейді.

Бұл ретте мұндай кезең мақсаттары үшін тергеу кезеңі, әдетте тергеу жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 12 айға тең мерзімге белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда 6 айдан кем болмауға тиіс.
408-бап. Демпингтік маржаны айқындау

1. Демпингтік маржа – тауардың экспорттық бағасын шегергенде мұндай тауардың оның экспорттық бағасына қалыпты құнының пайызымен көрсетілген қатынасы не тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген айырмасы.

2. Тергеу жүргізетін орган мыналарды:

1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;

2) жеке мәмілелер бойынша тауарлардың экспорттық бағаларының жеке мәмілелері бойынша тауарлардың қалыпты құнымен;

3) сатып алушыларға, өңірге немесе тауарды жеткізу кезеңіне байланысты тауардың бағасында елеулі ерекшеліктер болған жағдайда тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен тауардың орташа өлшенген қалыпты құнымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.

3. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру сауда операциясының сол сатысында және бір уақытта мүмкіндігі бойынша орын алған тауарды сату жағдайына қатысты жүзеге асырылады.

4. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру кезінде бағаның салыстырмалығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның  ішінде, жеткізулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларын, сауда операциялары кезеңдерінің, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағаның салыстырмалығына олардың әсер етуін айғақтауы берілетін басқа кез келген айырмашылықтарды ескере отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.

Тергеу жүргізетін орган жоғарыда аталған факторлар ескерілген түзетулер тауардың қалыпты құнымен экспорттық бағаны салыстыру нәтижесін бұрмалай отырып, бір-бірін қайталамайтындығына көз жеткізеді.

Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін, тергеу жүргізетін орган қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалардан сұратуға құқылы.

5. Экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатып алу-сату мәмілесі болмаған жағдайда немесе, егер сауданың кәдімгі барысы кезінде ұқсас тауарды сатудың төменгі көлемінің күшіне немесе экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы ерекше жағдай күшіне экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сату кезінде тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауардың экспорттық бағасы ұқсас тауардың бағасы репрезентативтік болып табылатын жағдайда, экспорттаушы шетел мемлекетінен басқа шет мемлекетке импортталатын ұқсас тауар бағасымен немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды және пайданы ескере отырып, оның шығу еліндегі тауар өндірісінің шығынымен салыстырылады.

Сауданың кәдімгі барысы деп өндірістің орташа өлшемді шығындарына және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығындарға негізделе отырып айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы шет мемлекеттің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату түсініледі.

6. Егер тауар оның шығу елі болып табылмайтын шетел мемлекетінен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталған жағдайда, осындай тауардың экспорттық бағасы шетел мемлекеттің нарығындағы ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылады.

Тауардың экспорттық бағасын салыстыру, егер осы тауар Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына экспортталып, шетел мемлекеті арқылы қайта жіберілсе ғана немесе мұндай тауарды өндіру осы шетел мемлекетінде жүзеге асырылмаса не онда ұқсас тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығу елінде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен жүргізілуі мүмкін.

7. Егер, тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде олардың шамасын бір валютадан екіншісіне қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу валютаның тауарды сату күніндегі ресми бағамын пайдаланып, жүргізіледі.

Егер шетелдік валютаны сату тауарды тиісті экспорттық жеткізумен тікелей байланысты болған және мерзімінде жүзеге асырылған жағдайда, мерзімде валютаны сату кезінде қолданылатын валюта бағамы қолданылады.

Тергеу жүргізетін орган валюта бағамының ауытқуын ескермейді және тергеу барысында экспорттаушыларға тергеу кезеңінде валюта бағамдарының тұрақты өзгерістерін ескере отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін кемінде күнтізбелік 60 күннен береді.

8. Тергеу жүргізетін орган, әдетте, жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындайды.

9. Егер тергеу жүргізетін орган тауарларды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әр түрлілігі немесе қандай да бір басқа себеп бойынша тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, ол мүдделі тұлғалардың қолайлы санынан шығатын жеке демпингтік маржаны айқындау шектігін пайдалануы немесе статистикалық репрезентативтік және тергеу барысын бұзбай зерттелуі мүмкін болып табылатын тергеу жүргізетін органның иелігіндегі бар ақпарат бойынша әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен тауарды таңдауға қатысты демпингтік маржаны айқындауы мүмкін.

Осы тармақтың ережелерінде белгіленген жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеу мақсаты үшін мүдделі тұлғаларды іріктеуді тергеу объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың, өндірушілердің және импорттаушылардың консультациясы негізінде және олардың келісімімен тергеу жүргізетін орган жүзеге асырады.

Егер тергеу жүргізетін орган осы тармақтың ережелеріне сәйкес шектеуді пайдаланса, шетелдік экспорттаушылар және (немесе) шетелдік өндірушілер санының көптігінен тергеу жүргізу органының тиісті тергеу жүргізу мерзімін бұзуға әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, бастапқыда таңдалмаған, бірақ қажетті мәліметтерді қараудың белгіленген мерзімінде оларды ұсынған әрбір шетелдік экспорттаушыға немесе шетелдік өндірушіге қатысты жеке демпингтік маржаны айқындайды.

Осындай шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) шетелдік өндірушілердің ерікті түрде ұсынған жауаптарын тергеу жүргізетін орган қайтармауға тиіс.

10. Егер тергеуді жүргізетін орган осы баптың 8-тармағына сәйкес жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеуді пайдаланса, жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ тергеу барысында осы үшін белгіленген мерзімде қажетті мәліметтерді ұсынған демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалған демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауы тиіс.

11. Егер тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші тергеу жүргізетін органға талап ету түрінде және белгіленген мерзімде сұралған ақпаратты бермесе немесе олар берген ақпарат тексеріле алмайтын не шындыққа сәйкес келмейтін жағдайда, тергеу жүргізетін орган оның иелігіндегі басқа қолда бар ақпараттың негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.

12. Жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, тергеу жүргізетін орган тергеу барысында белгіленген ең жоғары демпингтік маржаның негізінде тергеу объектісі болып табылатын тауардың барлық басқа экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет