Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет46/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс: әшекейлеу.
Көптілділік: құмыра – кувшин –jug, моншақтар – бусы–beads, ыдыс – посуда –table-ware.
Сергіту сәті.
Бас бармағым – атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – шешем, Титтей бөбек – мен.
(Е.Өтетілеуұлы)
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалармен жұмысты талдайды. Жасаған құмыраларын әжейдің құмырасымен салыстырып көрсету.Әрқайсысының әшекейлеген жұмысына баға беру.Құмыраға байланысты «Түлкі мен тырна» ертегісін тыңдату.
23 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Кесе.
Мақсаты: мүсіндеудің созу, тегістеу, сылау сияқты техникалық әдістерін қолдануға, түстерді қабылдай білуге, ермексазды дұрыс пайдалануға үйрету.
Міндеттері:
білімдік:ыдыстың шығу тарихымен, ыдысты жасайтын материал
түрімен (тас, әйнек, ағаш, металл, қыш, пластик ) таныстыру; дамытушылық: балалардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту; тәрбиелік: балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:кесені мүсіндеуді;
түсінеді:кесенің күнделікті қажет бұйым екенін; қолданады:өрнектің түрін ермексаздан жасауды.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, слайд, үлкен экранды теледидар, әртүрлі (ағаштан, шыныдан, фарфордан жасалған) кеселер, ермексаз, тақтайша.
Сөздік жұмыс: кесе.
Көптілділік: кесе – пиала –сup, шай – чай –tea, қасық – ложка–spoon.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: Балдырған баламыз, Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріне, Сенімді боламыз.
Екі деген екі дос, Бірін-бірі қимайтын. Артық-кемді етпей сөз, Бірін-бірі сыйлайтын.
(Е.Өтетілеуұлы)
Есіктен Балдырған (қуыршақ) жылап кіреді. Педагог:
Балдырған, саған не болды, неге жылап тұрсың?
Балдырған:
–Мен таңғы асымды ішіп отырып кесемді сындырып алдым.
Педагог:
–Болды, жылама, Балдырған, біз саған кесе жасап береміз.Балалар, онда бүгін біз Балдырғанға кесе жасап берейік. Кесені біз қайдан табамыз, мүмкін бізге теледидар көмектесетін шығар. Қараңдар, қандай әдемі кеселер, осының ішінен ең әдемісін таңдап алып, сол кесені мүсіндейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет