БАҒдарламасы өскемен қ., 2012 жыл 1 паспорт



бет11/19
Дата24.02.2016
өлшемі9.73 Mb.
#12196
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Аумақтық құрылыс


Облыста 15 аудан, 4 қала (соның ішінде облыс орталығы Өскемен қ.), 248 ауылдық округтер. Қалалардың бас жоспарлары, сондай-ақ көптеген елді мекендер жоспарлары 20-30 жыл бұрын әзірленіп, бекітілген.Олардың негізгі орналасулары қазіргі талаптарға сай емес.

Бас жоспарлармен, жеке құрылыс аудандарының бөлшектік жоспарлау жобаларымен, тарихи-мәдени мұраның демалу аймақтарының және ескерткіш орындарының бас жоспарларымен бекітілген елді мекендердің қамтамасыз етілуі қажетті деңгейде қалмайды. 799 елді мекеннен 209 елді мекен бас жоспарлары бар, 590 түзетуді қажет етеді.

2011-2015 жылдарға облыс бойынша 1402,9 млн. тенңге сомаға 137 елді мекеннің бас жоспарларын және құрылыс сұлбасын және 20 тұрғын ауданның бөлшектік жоспарлауының жобаларын әзірлеу қарасытылған.


  1. Облыстық маңызы бар қалалардың және аудан орталықтарының бас жоспарларын әзірлеу.

Бас жоспарлар бекітілді:

- тұрғындар саны 100 мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалар: Өскемен және Семей;

- тұрғындар саны 100 мыңға дейін облыстық маңызы бар қалалар: Риддер, Курчатов.

19 аудан орталықтары және облыстық маңызы бар қалалардың 14 бас жоспарларды әзірлеу аяқталды, 4 бойынша 2012 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, біреуі бойынша 2015 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Аудан орталықтарының бас жоспарлары бекітілді: Шемонаиха, Молодежное, Глубокое, Ақсуат, Үрджар, Бесқарагай, Бородулиха, Күршім, Қараул, Үлкен Нарын.


  1. Тірек ауылдардың және шағын елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу.

Сондай-ақ 2015 жылға дейін облыс бойынша 351 млн. теңге сомаға 74 шағын елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2082 қаулысын орындау үшін облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысының кадастырының ақпараттық жүйесі 5 қалада қабылданған болатын: Өскемен, Семей, Риддер, Зыря, Курчатов; 6 аудандық орталықтарда: Аягөз қ., Молодежное а., Ақсуат, Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай.

Қалалар және аудандарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына жалпы құны 269,6 млн. теңгеге 23 елді мекенде базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеу бойынша жұмыстар енгізілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1714 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасын қалыптастыруды іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында «Мекен жай регистрі» ақпараттық жүйесі» мемлекеттік мәліметтер базасын дамыту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қалыптастырудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру және «Жеке тұлға», «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік мәліметтер базасы үшін мекен жай ақпаратын, сондай-ақ басқа ақпараттық жүйелерді ұсыну.

Күшті жақтары:

Тұрғындардың тіршілігіне қолайлы орта құру үшін кешенді аумақтар құрылысы. Бұл ретте табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, зоналауды фукнциялау және бұл аймақтар аумағын пайдалануға шектеулік, экологиялық жағдайда жақсарту бойынша шаралар есебімен елді мекеннің , соның ішінде әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, қосқандағы дамуының негізгі проблемалары шешілуде.



Әлсіз жақтары

Бас жоспарлары жоқ аумақтарды жаппай салу кейіннен меншік иелерінің құқықтарын шектеуге, жердің оңтайлы игерілмеуіне, әлеуметтік объектілердің, тұрғын үйдің және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысының қымбаттауына әкеледі.



Қауіптер:

Елді мекендердің бас жоспарлар, құрылыс жобалары мен детальды жоспарлау жобаларының келісілген тәртібінде бекітілгендегіде болмаған жер телімдерін беру және объектілер салуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынады.



2.2.4.1 Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету

Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін ауыл тұрғындары өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай болып білім, денсалық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автомобиль жолдары, электрлендіру, байланыс, теледидар, Интернет жүйесі сияқты қызметтерімен қамтамасыз етілуі тиіс, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу нормативтеріне жету қажет.

Халықты денсаулық сақтаумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық аумақтарда 12 аудандық орталық аурухана, 6 - аудандық аурухана, 12 - ауылдық ауруханалар бар.

1 ауылдық ОДА, 169 ауылдық ДА, 350 МП, 82 жеке үй-жайсыз медициналық қызметкерлер бар.

Жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі ауылдық жерде 562 мектеп және онда 82 296 бала бар. Мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру 100%-ды қамтиды.

Ауылдық аумақтарда 270 кітапхана, 264 клуб және мәдениет үйлері, 1 кинотеатр қызмет көсетеді.

Облыстың 785 ауылдық елді мекенінің 225 немесе жалпы халық санынан 58,4%-ы (348937 адам) орталықтардырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген.

«ШҚО облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының титулдық тізіміне» сәйкес жергілікті маңызы бар ауылдық жолдардың жалпы ұзындығы 8 421,8 км. құрайды, оның ішінде асфальтбетондық жолдар – 175,4 шақырым, қара жамылғы – 3357,0 шақырым, қиыршық тас жамылғы – 4132,7 шақырым, грунттық – 756,7 шақырым.

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру тасымалданатын суды қолданатын 1993 адамға (Аягөз ауданының Мәдениет, Бидайық ауылдарында) су құбыры суын алуға қол жеткізді.

785 ауылдық елді мекеннің 5-і (0,6%) телефон жүйесімен қамтамасыз етілмеген.

785 ауылдық елді мекеннің 12 ауылында немесе 1,5%-да электр энергиясы жоқ, оның 5-і 50 адамман аса тұрғыны бар, 7-і 50 адамға дейінгі тұрғын тұрады.

Басты мақсатты индикаторы экономиканың динамикалық өсуі және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, даму әлуеті жоғары ауылдық елді мекендерінің санын ұлғайту болып табылады..

2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облыста 785 ауылдық елді мекенде даму әлуеті жоғары 36 ауыл (5%), даму әлуеті орташа 680 ауыл (86%) және даму әлуеті төмен 62 ауыл (8%) бар, 7-де халқы жоқ (1%).

Елді кеңеістікті-аумақты дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды жоспарына байланысты және бекітілген критерилер бойынша облыс бойынша 50 тірек ауылдық елді мекен қаралған.

Оны іске асыру кезінде тірек ауылдар тұрақты көп салалы дамуды, толық жұмыспен қамтылуды, тек өзінің ғана емес, жақын ауылдақ елді мекендердің ауылды мекендер өмірінің және сапасының жоғарылығын қамтамасыз етуі қажет.

Әрбір тірек ауыл бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін жеке сектор және халықтың қатысуы есебімен экономиканың нақты секторының, инженерлік инфрақұрлымның және ауылды абаттандыруды дамытуды іске асыруға негізгі күш бағытталатын болады. 3 тайпалы шаруашылық, 20 бордақылау алаңдары, 1 сервистік-дайындау орталықтары, 7 сою пунктері, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша 11 цех, 11 шағын-құс фабрикасы, 3 көкөніс қоймасы, жасанды себудің 5 пункті, 6 сүт-тауалы ферма, 11 ветеренарлық дәріхана құрылатын болады. Сондай-ақ, мал үстауға арналған бөлмежай, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу бойынша шеберхана салынатын болады. Халыққа тұрмыстық және сауда қызметін көрсететін нысандар пайдануға енгізілетін болады.

Мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін пайдалана отырып «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуды әрі қарай ынталандыру қажет. Қойылған міндеттерді шешу, көзделген инвестициялық жобаларды іске асыру тірек ауылдардың экономикалық әлеуетін көтеру, демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді жақсарту, ауылдың өмір сүру тіршілігін қамтамасыз ету үшін дрыс жағдай жасауға мүмкіндік берц қажет.

Мемлекеттік қолдау шаралары тіршілікті камтамыз ету инфрақұрылымының дамуына бағытталған, біріншіден ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық даму әлуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендердің дамуына.

Ауылдық жерде орташа айлық еңбекақының өсу тенденциясы байқалады.

Ауылдық жерде орташа зейнетақы мөлшері 25000 теңгеден жоғары.

Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халыққа мемлекеттік атаулы көмек көрсетіледі. Жыл сайын отбасылар және алушылар саны азайуда. 2012 жылдың 1 қаңтарына 1863 отбасы тіркелген (2011 жылдың кезеңіне сәйкес салыстырғанда аз), алушылар – 7691 адам (5009 адамға аз), орташа айлық мөлшері 2026 теңгені құрайды (83 теңгеге көп).

Ауылды мекен бойыншажұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіргендер саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 13 864 адамды құрады.Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% аз немесе 2 340 адамды құрайды. Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі бұл кезеңде 0,2 пайыздық тармаққа төмендеді – 0,9%-дан 0,7%-ге дейін.

Еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының өсуі халықтың ақшалай табысының өсуіне ықпал етеді. 2011 жылы халықтың атаулы жан басына шаққанда орташа ақшалай табысы 2010 жылмен салыстырғанда 18,6%-ға өсті және 40 484 теңгені құрады. Жан басына шаққанда орташа ақшалай табыс ауылда қаладан қарағанда орташа 30-40%-ға төмен.

Сонымен бірге, ауылда үй маңындағы шаруашылықтан ақшалай емес формадағы кіріс кең тарады. Үй шаруашылығының әрбір мүшесіне ауылдық жерде жеке шаруашылығына өндірілген өнімнен айына 3500-4000 теңгеден келеді.

Ауылда бұқаралық спортты дамыту материалды-техникалық базаның жоқтығынан проблемасы аса маңызды болып отыр. Елді мекендердегі қолда 432 спорт залдардан 421 зал жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және оқу жаттығуларын жүргізу үшін пайдаланылады. Тек 2,6 % спорт имараттары ғана барлық халықтың пайдалануы үшін қол жетімді.

Ауылды мекендегі спорт және спорт-сауықтыру имараттарының желісі олардың жеткіліксіз санымен, нашар жабдықтанумен, төмен сапамен және олардың тегізсіз орналасуымен сипатталады. Бұның салдарынан облыстың жалпы білім беру мектептерінің оқу процессінде «шаңғы дайындығы», «гимнастика» сияқты тәртіптер орындалмайды немесе толық көлемде орындалмайды.



Күшті жақтары

1. Ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады.



Әлсіз жақтары

1. әлеуметтік инфрақұрылым объектілері желілерін жеткіліксіз деңгейі, шалғай ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділіктің жоқтығы немесе қиындығы

2. Жан басына шаққанда кірістердің аумақтық бірдей бөлінбеуі

3. ауыл тұрғындарының білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне бірдеу қол жетімділігінің болмауы ауылдық жерлерде адами әлеуеттің деңгейін азайтады.



Мүмкіндіктер

1.Жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу

2. Ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту

Қауіптер

1. Ауыл халқының көшуіне байланысты халық санының азаюы


2.2.4.2. Шекаралас өңірлер


Шекаралас аудандар бұл мемлекеттік шекараға жақын мемлекет аумақтары, ерекше шекара функцияларын атқарады және осыған байланысты ерекшеліктері бар. Шекаралас жерлердің ерекшеліктерін шарттайтын басты факторы географиялық орналасуы болып табылады.

Облыстың шекаралас аудандарының әлеуеті мемлекеттік шекарадан өтумен, көлік шарттарымен, шекаралас өткелдердің және кеден бекетінің инфрақұрылымымен, сондай-ақ тұратын халық санымен байланысты игерілетін нарықтың өндірістік факторларының құнымен, инвестициялық климаттың ерекшеліктерімен анықталады.

Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде және солтүстік-шығысында Ресей Федерациясымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Шығыс Қазақстан облысының аумағы 283,4 мың кв. км. Облыс халқы - 1418,8 мың адам, соның ішінде шекаралас аудандарда - 423,3 мың адам. Облыста 9 шекаралас аудан бар:.Риддер, Бескарагай, Бородулиха, Зайсан, Катонқарғай, Тарбағатай, Үржар, Шемонаиха және Күршім аудандары.

Бүгінгі күні шекаралас аудандарда халық санының азаю беталысы байқалады, осылайша соңғы үш жылда халық саны 43,9 мың адамға немесе 2007 жылдың деңгейіне қарағанда 10 % азайған, бұл осы аудандардың дамуына кері әсер етеді.

Халық санының азаюының негізгі себептері жұмыс болмауы, тұрғындардың қалаға және жақын аудандарға көшуі, табиғи азаю, тұрмыс жағдайының болмауы болуы мүмкін.

Шекаралас аудандарда және ауылдық елді мекендерде мынадай проблемалар бар: кейбір елді мекендерде орталық сумен қамту және канализацияның болмауы, әлсіз дамыған әлеуметтік сала мен сауда.

Сонымен қатар әлсіз дамыған нарықтық инфрақұрылым себебінен қолайсыз инвестициялық климат. Сондықтан инвестиция көлемі әзірге экономиканың құрылымдық өзгеруі үшін жеткіліксіз. Нәтижесінде шекаралас саудадан кірістер ұсақ және орта жеке фирмалар қолында қалып отыр.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы нысанындағы жер аумақтарымен, туристік саланы дамыту, шекаралас сауданы дамытумен байланысты шекаралас аудандардың жоғары әлеуетті дамуын ескеру қажет.

Мысалы Риддер табиғи-рекреациондық ресурстармен сипататалады (Риддер маңы ландшафтары.).

Осы аумақта Кенді Алтайдың негізгі көрекіліктері шоғырланған, мұнда Қазақстан, ТМД және шетеле елдерінен көп туристер келеді

Өңірде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы,, Алтай ботаникалық бақшасы «Ак-кем», «Ак-Кем-Риддер», «Бумеранг», «Радуга» турклубтары, 2 тау шаңғы базасы, 4 демалыс базасы  - «Синегорье», «Климовка», «Громотуха», «Кедровка» бар.

Катонқарағай ауданында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бар.

Күршім ауданында Марқакөл ұлттық қорығы және Марқакөл көлі бар. Тұзсыз, ағынсыз Алакөл көлі Балқаш-Алакөл белдеуінде орналасқан, ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасында Үржар ауданында орналасқан.

Өңірде төрт шекаралас сауда аймағын құру жоспарланған. Олар Ресей мен Қытай шекараларында, «Майқапшағай», «Бақты», «Жезкент», «Уба» кеден бекеттерінде орналасады, олардың басты міндеті шетел әріптестермен бизнес жүргізу, Қытай мен Ресеймен тауарайналымын ұлғайту.

Қазір уақытта Бородулиха ауданында «Жезкент» кеден өткелінде шекаралас сауда және бірлескен бизнес жүргізу аймағы құрылуда, мұнда тиісті инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған жер телімдері шекаралас сауда объектілері мен бірлескен өндіріс құру үшін бөлінеді. Бұл аймақ құрылысының жобасында шекаралас сауданы жүзеге асыру үшін бөлмежайлар, әкімшілік ғимараттар, қойма бөлмежайлары, туристік инфрақұрылымды дамыту нысандары, өндірістік нысандар қарастырылған.

Сонымен қатар шекаралас ынтымақтастық инфрақұрылымын дамытуға (шекара өткелдері, бақылау-өткізу және кеден бекеттері) және көршілес елдермен бірлескен құрылыс жүргізу шараларына және пайдалануға көңіл бөлу қажет.

Барлық аталған аспектілер аудандар және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының құрамдас бөлігі ретінде шекаралас аумақтардың экономикасын көтеру мақсатында шекаралас ынтымақтастыққа көзқарасты өзгерту қажеттігін анықтайды.

Осылайша шекаралас елді мекендерде қолайлы жағдай жасау және тұрғындар санын көбейту үшін жағдай жасау қажет.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1. Көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасу.



Әлсіз жақтары:

1. Әлсіз дамыған инфрақұрылымдық және әлеуметтік сала.



Мүмкіндіктер:

1. Туристік сала мен шекаралас сауданы дамыту, жаңа келген тұрғындарға жер телімдерін беру.



Қауіптер.

1. Халық санының азаюы, ауылдық елді мекендердің құлдырауы.




      1. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

Мемлекеттік басқару

Облыстың мемлекеттік органдарының құрылымын: облыстық және 19 аудандық және қалалық мәслихат аппараттары, 281 барлық деңгейдегі әкімдік аппараттары (облыс әкімі аппараты, 19 аудандық (қалалық) әкім аппараттары, 261 аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдық округтер аппараттары), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 248 атқарушы орган және 25 орталық органның аумақтық бөлімшелері құрайды.

Облыс әкімі аппаратының қызметі әкімдіктің қызметін тек ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастыру және басқа да қолдау түрлерін қамтамасыз етуді ғана көздемейді. Қазіргі уақытта жегілікті атқарушы органдары қызметінің үйлесімділігін жақсату және тиімділігін арттыру бірінші жоспарға кіреді.

Дәл осындай мақсатпен Шығыс Қазақстан облысында «е-үкіметті» құрастырушының бірі «электронды әкімдікті» құру бойынша өңірлік бағдарламаны іске асыру басталды.

Бүгінгі күні Бірыңғай көліктік орта салынды (бұдан әрі – БКО). БКО құрамына әр түрлі дегңейдегі бюджеттердің 52 мемлекеттік мекемелері жатады. Шығыс Қазақстан облысының ішкі порталы құрылды (интернет-портал). IBM компаниясының «Lotus Notes» бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылған барлық облыс басқармаларында, өңірлік бөлімшелерде, құқық қорғау органдарында және аудандық (қалалық) әкімдіктерде электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесі енгізілді (бұдан әрі – ЭҚАБЖ).

2010 жылы облыстың мемлекетті органдарының жлпы құжат айналымы 40 885 құрады, соның ішінде: қағаз түріндегі құжаттар айналымы – 26 707 ( 65,3%), электронды – 14 178 (34,7%).

Жаңа мемлекеттік басқару жүйесін енгізу қазіргі уақытта мемлекеттік басқарманың ашықтық деңгейін көтеруді талап етеді. Осы мақсатпен облыс әкімінің блогы жұмыс істейді, мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауы жұмыс істеп, облыстық сайтта тұрғындармен тұрақты түрде сауалнама, интернет-конференциялар жүргізіледі, форум жұмыс істейді.

2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Электронды үкімет шлюзі кіші жүйесі сияқты өңірлік шлюзі» («Е-әкімдік» АЖ) ақпараттық жүйесі аясында 25 мемлекеттік қызметті электронды түрге ауыстыру жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде ақпараттық технологияларды қолдану жоғары деңгейде болып табылады, бұл туралы 17 жеке ақпараттық жүйенің болуы, бизнес-процесстерді автоматтандыру және салдар ретінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін іске асыру процессін оңтайландыру куәләндірады.

«Жалғыз терезе» принципі бойынша сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтер алу құралдарының бірі халыққа қызмет көрсету орталықтар болып табылады (бұдан әрі ХҚО).

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының ХҚО халыққа өтініштер қабылдау және құжаттар беру бойынша мемлекеттік қызметтердің 67 түрін балама және баламасыз негізде ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жағдйды SWOT-талдау нәтижелері:



Күшті жақтары

  1. ЖАО жеткілікті техникалық жабдықталуы

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін негіз бар.

  3. Электрондық қызметтер орталығығында Интернет-портал арқылы 123 электрондық қызмет: 11 интерактивті мемлекеттік қызмет, 112 виртуалдық қабылдау, 1 транзакция көрсетілуде

  4. Сайттың wap нұсқасы жұмыс істеуде;

  5. Облыстың ЖАО бірыңғай көлік ортасының болуы;

  6. Серверлік, соның ішінде резервтік бөлменің болуы;

  7. Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесінің болуы;

  8. Облыстың елді мекендерінде 153 қоғамдық қатынау пункттері жұмыс істеуде;

  9. Мемлекеттік органдардың жеке 50 сайтының болуы;

  10. Смс – мәлімдеу арқылы ұтқыр қызметтердің болуы


Әлсіз жақтары:

Жауапты мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестік тәртібін реттейтін нлрмативтік-құқықтық базаның толық жетілмегендігі



  1. Ведомствоаралық өзара әрекеттестік үшін, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестігі үшін ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық базаның жоқтығы

  2. Халықаралық тәжірибенің заманауи үздік тәжірибелерін ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу және бағалау әдіснамасының және тиімділігінің жетілдірілмегендігі

  3. Құқықтық келісілген ҚР МДҚ ықпалдандырудың жоқтығы

  4. Бизнестарды басқарудың негізгі бизнес-процестері автоматтандырылмаған

  5. Интернет-порталдағы әлеуметтік талап етілген интерактивтік, транзакциялық мемлекеттік қызметтердің саны тұрғындардың қажеттілігін жаппайды.

  6. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну процестерін жеңілдетуге бағытталған АЖ болмауы

  7. Мемлекеттік басқару саласын мониторингілеуге бағытталған АЖ болмауы

  8. «е-үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдандырудың жоқтығы

  9. БҚАЖ тек облыстық деңгейде қамтылуы

11.Қоғамдық жерлерде ҚҚП жеткіліксіз қамтылу деңгейі
Мүмкіндіктері:

  1. АКТ-саласының дамуын мемлекеттік қолдау

  2. Өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға қызығушылығы

  3. Ұялы телефондардың кеңәнен таралуы «е-әкімдікке» қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін

  4. «Е-үкіметті» құрудағы басқа елдердің халықаралық тәжірибесі

  5. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайланлыру үшін ОМО АЖ пайдалану

6. Шығыс қазақстан облысының әкімдігі «электронды үкіметті» дамыту үшін инфрақұрылымды дамытудың жоғары деңгейіне ие – біріңғай көліктік орта, құжат айналымының бірыңғай жүйесі, сервистік және желілік құрал, резервті серверлі бөлменің бар болуы, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингің сапасы.

Қауіптер:

  1. ЖАО е-үкіметтің базалық компоненттерімен ықпалдандырылуы жоқтығына байланысты интерактивтік мемлекеттік қызметтерді ұсынуға дайын еместігі

  2. Облыс халқының әлсіз ақпараттанғанына байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің сұранымсыздығы

3. Халықтың ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанбауы
Гендерлік саясат
2010 жылы облыста 1398,2 мың адам тұрған, оның 734,4 адамы әйелдер, 52,5%. Әйелдер ерлермен қатар облыстың экономикалық қызметі саласында белсенді қатысады. Барлық жалдамалы жұмысшылар қатарында әйелдердің үлесі 50,0%, бұл 2009 жыл деңгейінен 1,2% көп. Бұл орайда экономика қызметінің кейбір түрлерінде әйелдер көп. Осылай, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында барлық қамтылғандар санына 76,7% (2009 жылы – 77,1%), жұмыспен қамтылғандардың ішінен қонақ жай-ресторан бизнесі саласында – 72,8% (2009 жылы – 78,1%), білім беру – 75,3% (2009 жылы –74,1%), қаржы қызметі – 67,2% (2009 жылы – 78,8%), басқа коммуналдық, әлеуметтік және персоналдық қызмет – 62,5 % (2009 жылы – 52,9 %), сауда және үй шаруашылығын жүргізу қызметінде – 70,4 % (2009 жылы– 54,0 %).

Талдау көрсеткендей, 2010 жылы экономика саласында әйелдердің пайыздық ара қатынасы көп өзгерген жоқ, тек білім, басқа коммуналдық қызметтерде, әлеуметтік және персоналдық қызметтерде, сауда үй шаруашылығын жүргізу қызметі саласында үлесі көбейді.

Сонымен қатар ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталады. Облыс бойынша орташа алғанда ерлердің еңбек ақысы әйелдерге қарағанда 23,6% жоғары. Өнеркәсіпте, құрылыс, сауда, қаржылық қызмет және басқа қызмет салаларында әйелдердің еңбек ақысы ерлерге қарағанда 11,2-23,5 % төмен.

Бұдан басқа, әйелдер бұрынғыша еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктері төмен болып қалуда. Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 24,5 мың адам немесе 55,9 %. 2008 жылмен салыстырғанда 11,9% төмендеген.

2010 жылы ерлердің жалақысы 69260 теңге болды және 2009 жылмен салыстырғанда 11,7% өсті, әйелдердікі 14,4 % өсті, 52861 тенге. Әйелдердің орташа айлық номиналды жалақысы ерлердікіне қарағанда 76,3% (2009ж. – 73,97%).

Облыста әйелдерді саяси жылжыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат 328 депутатының 43 әйел, облыстың 74 қала және аудан әкімдері мен орынбасарларының 11 әйел, 259 аудандық маңызы бар қала ауылдық округ, кенттер әкімдері мен орынбасарларының 33 әйел.

Сонымен қатар әйелдер шешім қабылдау деңгейінде билікте жеткіліксіз қамтылған. Берілген мәліметтерге қарағанда аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде өкілетті билік органдарында әйелдер үлесі не бәрі 13,2 %, биліктің атқарушы органдарында – 35,5 %.

Әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін SWOT –талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Халықтың жалпы санынан әйелдер саны 52,5%

2. Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдер қызметі басым

3. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары



Әлсіз жақтары:

1. Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 24,5 мың адам немесе 565,9%.

2. Әйелдер шешім қабылдау деңгейінде билікте жеткіліксіз қамтылған.

3. Ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталуда.



Мүмкіндіктер:

1. Әйелдердің саяси жылжуы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді



Қауіптер:

1. Әйелдердің құқықтарын қадағаламау

2. Әйелдерді жыныстық дискриминациясы

        1. Облыс бюджеті


Облыс бюджеті бюджеттік әкімшілендірудің барлық функцияларында мемлекеттік қаржыландыру көлемінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады.

Облыс бюджетінің көлемі 2010 жылға 160,1 млрд. теңге құрады.

Республикалық бюджет трансферттері 2008 жылға қарсы 1,6 есе артты, соның ішінде нысаналы трансферттер - 2,1 есе, субвенция – в 1,4 есе. Республикалық бюджеттен трансферттер үлесі 69,7%, меншікті кірістер үлесі – 30,3%.

2008-2010 жылдардағы облыс бюджетінің құрылымы

млн. теңге



40 сурет

2009 жылы жүйе құраушы кәсіпорындардың өндірісінің төмендеуіне байланысты экономикалық дағдарыс және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР жаңа Салық кодексі енгізілуіне байланысты экономиканың шикізат емес секторына салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты 2008 жылға меншікті кірістер түсімінің 0,7 % төмендеуі байқалады.

2010 жылы экономика саласының оң өсім қарқынына қол жеткізудің және табыс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру бойынша облыста жүргізілетін жұмыстың арқасында жеке табыстар түсімдері өткен жылға 7,7% өсті.

Облыс бюджетінің шығыстары соңғы үш жылда 1,37 есе өсті және 160,1 млрд. теңгені құрады.

Облыс бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттер сақталған, әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 2010 жылы 2006 жылға 1,9 есе өсті.

2008 жылдан бастап бюджеттің қалыптасуы түрлі аймақтарда шығындық қажеттіліктерінде айырмашылықпен шартталатын бюджеттік қызметті тұтынушылар және объективті факторларға қарай шығындық қажеттіліктерді бағалау негізінде жүзеге асырылды. «Сметалық» байламнан шығындар деңгейінің айырмашылығын шарттайтын объективті факторлар есебімен формулалық сұлба бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар санына қарай ағымдағы шығындарды бағалауға көшу жүзеге асырылды (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдайлар, көліктік қол жетімділік ж»не т.б).

Облыстың бюджеттік саясаты облыстың барлық қолға алған міндеттемелерінің толық және уақытында жүзеге асырылуы үшін қаржылық ресурстардың жұмылдырылуына және дайындалуына бағытталған, және, ең алдымен, бұл әлеуметтік міндеттемелер, сонымен қатар жұмыспен қамтуды қосқанда облыс халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін бағдарлама.

Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталған, және жоспарланған шығындардың негізгі басымдығы әлеуметтік қолдау, денсаулық және білім беру, сонымен қатар сапалы дағдарыстан кейінгі облыс экономикасының өсіміне жағдай жасау болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет