Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


-бап. Сот талқылауына қатысатын адамдардың



бет9/42
Дата25.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#157316
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
98-бап. Сот талқылауына қатысатын адамдардың
               қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

      1. Төрағалық етушi сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн соттың жабық отырысын өткiзедi, сондай-ақ осы Кодекстiң 97-бабының бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген шараларды қолданады.


      2. Сот қорғалатын адамның, айыптаушы тараптың өтiнiшхаты бойынша, сондай-ақ адамның, оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында өз бастамасы бойынша куәдан:
      1) қорғалатын адамның жеке басы туралы деректердi жарияламастан, бүркеншiк атты пайдалана отырып;
      2) қалған қатысушылардың қорғалатын адамды дауысы, акценті және сыртқы белгілері: жынысы, ұлты, жасы, бойы, дене бітімі, мүсіні, жүрісі бойынша тануы мүмкін болмайтын жағдайларда;
      3) оны сот талқылауына басқа қатысушылардың көзiне көрсетпей, оның ішінде бейнебайланыс арқылы да, жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы.
      Судья қорғалатын адамның негізгі іс жүргізуден бөлектелген сауалнамалық деректерін және жеке басын куәландыратын құжаттарын жария етпестен, сот отырысының өзге қатысушыларына, оның ішінде сот отырысының хатшысына ұсынбастан және сот отырысының хаттамасында және (немесе) сот актілерінде көрсетпестен, олармен танысу арқылы жауап алынатын адамның жеке басына жеке өзі көз жеткізеді.
      3. Төрағалық етуші:
      1) бейне-, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды түсіріп алудың өзге тәсілдерін жүргізуге тыйым салуға;
      2) сот отырысы залынан адвокатты қоспағанда, сотталушыны, қорғаушы тараптың өкілдерін шығарып жіберуге құқылы.
      4. Сот процеске қатысушылардың қандай да бiреуi болмағанда немесе олардың көзбен көрiп отыруынан тыс жауап алған қорғалатын адамның айғағын төрағалық етушi осы қорғалатын адам туралы мәлiметтерді көрсетпестен, сотта барлық қатысушылар қатысып отырған кезде хабарлайды.
      5. Қажет болған жағдайларда, сот процеске қатысушылардың және заңда көзделген өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа да шараларды қолданады.
      6. Сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы сот қаулысын орындау қылмыстық қудалау органдарына, жазаны орындайтын мекемеге немесе органға, сондай-ақ сот приставына жүктеледi.

13-тарау. ӨТІНІШХАТТАР. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ


ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ
ӘРЕКЕТТЕРІ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІ) МЕН ШЕШІМДЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ

      99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын


               қараудың мiндеттiлiгi

      1. Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы.


      2. Өтiнiшхаттар процестiң кез келген сатысында мәлiмделуi мүмкiн. Өтiнiшхатты мәлімдеген тұлға қандай мән-жайларды анықтау үшiн әрекет жүргiзудi немесе шешiм қабылдауды өтінетінін көрсетуге тиiс. Жазбаша өтiнiшхаттар қылмыстық істің материалдарына қоса тiгiледi, ауызша өтiнiшхаттар тергеу әрекетiнiң немесе сот отырысының хаттамасына енгізiледi.
      3. Өтiнiшхаттың қабылданбауы оны қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң келесi кезеңдерiнде қайталап мәлімдеуге немесе қылмыстық процестi жүргізетін басқа орган алдында мәлімдеуге кедергi келтiрмейдi.
      4. Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.
      5. Егер өтінішхат iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге, процеске қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге ықпал ететін болса, ол қанағаттандырылуға тиiс. Өзге жағдайларда өтiнiшхатты қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкiн. Қылмыстық процесті жүргізетін орган келуін тараптар қамтамасыз еткен адамдардан мамандар немесе куәлар ретінде жауап алу туралы өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес. Қылмыстық процесті жүргізетін орган тараптың көрсеткен адамдарының жауап алуға келуін қамтамасыз етуіне жәрдем көрсетуге, оның ішінде заңда көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, жәрдем көрсетуге міндетті.
      6. Қылмыстық процестi жүргізетін орган өтiнiшхатты қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тарту туралы уәждi қаулы шығарып, ол өтiнiшхатты мәлімдеген тұлғаға жеткiзiледi. Өтiнiшхат жөнiндегi шешiмге осы Кодексте белгiленген шағым беру мен оны қараудың жалпы қағидалары бойынша шағым жасалуы мүмкiн.

      100-бап. Органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен


               әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

      1. Егер жүргiзiлген процестік әрекеттер процеске қатысушылардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғайтын болса, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың немесе судьяның шешiмдерi мен әрекеттерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.


      2. Шағымдар осы қылмыстық iс бойынша шағымдарды қарауға және шешiм қабылдауға заңмен уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға берiледi.
      3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкiн. Ауызша шағымдар арыз иесі және шағымды қабылдап алған лауазымды адам қол қоятын хаттамаға кiргiзiледi. Тиiстi лауазымды адамдардың қабылдауында азаматтар ауызша айтқан шағымдар жазбаша түрде ұсынылатын шағымдармен бірдей жалпы негiзде шешiледi. Шағымға қосымша материалдар қоса тiркелуi мүмкiн.
      4. Қылмыстық процесс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамның шағымды ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде беру құқығы қамтамасыз етiледi.
      5. Шағым берген тұлға оны кері қайтарып алуға құқылы. Күдікті, айыпталушы қорғаушының шағымын кері қайтарып алуға құқылы; азаматтық талапкер, жәбiрленушi (жекеше айыптаушы), азаматтық жауапкер өзінің заңды өкiлден басқа өкiлiнiң шағымын кері қайтарып алуға құқылы. Күдіктінің, айыпталушының мүддесінде берiлген шағым тек солардың келiсуiмен ғана кері қайтарылып алынуы мүмкiн. Шағымды кері қайтарып алу, осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 102-бабында көрсетiлген мерзiмдер өткенге дейiн оны қайтадан беруге кедергi келтiрмейдi.

      101-бап. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын


                адамдардың шағым жолдау тәртiбi

      1. Алдын ала қамауға алу орындарының әкiмшiлiгi қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған немесе бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұсталатын адамдардың қылмыстық процестi жүргізетін органға жолданған шағымдарын оған дереу беруге мiндеттi.


      2. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын адамдардың азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлеріне, сондай-ақ тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органы бастығының әрекеттерiне немесе шешiмдерiне шағымдарын қамауға алу орындарының әкiмшiлiгi – дереу прокурорға, ал прокурордың әрекеттерi мен шешiмдеріне шағымдарды жоғары тұрған прокурорға беруге мiндеттi. Өзге шағымдарды қамауға алу орындарының әкiмшiлiгi олар келiп түскен кезден бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей іс жүргізуінде іс жатқан адамға немесе органға бередi.

      102-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi

      Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе соттың әрекеттерiне және шешiмдерiне шағымдар сотқа дейінгі бүкіл тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында берілуі мүмкін. Қылмыстық істі сотқа дейінгі сатыда тоқтату туралы шешімге шағымдар қылмыстық қудалау органының тиісті қаулысы шығарылған не оны прокурор бекіткен кезден бастап бір жыл ішінде берілуі мүмкін. Бiрiншi, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттар шығарған сот актілеріне шағымдар осы Кодексте белгiленген мерзiмдерде берiледi.

      103-бап. Шағым берiлуiне байланысты шешiмнiң орындалуын


                тоқтата тұру

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда шағым беру шағым жасалған шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады. Өзге жағдайларда шағым келтіру, егер шағымды қараушы адам осыны қажет деп тапса, шағым жасалған шешiмнiң орындалуын тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкiн.

      104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi

      1. Шағымды қарауды өздерінің әрекеттерiне шағым жасалған анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға немесе судьяға, сол сияқты шағым жасалған шешiмдi бекiткен лауазымды адамға тапсыруға тыйым салынады.


      2. Прокурор немесе судья шағымды қарай отырып, онда жазылған барлық дәлелдердi тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиiстi лауазымды адамдардан, жеке немесе заңды тұлғалардан шағым жасалған әрекеттер мен шешiмдерге қатысты жазбаша түсiнiктемелер алуға мiндеттi.
      3. Шағымды қараушы прокурор немесе судья өз өкiлеттiктерi шегiнде қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге дереу шара қолдануға мiндеттi.
      4. Егер шағым жасалған, құқыққа сыйымсыз iс-әрекеттермен немесе шешiмдермен жеке немесе заңды тұлғаға моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян келтiрiлсе, оған осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген зиянның өтелуіне немесе жойылуына құқығы және сол құқықты жүзеге асырудың тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс.

      105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын


                адамдардың, прокурордың әрекеттеріне
                (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды
                қарау тәртiбi

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдар прокурорға берiледi. Прокурордың әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдар жоғары тұрған прокурорға берiледi. Өзiнiң жеке әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым түскен лауазымды адам шағымды өзiнiң түсiнiктемесiмен бiрге дереу тиiстi прокурорға жіберуге мiндеттi. Егер лауазымды адам шағымды негiздi деп есептесе, онда ол шағым жасалған әрекетiн (әрекетсіздігін) тоқтатады немесе шағым жасалған шешiмінің күшін жояды, бұл туралы прокурорға хабарлайды.


      2. Прокурор шағымды алған кезден бастап жеті тәулiк iшiнде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге мiндеттi. Ұстап алу, тiнту, алу, мүлікке тыйым салу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымынан шеттету кезiнде заңды бұзу, сондай-ақ азаптауды, зорлық-зомбылықты қолдану, қорқыту не қорғалу құқығын бұзу туралы шағымдар оларды алған кезден бастап үш тәулiк iшiнде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшiн қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қолдану қажет болатын айрықша жағдайларда, шағым берген тұлғаға ол туралы хабарлай отырып, шағымды он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмде қарауға жол берiледi.
      3. Шағымды қарау нәтижесiнде шағым жасалған шешiмнің күшін жойып немесе шешімді өзгертіп, шағымды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте, егер бұрын шығарылған шешiм шағым берген тұлғаның немесе соның мүддесіне орай шағым берiлген тұлғаның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын болса, оны өзгертуге болмайды.
      4. Шағым берген тұлға шағым бойынша қабылданған шешiм және одан әрi шағым жасау тәртiбi туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиiс.

      106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының


                әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне
                жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі

      1. Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы. Шағымды осы баптың тәртібімен қарау кезінде сот осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша шешкен кезде сот қарауының нысанасы болып табылуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс.


      2. Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.
      3. Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау (әрекетсіздік) және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектеледі.
      4. Шағым келтіру шағым жасалып отырған әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
      5. Шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.
      6. Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысының барысында хаттама жүргізіледі. Қажет болған кезде тергеу судьясы қосымша материалдарды талап етіп алдырып, тиісті тұлғаларды шақыруға және олардан сұрақ алуға құқылы. Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар соттың сұрау салуы бойынша үш тәулік ішінде мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа ұсынуға міндетті.
      7. Сот отырысын өткізу кезінде тергеу судьясы қандай шағымның қаралуға жататынын хабарлайды, осыдан кейін, егер арыз иесі сот отырысына қатысып отырған болса, ол шағымды негіздейді, содан соң басқа да келген адамдар тыңдалады, олар сотқа дәлелдемелер беруге құқылы. Шағым жасалған әрекеттердің (әрекетсіздіктің) немесе шешімдердің заңдылығын дәлелдеу ауыртпалығы оларды жасаған немесе қабылдаған тұлғаға жүктеледі.
      8. Тергеу судьясы шағымды қарау нәтижелері бойынша:
      1) заңсыз деп танылған процестік шешімнің күшін жою туралы;
      2) тиісті лауазымды адамның әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп және оның жол берілген бұзушылықты жою міндетін тану туралы;
      3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;
      4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тиісті қаулы шығарады.

      107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына шағым жасау,


                наразылық білдіру

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі тергеу судьясының мынадай:


      1) күдіктіні күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақ, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы;
      2) күдіктіні күзетпен ұстауға, экстрадициялық қамаққа, үйқамаққа, кепілге санкция беруден бас тарту немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзартудан бас тарту туралы;
      3) санкцияланған бұлтартпау шарасының күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы;
      4) мүлікке тыйым салу не тыйым салудан бас тарту туралы;
      5) эксгумациялау не одан бас тарту туралы;
      6) халықаралық іздестіру жариялау не одан бас тарту туралы;
      7) сот-медициналық және (немесе) сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін адамды медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру не одан бас тарту туралы;
      8) кепіл нысанасын мемлекет кірісіне айналдыру немесе одан бас тарту туралы;
      9) прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі қаулысына шағым жасауға, ал прокурор наразылық білдіруге құқылы.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақты 10) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқаенгізіледі).
      2. Тергеу судьясының осы баптың қағидаларына сәйкес шығарылған қаулысына ол жария етілген кезден бастап үш тәулік ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар – тергеу судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа шағым жасауы, сондай-ақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Дәлелді себеппен өткізіліп алынған мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 50-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Шағым беру немесе наразылық келтіру осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 8) және 10) тармақтарында және осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 7) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша қаулыда көрсетілген шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
      4. Шағым жасауға, наразылық білдіруге арналған мерзім өткеннен кейін материалдар шағыммен, наразылықпен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіліп, бұл туралы арыз иесіне және әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасалған тұлғаға және прокурорға хабарланады. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімі түпкілікті болып табылады.
      5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, наразылық сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
      Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
      6. Жабық сот отырысына прокурор және күдіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа, сондай-ақ күдікті, оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі мен шағым жасалған шешімде құқықтары мен мүдделері қозғалатын басқа тұлғалар да қатыса алады, шағымның, наразылықтың қаралатын уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы соттың шағымды, наразылықты қарауына кедергі болмайды.
      7. Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап:
      1) аудандық немесе оған теңестірілген соттың тергеу судьясының қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы;
      2) тергеу судьясының қаулысын өзгерту туралы;
      3) тергеу судьясы қаулысының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы уәжді қаулылардың бірін шығарады.
      8. Сот қаулысының көшірмесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, сондай-ақ прокурорға, күдіктіге, қорғаушыға және адамды күзетпен ұстау орыны әкімшілігінің өкіліне жіберіледі және дереу орындалуға жатады.
      9. Шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасады деп айыпталған немесе сотталған адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау және оның заңдылығы мен негізділігін соттың тексеруі осы Кодекстің 92-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      108-бап. Соттың үкіміне, қаулыларына шағымдар,


                наразылықтар

      Бірінші сатыдағы соттардың үкіміне, қаулысына шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің 48-тарауының қағидаларына сәйкес беріледі. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтінішхаттар осы Кодекстің 50және 52-тарауларында белгіленген қағидаларға сәйкес беріледі.

14-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР ТУРАЛЫ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      109-бап. Процеске қатысушы деп тануды талап ету құқығы

      1. Қылмыстық процестiң қатысушысы болып табылмайтын адамдардың осы Кодексте көзделген негiздер болған кезде, өздерін күдіктілер, жәбiрленушiлер, жекеше айыптаушылар, азаматтық талапкерлер, азаматтық жауапкерлер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi деп тануды талап етуге құқығы бар. Көрсетілген адамдардың арыздарын (өтiнiшхаттарын) қылмыстық процестi жүргізетін орган оларды алған кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрмей қарауға тиiс. Қабылданған шешiм туралы арыз иесі дереу хабардар етіледі, оған тиiстi қаулының көшiрмесi жiберiледі.
      2. Арыз иесі өз өтiнiшхатын қанағаттандырудан бас тартылуына немесе оны шешудiң кейiнге қалдырылуына тиiстi қаулының көшiрмесiн алғаннан кейiн бес тәулiктiң iшiнде прокурорға, сотқа шағым жасауға құқылы. Егер қаулының көшiрмесi шағым берiлген кезден бастап он тәулiктiң iшiнде алынбаса, арыз иесі осы әрекетсіздікке сотқа шағым жасауға немесе өзін процеске қатысушы деп тану туралы арызбен прокурорға өтініш жасауға құқылы.
      Егер қайтыс болған немесе қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан өз еркiн саналы түрде бiлдiру қабiлетiн жоғалтқан адамның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) оның құқықтық мирасқоры болғысы келсе, өзiн жәбiрленушi деп тануды талап ете алады. Көрсетілген өтінішхатты қылмыстық процестi жүргізетін орган осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен қарайды.

      110-бап. Қылмыстық процеске қатысатын адамдарға құқықтары


                мен мiндеттерiн түсiндiру және оларды жүзеге
                асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мiндетi

      1. Қылмыстық процеске қатысатын әрбiр адамның өз құқықтары мен мiндеттерiн, өзі таңдаған ұстанымның құқықтық салдарын бiлуге, сондай-ақ өзінің қатысуымен өтiп жатқан процестік әрекеттердiң мәні және өзіне танысу үшiн ұсынылған қылмыстық iс материалдарының мазмұны бойынша түсіндірме алуға құқығы бар.


      2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын әрбiр адамға оған тиесiлi құқықтар мен оған жүктелген мiндеттердi, оның ішінде кәмелетке толмағандар қатысқан істер бойынша – олардың өкілдеріне істі кәмелетке толмағанның істері жөніндегі мамандандырылған сотта не кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша сотта қарату құқығын түсiндiруге, оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн осы Кодексте көзделген тәртiппен қамтамасыз етуге тиiс. Қылмыстық процестi жүргізетін орган адамның өтiнуi бойынша оның құқықтары мен мiндеттерiн қайталап түсiндiруге мiндеттi.
      3. Қылмыстық процестi жүргізетін орган процеске қатысушыларға қарсылық білдіру мәлiмделуi мүмкiн адамдардың тегiн және олар туралы басқа да қажеттi деректердi хабарлауға мiндеттi.
      4. Қылмыстық процеске қатысушы жағдайына ие болған адамға ол қатысатын процестік әрекеттi жүргізу басталғанға дейiн және ол процеске қатысушы ретiнде қандай да бір ұстанымын бiлдiргенге дейiн оның құқықтары мен мiндеттерi мiндеттi түрде түсiндiрiледi. Сот отырысына келген процеске қатысушыға сот оған тиесiлi құқықтар мен оған жүктелген мiндеттерді, олар сотқа дейiнгi тергеп-тексеру барысында түсiндiрiлмегенiне қарамастан, түсiндiруге мiндеттi.
      5. Қылмыстық процестi жүргізетін орган куәгердiң, аудармашының, маманның, сарапшының қатысуымен өтетін әрбір процестік әрекет басталар алдында олардың мiндеттерi мен құқықтарын түсiндiруге мiндеттi. Куәнiң құқықтары мен мiндеттерiн оған қылмыстық тергеу органы одан бiрiншi рет жауап алар алдында түсіндіруге және сот отырысында қайталап түсiндiруге тиіс.

3-БӨЛІМ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ

15-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР

       



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет