Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »



бет14/53
Дата24.04.2016
өлшемі3.64 Mb.
#78173
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53

23. Жылқы өсіру



1. Жалпы ақпарат. Жылқы шаруашылығы – бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50 185 см, салмағы 60 1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді.

Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз – бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, түрлі ароматты заттар жинақталады. Қымыз тәбет ашады, ұйқы безінің жұмысын, ас қорыту процесін жақсартады. Сондықтан да қымыз тек сау адамдар үшін ғана бағалы өнім болып саналмайды, сонымен қатар көптеген ауруларға қатысты күшейту құралы болып табылады.



2. Жылқы тұқымдары. Жылқының 200-ден астам тұқымы бар. Ең алдымен сіз жылқыны қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алу керек. Егер сіздің мақсатыңыз – жоғары сапалы ет пен құнарлы сүт (қымыз) алу болса, онда мынадай тұқымдарға назар аудару керек: қазақы, көшім, ресейлік, мұғалжар және т.б. Сонымен қатар, акклиматизация мен осы тұқымдас жануарлардың Қазақстанның өңірлерінің табиғи климаттық жағдайларына бейімділігі секілді факторларды да ескеру қажет, өйткені аталған мәселелер жануарлардың өнімділік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

3. Өсіру. Жылқыны ұстаудың түрлері: ат қорада (жыл бойы ат қорада), атқора мен жайылымда (атқора мен көктемнен күзге дейін жайылымда), жайылымда (жыл бойы жайылымда, қыста пішенмен және концентраттармен азықтандыру арқылы). Жеткілікті түрде дамыған құлындар алу және олардың алдағы уақытта жақсы сүтті өнімдіге айналуы үшін биелерді уақытылы құлындауға (тууына) даярлаудың маңызы зор, сауын маусымында толыққанды азықпен қамтамасыз етіп, қорада ұстау қажет.

Сүтті жылқы шаруашылығының технологиясы биелерді жайылымда бос ұстау жүйесін қарастырады.

Атқораны ағаштан, кесілген бөренелерден жасаған дұрыс, бұлар жылуды жақсы сақтайды, әрі құрғақ болады. Атқоралардағы жылқыларға арналған орын өжіре (жылқылар үшін жеке «бөлмелер») және бөлініп қойылған орындар болып бөлінеді, онда жылқылар бір бірінен қоршаулармен бөлектенген күйде немесе оларсыз қатар-қатар байлаулы тұрады, сондай ақ залдық түрі–онда жылқылар атқораның жеке кең орынжайында топтастырылып ұсталады. Еденді қатты етіп жасайды, асфальтты етуге де болады. Терезе әдетте екіқабатты әйнектен тұрады. Аттақыр әрбір атқа жеке орнатылады. Биені қалың төсеніштерде ұстайды, оларды жылына 2-3 рет ауыстырады. Суалмаған және сауылатын биелер үшін атқораны биіктігі 1,7 м болатын жылжымалы қалқалармен секцияларға бөледі, олардың әрқайсысы 10 биені ұстауға есептелген болуы керек. Секцияның оңтайлы алаңы 60-70 м². Жылқыларды серуендету үшін шөптермен жабылған қоршалған алаңдар жасайды, бұны левада деп атайды. Жылқыларды баптау дегеніміз жануарларды тазалап (щеткамен), жалын, құйрығын тарап, тұяқтарын тазалап тұру. Жұмысқа салынатын жылқыларды әдетте тағалайды, бұл тұяқтарының сынып, жарақат алудан қорғайды.

4. Жылқылар үшін жем. Қорадағы кезеңде жылқылардың негізгі жемі: сұлы, арпа, қарабидай, басқа да концентратты жемдермен (кебекпен, жоммен) араластырылған жүгері қоспалары, астық бұршақтық пішен, сөлді жем (сәбіз, жартылай қантты қызылша, картоп, сүрлем), құрама жем.

Өрістегі жайылым кезеңінде жылқылар үшін ең қажетті жем– өрістегі көк шөп немесе жаңа шабылған шөп. Бұдан бөлек, жылқыларға күн сайын қайнатылған тұз береді. Берілетін жемнің мөлшері оның таза салмағына, жылқының жағдайына, оның жасына, атқаратын жұмысы мен жемнің құндылығына байланысты. Жылқыны тәулігіне 3 рет суарады.



5. Көбейту. Жылқы шағылысуға 1,5 жаста жетіледі, бірақ көбеюге шаруашылық тиімді мерзім 3-3,5 жас болып табылады; өсімі 5-6 жаста тоқтайды. Буаздық мерзімі шамамен 11 ай. Бие әдетте бір құлын туады. Суалмайтын кезеңі 6-8 ай. Биенің сүттілік өнімділігі тәулігіне 11-15 л сүт (ерекше сүттілері — 25 л-ге дейін). Бұл құлынды өсірумен қатар, сүттің едәуір бөлігін қышқыл сүт өнімдеріне жататын қымызды жасауға мүмкіндік береді.

Жұмысшы тұқымдарының құлындарын жұмысқа 2 жасынан үйретеді. Буаз биелерді күн сайын аулаға, ал ауа райы жақсы болғанда далаға 2-3 сағатқа серуендеуге жібереді. Жылқыны ет үшін 1,5-2-жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады. Жылқының өмір сүру жасы – 25-30 жыл, шаруашылықта пайдалану мерзімі – 14-15 жыл, асыл тұқымдысы – 20-25 жыл.



6. Өнімді сату. Жолға қойылған өткізу рыногы үлкен табыс табу үшін қажет. Бұл үшін бірнеше нұсқалар бар: базарда сату, газетте, интернетте жарнама беру, бәлкім, сіз өз тауарыңызды тұтастай сатып алатын, әрқашан сізбен келісімге келетін саудагер тауып қаларсыз. Сондай ақ ауылдастарыңызға жылқыны өсірумен немесе соғым сатумен айналысатыныңызды ескертіп қойыңыз.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • 1 жылқы сатып алу * 70 000-120 000 теңге.

  • жем (пішен, арпа, сұлы) = 100 000 теңге (2 жылға).

Барлығы: 170 000-220 000 теңге (өңірге байланысты).

7.2. Табыс:

Жылқы етін сату 1 кг = 1 200 теңге, бір жылқының салмағы 250 кг жетеді * 1 200 теңге = 300 000 теңге.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.zooclub.ru/horses/48-6.shtml

http://www.zooclub.ru/horses/1.shtml

24. Құндыз өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Құндыз – бұл суда жүзетін өте жылы әрі әдемі терісі бар егеуқұйрық. Құндыз терісінің түсі әртүрлі: ашық сұрдан қою қараға дейін. Ең сирек кездесетін тері өртеңі бар сұр түсті терілер, бұларға сұраныс та ерекше.

Неден бастау керек? Құндыз өсіру ерекше салым мен арнайы дайындықты қажет етпейді. Ең алдымен құндыздың не екенін және құндыз өсіру бойынша бизнесті басынан бастап ұйымдастырып, қалай одан пайда табуға болатынын біліп алу керек.

2. Тұқымдары. Біздің елімізде және шетелдерде стандартты және түстері әртүрлі құндыздарды өсіреді. Жамылғы түктің түсінен құндыздың 10 мутациясы (стандартты түстен ауытқу бойынша) мен 7 біріктірілген түрлерін ажыратуға болады.

Стандартты құндыздар ең көп тараған түрі, олар сыртқы сипаты бойынша құндыздың жабайы түріне өте ұқсас. Стандартты құндыздарда қара-қоңыр түс басымдыққа ие, ал жамылғы түктің жалпы түсі мен реңінің әртүрлілігі негізінен ұзын пішілген түктің түсімен анықталады. Олар жоғары көбейгіштігімен ерекшеленеді (5-6 күшік), жақсы аналық қасиетке ие.



3. Құндызды өсіру. Құндызды жылдың кез келген айында иеленуге болады, бірақ жануарды тасымалдау кезінде, мәселен жылдың суық мезгілінде ортаның жайлы әрі жылы болуын қамтамасыз ету керек. Өсіру барысында құндыз ерекше күтімді қажет етпейді.

Құндызды ұстауға арналған қора қопсы немесе тор жасау барысында олардың жартылай су астында жүретінін ескеру керек. Бұндай жануарларды «сусыз» ұстау тәжірибесі де кеңінен қолданылып келеді: бассейнсіз торлар айтарлықтай арзан тұрады, құндызды бағу да жеңілірек, жемге кететін шығындар да суда ұстағанға қарағанда 10-20% төмен.

Бассейнсіз де құндыздарды өсіруге болады, бірақ ондай кезде терінің сапасы жоғарғы деңгейде болмайды, өйткені жануардың оны күтетін мүмкіндігі болмайды. Суды пайдаланатын құндыздардың денсаулығы басқа жағдайда өсетіндерге қарағанда әлдеқайда мықтырақ. Қыстың күндері жануарлар құйрығы мен аяқтарын үсітіп алмас үшін бассейннен суды төгіп, оны сабанмен толтырған жөн. Қатты аяздарда үйшіктерді сабанмен немесе шөппен жауып, ішкі жүгіретін аулаларында төсеніштің көп болғаны дұрыс.

4. Құндыз жемі. Жемді тәулігіне 2 рет береді. Негізгі жем ретінде жаздың күндері көк шөп, ал қыста сабан, құнды астық түріндегі концентраттар, тамыржемістілер, көкөністер, нан өнімдерінің қалдықтары, құрама жемдер пайдаланылады. Алдымен концентраттар, сосын сулы және қатты жемдер беріледі. Көгерген, шіріген немесе топырақпен араласқан жемді қоспа түрінде де, жеке де беруге болмайды. Енесін еметін және жаңа туған кезде күніне үш рет жем беру керек.

5. Көбейту. Құндыздар көбейетін белгілі бір маусымды күтпейді. Олар жем беру мен бағудың жақсы жағдайында жыл бойы шағылыса алады. Еркектері мен ұрғашыларының шағылысу жасы әдетте 4-5 айлығында басталады. Шағылысуға жетілген ұрғашылары үнемі белсенді. Құндыздардың буаздығы орта есеппен алғанда 5-7 күндік құбылуымен 132 күнге созылады. Туулары көбінесе түнде болады және ол 20 минуттан 3-4 сағатқа созылады.

Аналықтары күшіктерін екі айға жуық емізеді. Күшіктердің барлығын бірге жеке торға немесе сол жастағы, шамамен бірдей дамыған басқа енелердің күшіктерімен бірге орналастырады.



6. Сату. Құндызды бірден бірнеше бағытта өткізуге болады. Бұл оның етін, терісін, сондай ақ өсіп келе жатқан күшіктерін сату дегенді білдіреді. Құндыздың еті қоянның етінен кем емес, ал терісі әлдеқайда құндырақ, әртүрлі түске ие, сапасы жағынан да қаракүзенге (норкаға) ұқсайды, төзімділігі жағынан тіпті олардан артық.

Құндызды өсіруге қатысты бизнесті бастау үшін әлеуетті сатып алушыларды іздеу мақсатында Сіздің қалаңыздағы барлық мейрамханаларға қоңырау шалып шығу қажет. Егер жоспарланған сұраныс байқалмаса, сіздің өніміңізді базарға ет сататын саудагерлерге өткізуге болады. Бағалы теріні тігін фабрикаларының жеткізушілеріне сатуға болады. Құндыздың жас төлі мен тауарға арналған ересек құндызды тұрақты өткізу нарығы кезінде өсіру және сату айтарлықтай табыс әкелуі мүмкін.

7. Табысты есептеу. Есептеп көрейік, құндызды өсіру жөніндегі бизнес идея қандай табыс әкеледі екен.

Құндыздың екі жұбы үшін шамамен 15 000 теңге беру қажет. Құндыздың ұрғашысында 5-6 күшіктен болады. Кемінде жылына 2-3 күшік алуға болады. Жануарды бауыздау үшін оларды 6 айлық жасқа дейін өсіру керек. Құндызда шамамен 1,5 кг ет болады, ол базарда шамамен 4 000 теңге тұрады. Яғни, 6 айдан кейін бизнестің бұл идеясы алғашқы пайдасын әкеледі, ескере кететіні, бұл тек құндыз етін сатқаннан түсетін пайда.

Мәселен, 5 құндыз * 1,5 кг * 4000 теңге = 30 000 теңге.

Бір теріні базарда 2 000-2 500 теңгеге сатуға болады, бәрі өңдеу сапасына байланысты.

Мәселен, 5 тері * 2 000 теңге = 10 000 теңге.

Шығар қорытынды, егер тек бір ғана жұп құндызды ұстасаңыз, онда 6 айдан кейін мынадай табыс алуға болады: шамамен 30 000 теңге, және жануардың терісі үшін 10 000 теңге, сомасы – 40 000 теңге. Ал егер бір ғана жұп емес, мәселен он жұп болса ше?



8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.nutree.ru/kormlenie/

http://www.zooclub.ru/mouse/nutr/7.shtml

http://yesyes.ru/business-89-page-1.html

http://prohoz.ru/vybor-nutrij-i-osobennosti-razvedeniya-nutrij/

http://businessideas.su/biznes-na-domashnih-zhivotyh/56-biznes-ideya-po-razvedeniyu-nutrij.html

http://www.bibliotekar.ru/domovodstvo-2/61.htm

http://domashnie-zhivotnye.mixblog.com.ua/426.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет