Бағдарламасы Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық»



бет2/2
Дата24.09.2023
өлшемі24.62 Kb.
#478455
түріБағдарламасы
1   2
багдарлама

Жүргізуші: Ал енді оқушылар, екі топқа бөлінесіздер, алдарыңызда плакат пен түрлі-түсті қарындаштар қойылған, осы плакатқа «Жақсылықтың бейнесін» қалай салып көрсетер едіңіздер.
Екі топ өз жұмыстарын қорғайды.
Жүргізуші:
Енді сіздермен адам бойындағы қасиеттерді анықтауға арналған психологиялық тест орындаймыз.
Жоғарыдағы суретке қарағанда ең бірінші қандай бейнені байқадыңыз?

1.Адамың басы – сіздің есте сақтау қабілетіңіз өте жақсы. Бұл өмірде өзіңізге қажетті мәліметтердің барлығын есте сақтай аласыз. Жақсы мен жаман адамдарды тез ажыратып, сізге деген көзқарасының қандай екендігін бірден анықтау қабілетіңіз бар.

2.Үй – үй шаруасын, тыныштықты, жылы қарым-қатынасты, махаббат пен мейірімділікті, ас дайындауды жақсы көретін сезімтал жансыз. Үйіңізге қонақ шақырып, дастарханды түрліше етіп безендіргенді жақсы көресіз. Достарыңызбен жиналғанда әңгіме-дүкен құруда алдыңызға жан салмайсыз.

3.Суретші – сіз шығармашылықтың адамысыз, ойыңызға келген қиялдарыңыздың барлығын жандандыра аласыз. Сіздің ең басты құралыңыз – ұшқыр қиялыңыз. Оның әрдайым дамуына жағдай жасап отырыңыз.

4.Тас – бірқалыпты өмір сүруді жақсы көретін, жаныңызға жақын адамдарға барынша адал жансыз. Өмірдің ағысымен асықпай жылжудасыз. Кейде елеулі өзгерістер де болып тұрады. Өміріңізді жаңа жылдық от шашумен салыстыруға болады. Тыныштық, артынша жойқын жарылыс.

5.Ағаштар – сіз әрдайым өсу үстіндесіз. Ақылыңыз, күш-қайратыңыз, шығармашылық белсенділігіңіз күннен-күнге толысуда. Бір орында тұрмай, дамылсыз жылжу үстіндесіз. Бұл қасиетіңізге қызғанышпен қарайтын адамдар жетерлік.
Жүргізуші:
С. Бағайдың «Жақсылық жаса» өлеңі
Жақынды, досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатыгез болу – сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды.


Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет